Тәрбиешінің кәсіби шеберлігі

Қуандық Алтынай Мақсатқызы
Мекеме: «Алпамыс-2010» балабақшасы

Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби шеберлігінің мәні, құрылымдық компоненттері және қазіргі заман талаптарына сай кәсіби құзыреттері қарастырылады. Тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жетілдірудің маңыздылығы, педагогикалық тәжірибеде қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі талданады.
Түйін сөздер: кәсіби шеберлік, тәрбиеші, мектепке дейінгі тәрбие, педагогикалық құзыреттілік, шығармашылық.

Кіріспе

Қоғам дамуы білім беру жүйесіндегі өзгерістермен тікелей байланысты. Мектепке дейінгі ұйым – тұлға қалыптастырудағы алғашқы әлеуметтік орта. Бұл кезеңде баланың тілдік, танымдық, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуда тәрбиешінің кәсіби шеберлігі айрықша рөл атқарады. Ғалымдардың пікірінше, кәсіби шеберлік – бұл педагогтің білім, білік, дағдысын тиімді қолдана отырып, бала тұлғасына тәрбиелік ықпал жасай білу қабілеті.

Негізгі бөлім

1. Кәсіби шеберліктің мәні
Кәсіби шеберлік – педагогикалық іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейі. Ол тек қана теориялық білімді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар тәрбиешінің тұлғалық-адамгершілік қасиеттерін, балалармен және ата-анамен қарым-қатынасындағы мәдениетін қамтиды. Педагогикалық зерттеулерде кәсіби шеберлік – педагогтің кәсіби мәдениеті мен шығармашылық әлеуетінің үйлесімі ретінде қарастырылады.
2. Тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің құрамдас бөліктері
Тәрбиешінің кәсіби шеберлігі бірнеше өзара байланысты компоненттерден тұрады:
•Әдістемелік құзыреттілік – оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;
•Коммуникативтік қабілет – балалармен, ата-аналармен және әріптестермен өзара сенімді қарым-қатынас орната білу;
•Шығармашылық шеберлік – инновациялық технологияларды қолдану, ойын арқылы дамыту әдістерін жетілдіру;
•Тұлғалық қасиеттер – мейірімділік, шыдамдылық, педагогикалық әдеп сақтау.
3. Қазіргі тәрбиешіден күтілетін талаптар
XXI ғасыр жағдайында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі:
•ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
•инновациялық педагогикалық әдістерді шығармашылықпен қолданатын;
•ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре білетін;
•үздіксіз кәсіби даму жолында өзін-өзі жетілдіріп отыратын маман болуы тиіс.

Қорытынды

Тәрбиешінің кәсіби шеберлігі – мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын арттырудың басты алғышарты. Кәсіби тұрғыда дамыған тәрбиеші баланың шығармашылық әлеуетін ашады, оны қоғамға бейімдейді және тұлғалық дамуына жағдай жасайды. Сондықтан педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру – білім беру жүйесінің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2010.
2.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1992.
3.Сластёнин В.А., Кузьмина Н.В. Педагогическое мастерство. – Москва: Академия, 2012.
4.ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2020.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх