Сапарбаева Акмарал Али-Айдаровна
Түркістан облысы.
Түркістан қаласы.
№31 «Бастауыш мектеп-балабақша кешені»КММ
Тәрбиеші
Ұйымдастырылған іс- қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Табиғат-ана.»
Мақсаты: Ертегі желісі бойынша көктемгі табиғаттың өзгерістері туралы балалардың түсініктерін кеңейту.Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , әңгімелеу.
| ұйымдастырға -қызмет
кезендері |
Тәрбиешінің ұйымдастырған іс- қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивация-лық- қозғаушы-лық
Ұйымдастырушылық Ізденістік
Рефлексивті -коррекциялауышы: |
-Балалар көңіл күйлерің қалай ? Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту. Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді білмейміз Қуанамын менде Қуанасын сенде Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге Жарайсыңдар балалар енді бәріміз күнге қарайықшы -Күнбізге не береді? Сәуле, жарық , жылу береді Олай болса күнмен амандасып алайық. Сәндетіп даламыз Сәулетті қаламыз Сәлем күн анамыз! -Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің ұйымдастырылған іс-әрекетімізге байланысты. Бір зат бар дүниеде құшағы кең Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең Адамзат, жан жануар соның арқасында Мәңгілі көсіп өнеген. Таң мен көзін ашады Әлем нұрын шашады. -Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре ала ма? -Ал жануарлар мен өсімдіктер ше? -Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық, жылу өте қажет балалар. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ Пайдалан бас кісіде жоқ. Ал ауасыз тіршілік етуге болама? Жарайсыңдар балалар. -Балалар бүгінгі біздің оқу -қызметіміздің тақырыбы «Табиғат әлемі.» деп аталады. -Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз. -Алдымен мен сендерге Н.Жанаев атамыздың «Табиғат анамыз.» деген өлең жолдарын оқып берейін. Табиғат ол анамыз, Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз Шаттық әнге саламыз. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Өлеңде не туралы айтылған? -Табиғат екіге бөлінеді -Өлі табиғат және тірі табиғат Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз. Өлі табиғатқа ауа,су, күн, жер, тау, тастар жатады. Ал тірі табиғатқа жаны бар заттар жатқызамыз. Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады. Табиғаттың төрт жыл мезгілдері бар. Ертегі тыңдау:«Жыл мезгілдері». Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, жыл ақсақалы өмір сүріпті. Сол жыл ақсақалының төрт немере қыз бар екен. Олардың ай десе аузы, күндей жарқыраған көзідері бар екен. Дүниенің сұлулығын өздеріне дартқан сұлу қыздар болыпты. Үлкен немере қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын мінезі нәзік. Екінші немере қызының «Жаз» жарқырап, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді екен. Үшінші қыз «Күз» басқа қыздарына қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ ашық мырза екен.Ал ең кіші қызы «Қыс» алдыңдағы үш қызға қарағанда салқын қатал, ызғарлы болыпты. Қыздар бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Немере қыздарын Жыл ақсақалы шақырыпты. –Қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер- деп, немере қыздарына сынай қарапты. Қыздар дайынбыз қандай тапсырмаңыз бар дейді қыздар.Жыл ақсақалы оларға риза болады. – Ендеше, мен сендерге он екі айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, — дейді Жыл ақсақалы. Мына әр қағазға ай аттары жазылған, әрқайсысың үш-үштен алатың болыңдар, — депораулы он екі қағазды шашып тастайды… Қыздар шашылған қағаздарды таласып – тармасып алып алады. – Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарын болсын! Бірақ бір ескертерім, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,- дейді де Жыл ақсақалы кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі- көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді. Сергіту сәті: Теледидардан « Көңілді күй.» Балалар бірге көңіл көтеріп , бой жазады.
2. Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?
3. Бір жылда неше мезгіл бар?
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің соңында балаларға смайлкті сыйға тартылады. |
Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.
Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап , қимылмен көрсетеді.
-Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жер.
Күн.
-Жоқ өмір сүре алмайды.
(ауа) Жоқ.
Өлеңді бірге қайталайды. Табиғат ол анамыз,
Балалар ертегіні зейін қойып тыңдайды.
Балалар бой жазып алады.
Екі бөліктен тұрады. –Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер, тау, тастар –Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады. –Төрт мезгіл бар. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Табиғатты қорғап, оны аялау керектігін
Түсінеді: Жер бетінде қай адам баласы болсын мейлі жан-жануар болсын, өсімдік болсын қай затқада ауасыз, күнсіз, сусыз, тіршілік жоқ екенін
Қолдана алады:Ойындарға қызығушылықпен қатысады.