Астанам – бас қалам!
Астана күніне орай балабақша бүлдіршіндеріне арналған сурет сайысы өтеді. Байқаудың мақсаты – балалардың елордаға деген сүйіспеншілігін, қиялы мен шығармашылығын сурет арқылы жеткізу. Барлық жұмыстар бағаланып, қатысушыларға дипломдар табысталады. Қатысыңыздар – Астананың мерекесін бірге қарсы алайық!