ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайханның айтуынша, Ахуалдық орталық студенттерді жатақханалардағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыс орталықтар форс-мажорлық жағдайларда тұрғын орынмен қамтамасыз етеді. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінде, дағдарыс орталығы М. Тынышпаев атындағы көлік және логистика университетінде орналастырылды.
«Сонымен қатар, барлық өңірде студенттердің мәселелерін шешу үшін студенттік омбудсмендер жұмыс жасайды. Осы күнге дейін студенттік омбудсмендерге 6 079 адам хабарласып, мәселелері шешілген», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.