Авторы: Тажаякова Жадыра Табыловна
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойыны асық туралы түсінік беру.
Міндеті: Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Ұлттық ойындарды ойнай отырып, салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.
Күтілетін нәтиже:
Балалар қазақтың салт-дәстүрлерін біледі.
Балалар сұрақтарға жауап бере алды .
Балалар асықтың ұлттық ойын екенін біледі.
ҰІӘ жүргізілу барысы.
Амандасу.
Тосын сәт.
Балалар бүгін топқа келсем үстел үстінде қорапша тұр.
Қандай әдемі қорапша!
Осы қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік.
Қорапты айналдырып қарау, қорап ашылмайды.
Қызығушылықты ояту. (Таным дағдысы)
Балалар көріп тұрсыңдар ма , мына қорапта белгілер тұр ненің белгісі екен?
Геометриялық пішіндердің көлеңкесі.
Қане пішіндерді көлеңкесінің орнына қойып шығайық.
Міне қорап ашылды.
Балалар не көріп тұрсыңдар?
Түрлі-түсті асықтар.
Қандай әдемі асықтар!
Балалар асық жай асық емес екен, әр түстері және саны бойынша тапсырмалары бар екен.
(әр асыққа жіп байланған тапсырма болу керек)
Ой қозғау.
Балалар осы асық не екенін білеміз бе?
Ендеше мына қораптағы асықтарды стол үстіне төгіп қарайық.
Тосын сәт. АҚТ технологиясымен жұмыс. (әлеуметтік даму)
Асықтарды төгіп жатқанда аудиодан төрт түлік малдың даусы естіледі.
Ой балалар бұл ненің даусы?
Төрт түліктің малдардың даусы.
Міне балалар Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады екен.
Төрт түлік малдарға не жатады? Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе
Үлкен малдың асығы үлкен болады, ал мына кішкентай асықтар қойдан, ешкіден алынады.
Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.
Асықтың өз атаулары болады екен.
Ендеше әр асықтың атауы бойынша берілген тапсырмаларды орындаймыз ба?
1 ші асық Алтын сақа. ( қысқаша түсіндіру) (коммуникация)
Алтын сақаның тапсырмасы : Дид ойын: «Төлін тап»
Шарты: Үй жануарларының төлін табу, атау.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін сендерге сақа асығының суретін беремін, сақаның қандай асық екенін ұмытып қалмаңдар.
2-ші асық Алшы. ( қысқаша түсіндіру) (шығармашылық)
Алшының тапсырмасы: Дид ойын: «Қоржын мен асықтар»
Балалар біз екі топқа бөлініп бүк асықтың тапсырмасын орындаймыз.
1-ші топ: Асық салатын қоржынға ою жапсыру.
2-ші топ: Дид ойын: «Әдемі асықтар»
Шарты: Асықтарды әр түске бояу.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге алшы асығының суретін беремін.
3-ші асық Тәйке ( қысқаша түсіндіру) (физикалық даму, танымдық даму)
Тәйкенің тапсырмасы: Қим ойын : «Кім шапшаң». Ойын сергіту сәті ретінде өтіледі.
Шарты: Лентада түрлі -түсті асықтар жоғары –төмен ілініп тұрады. Балаларды екі топқа бөлу. Белгі берілгенде балалар асықтарды бір-бірден үзіп алып өз тобына жинау.
Ойын соңында асықтар саналып, жеңімпаз топ анықталады.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге тәйке асығының суретін беремін.
4- ші асық Бүк асық. (таным)
Бүк асығының тапсырмасы: Дид ойын: «Сан және санның қатары»
Балалар біз нешеге дейін сану білеміз? (1-5 ке дейін)
Ендеше біз 3-топқа бөлініп, асықтарды 5 ке дейін санап жинаймыз.
Шарты: 3 топқа 3 түрлі обруч қою. Обруч ішіне әр түрлі асықтар толтырып салу.
Әр топ өзіне берілген асықтарды сол түске байланысты қоржынға жинау.
1-топ: 5 қызыл асық,
2-ші топ: 5 сары асық,
3-ші топ: 5 жасыл асық жинасын.
Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін сендерге бүк асығының суретін беремін.
4- ші асық Шік асық. (физикалық даму)
Шік асығының тапсырмасы: «Алтын сақа» ойынында жеңімпазды анықтау.
Шарты: Балаларды дәлдікке, шапшаңдыққа баулу.
Педагог асықтар бекітілген құрсауды алып ортада тұрады. Әуенмен бірге балалар шеңбер бойын айналып жүреді. Педагог өлең жолдарымен:
Епті болсаң, қане байқа
Ойын аты Алтын сақа
Мықты болсаң ұтқаның
Жеңімпаз болып шыққаның
Айтып болғанда балалар, құрсауға бекітілген асықты ұстап алу, алған асықтың атауын дәл айту.
Көп асық жинаған бала жеңімпаз болады.
Қорытынды (коммуникация)
Сұрақ-жауап
Балалар бүгін біз не туралы өттік?
Асықты неден аламыз?
Қандай асық атауларын білдік?
Тақпақ. Асығым.
Ал, ойналық, балалар,
Әр асықта баға бар.
Ұта білген баланы –
Әрбір бала бағалар.
Балаларды мадақтау.
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүк– асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шік – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.