Төлепберген Жамиля
Жетекшісі: Жақсылықбаева Р.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қазақ- қырғыз халқының тарихына мәңгілік із қалдырған тұңғыш ғалым – Шоқан Уәлиханов.Өзінің XIX ғасырда жарық көрген «Сібір тарихынан хаттар» еңбегінде қазақ пен сібірлік түркі халықтарының арасындағы мәдениет пен тарих туралы ғылыми еңбек.Ресей империясындағы көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын ашық түрде зерттелген тұңғыш ғалым.
«Сібір тарихынан хаттар» еңбегінде Шоқан Сібір хандығының құрылуын және шығу тегін зерттеді.Ресей империясының көшпелі халықтары туралы жазылған бұрыс деректерді жоққа шығарады.Сібір халықтары Шыңғыс ханға байланысты деген дерекпен Шоқан Уәлиханов Сібірдің түркі халықтары дала өркениетіне жататынын жеткізеді.Орыс ғалымы Герхард Миллердің айтуынша «Сібірдің еш тарихи құндылығы жоқ, сондықтан оны зерттеп опа таппаймыз», Сібірде орыстар келгенге дейін қала да, мәдениет те болмаған анда-санда қазақ пен башқұрт сияқты көшпелі жұрт оңды-солды көшіп-қонып жүретін бос жатқан аймақ» деген пікір қалдырады.Алайда Шоқан Уәлиханов Г.Миллердің бұл пікіріне қарсы шығады.Сібір халықтарының тарихын,географиялық жерін,діни-нанымдарын зерттеп орыс ғалымдарының пікірін қолдамайды.Себебі бұл пікірлер Ресей империясына бағытталған және ғылыми зерттелмеген сыни пікірлер деп жеткізеді.Ол Сібірді жаңадан зерттеп,бұрын мекен еткен халықтарына Ресей империясына тәуелді емес екендігін айқындаған тұңғыш ғалым.Ғалым Сібір халықтарының ауыз әдебиеттеріне,салт-дәстүрлеріне және тарихи шежірелеріне қолдау керектігін айтады.Бұл тарихи деректер халықтың ақиқатына қол жеткізетін алғашқы деректер деп түсіндіреді.
Бұл еңбегі арқылы Шоқан Уәлиханов бүкіл көшпелі халықтарының тарихи мұрасын жаңаша зерттеп,үлкен ғылыми жетістіктерге қол жеткізді.Ресей империясының түркі халықтарына деген озбырлығы мен әділетсіздігін әшкерлеген тұңғыш қазақ ғалымы.