Ғылым таппай мақтанба!

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы

Сабақтың мақсаты:

1.А.Құнанбаев туралы толық мағлұматалу,өлең мазмұнын түсіне отырып,негізгі ойды ашу. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін, ажырату.Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.

2.Оқушы жүрегінеАбайға деген сүйіспеншілікті ояту.

2.Міндеті:Оқушылардың ойлау,шығармашылық  ізденімпаз қабілеттері дамиды.

3.Дамытушылық: Өлеңді талдайды,мәнерлеп оқиды,ғылымға деген қызығушылығы артады.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Абайдың портреттері,кітаптары,өлең жинақтары.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Ойларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын қайталау.

Өткенді еске түсіру,сұрақ-жауап арқылы.

Қызығушылығын ояту.Сөзжұмбақ арқылы.

Жаңа сабақ:

«Абай-ақындардың ақыны» С.Торайғыров.

Ұлы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған.Бүгінгі «Ғылым таппай мақтанба» деп айтқан өлеңі ұрпағына өсиет ретінде жазылғандай.Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына ғылым,,білім,өнер, екендігін айтып өткен.

-Адам өзіне ең бірінші Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»

1.Автор туралы дерек білу.

2.Өлең мазмұнын түсіну.

3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырату.

 

Оқушыларды екі топқа бөлу:

А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет.

Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу.

Б) Өлең мазмұнына талдау.

 

-Әр топ жобамен қорғайды.

Абайдың шын аты кім?-Ибраһим

Шешесінің аты кім?-Ұлжан.

Білім адған медресесі?-Ахмет-Риза

Әжесінің аты кім?-Зере.

 

Сөздік жұмыс:

ғылым-наука

мақтанба-не гордись

ойнап босқа күлуге-время нельзя безтолку проводить

баптанба-не успокаивайся

қашық бол-остерегайся

тілеуің,өмірің алдында-вся жизнь впереди

терең ой-глубокая мысль

талап-стремление,требование

қанағат-довольствоваться,малым,скромность

болмасаң да ұқсап бақ-подражатб,быть похоким

жамндықтан жиренсең-отрекаться от плокого

жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс:

-мәнерлеп оқу.

-мазмұнын түсіндіру.

-оқушыларға оқыту.

Сұрақ-жауап:

  1. Ақын жастарды неге шақырады? – (Ғылымға,білімге,өнерге)
  2. Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?-( Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек)
  3. Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?-(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым)

Сын тұрғысынан ойлау жұмысы:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Қалай түсінесіңдер?

Ақын жасөспірімдерді білімді болуға шақырды.Әрбір адам өмірінде бір кәсіппен терең шұғылдану керек деген ойларын жеткізбекші болған.Ал ол үшін адам өзін бес нәрсеге тәрбиелеу керек дейді.

Ғылым,білім, өнер туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру арқылы.

«Кім жылдам» ойыны.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз-

Деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

«Өнерлі,білімді болу,үшін жақсы оқыған адамнан үйрену керек.Өзіңе бей-жай ұстамай,ғылым жолында қиындықтан қорықпай ұзақ еңбектеніп,өз мақсатыңа жетуге болады».

4.Дүниеде өзі,мал да өзі.

Ғылымға көңіл бөлсеңіз деген өлең жолдарын түсіндіру.

«Білімді болсаң,сол білімді тек өз басыңа жаратып қоймай,біліміңді халыққа еңбек етуге жарата біл»

Қорытындылау: Сабақты қорыта отырып,сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында

«Ребус шешу» арқылы жұмыс жасаймыз.

Абайдың шын аты кім?
Әжесінің аты кім?

Орыс досының аты кім?

Анасының аты кім?

Абай туылған жері?

 

И Б Р А Һ И М
З Е Р Е
П У Ш К И Н
Ұ Л Ж А Н
С Е М Е Й

Бағалау: Балалар бүгінгі сабаққа жақсы атсалысқандарыңызға рахмет.

Үйге тапсырма :

Ғылым таппай мақтанба өлеңінің мағынасын түсіндіру.

Өлеңді жаттап келу.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх