Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары

Ищанова Гулдарья Дастановна

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлігінің ақауланғанын анықтай білу және тексеру барысында алынған мағлұматтарды сапалы талдау қажет. Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Анықтау немесе диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады. Диагностикалық іс-әрекеті – түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану үрдісінде сөйлеу жүйесінің әртүрлі компоненттерінің бұзылуын анықтау мен қатар, оның сипаты, деңгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі анықталады.

Қазіргі заманғы логопедияда баланың сөйлеу тіліндегі кемшілікті неғұрлым ерте жастан түзету принципі жиі көрінеді, өйткені кез-келген сөйлеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына сондай-ақ сөйлеу тілінің ары қарайғы дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілін естіп ажырата алмаған жағдайда дыбыстық талдау мен жинақтау дағдысын меңгерту, жазуды үйрену мүмкін емес. Мектеп жасында дыбыстық анализ бен синтезді меңгеру кезінде туындайтын қиындықтар жиі дисграфияға алып келеді. Сонымен жазу мен оқуға үйретудің сәтті болуы сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жағының дамуы жағдайына да байланысты.

Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қорының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерін дұрыс қолданбау, сондай-ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады, Осыған байланысты сөйлеу тілінің құрлымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек. Ойын- мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекет түрі. Н.И.Крупская мектепке дейінгі жастағы бала үшін ойынның алатын орны ерекше деп жазған: олар үшін ойын, оқу, еңбек, тәрбиелеудің бір түрі. А.С.Макаренко да ойынның орнына үлкен мән берген: баланың ойнауға деген құштарлығы бар, соны қанағаттандыру керек. Балаға ойнау үшін уақыт беріп қана қоймай, оның бар өміріне ойынды сіңірту керек оның өмірінің барлығы бұл ойын. Ойын барысында бала қоршаған әлемнен алған әсерін, кітаптан алған әсерін көрсетеді; құрдастары мен үлкендермен қарым-қатынасы дамиды. Ойын ұжымшылдық, елестету, мақсат ұя ұмтылу, жинақылық сияқты қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Ойын барысында баланың қоршаған орта туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу, сияқты қабілеттері дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітеді. Мектепке дейінгі ойынның түрлері: дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастырушы, драматизмдар, мағыналы-рөлдік ойындар. Ойын баланың психикалық және ақыл- ой дамуына жақсы әсер етеді. Сөйлеу тіліміздегі ақаулықтар еріксіз ойынға да әсер етеді. Мұндай балаларды ойынға қосу қиындайды. Зерттеу бойынша дамымаушылығы бар балалар әлсіз, ойында алдына мақсат қоя алмайды. Олар көбіне көрермен болады немесе орындаушы рөлін алады. Күрделі дамымаушылығы бар балалар құрдастарымен ойнаудан бас тартады. Толық еместік сезім балада ұжымға деген теріс көзқарас тәрбиелеуі мүмкін. Сөйлеу тіліміздегі кемістік, қимылының бұзылысы-балалық толық қанды ойынға араласуына кедергі болады, екінші жағынан бала өз кемшілігіне аса мән береді. Сөйлеу моторикасы мен ұсақ моторикасындағы бұзылыстардың салдарынан бала ойын барысында тез шаршайды,қимыл бұзылысы, тез шаршау ұжымдық ойынға араласуы да қиындайды. Бұлардың барлығы мектеп жасындағы фонетикалық- фонематикалық дамымаушылығы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстарда ойынды қолдану керектігін көрсетеді. Логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты логопедиялық сабақта да олардың аралығында да әр түрлі ойындар қолданылады. Бірінші жағдайда ойын дұрыс сөйлеу туралы білім алуға, оларға қажетті дағдылар мен білімдерді тәрбиелеуде ұжымға деген дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруда көмектессе. Екінші жағдайда баланы іс-әрекеттің бірінші түрінен екінші түріне ауыстыруға, сондай-ақ демалуына, сабақ барысында алған білімін еш мәжбүрсіз бекітуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген; дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастыру, драматизм-ойындары, рөлдік-мағыналық. Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті- балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Оқытушы ойындар. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз,байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау. 5 жастағы бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады. Логопедиялық сабақтардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді. Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді. Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, саз балшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді. Драмалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драмалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады. Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық –рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев «Логопедия» Алматы-1996
  2. Ғ.А. Абаева. «Арнайы педагогика жэне психология иегіздері» Алматы -2014

Дефектология журналы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *