Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Ибраев Ермек Исаевич
Менің жұмыс жүргізіп жатқан әдістемелік мәселем: «Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту». Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатында халқымыздың мәдени, рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оқушының бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, күнделікті қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз сабақтарымда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, сабақтағы белсенділігін арттырамын. Сабақ барысында оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін. Сабақ үстінде оқушының дене шынықтыруға деген ынтасын оятып, салауатты өмір салтына баулимын. Әр сабақта оқушыларға берілетін жаттықтыруларды өмірмен байланыстырып, дене шынықтыру сабағында оқушылармен дамыту бағытында жұмыс жасап жүрмін. Оқушылардың жұмысын толық белсендіру үшін, оқушының дене мәдениетін қалыптастырып, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойындағы физикалық және психикалық қасиеттерін толық дамытуға үйретемін. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық,тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман – мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткені мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Қызылжар ауданында ұлттық ойын ат спорты жақсы дамуда. Дене шынықтыру сабағында асық пен тоғызқұмалақты оқушылар жақсы меңгеріп, сабақтан тыс уақытта одан әрі ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, тоғызқұмалақ ойыны тез арада ойлап, жылдам қимыл жасауға әрекет етеді.
Облыс көлемінде шахматтан 4 оқушым жүлдегер болды. Махамбетов Әлиайдар, Құрметбек Арайлым, Салыкова Әлия, Хасеин Еркебұлан .
Соңғы үш жылдың білім сапасының көрсеткіштері.
Зияткерлік технолгиялар институты біліктілікті жетілдіру порталы «дене шынықтыру пәнін оқыту үдерісінде зияткерлік технологияларды қолданудың негіздері» атты республикалық біліктілікті жетілдіру курс бағдарламасын өттім. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайларындағы Қазақстандық білім беруді дамытуға инновациялық тәсілдер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысымын. Н.Қалиасқаровты еске алу құрметіне арналған волейболдан дәстүрлі турнирде ІІ-орын. Е.Нүрпейісовтың құрметіне арналған волейболдан І -орын. Волейболдан Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жарыста ІІІ – орын.