«Ақыл мен жүрек айқасы»

Автор: Нурлан Алтынай Ерболқызы
Жетекші: Арғынбаева Ардақ

Ақыл мен жүрек айқасы
Адам кейде өмірде бір сұраққа тап болады: ақылға сүйеніп шешім қабылдау керек пе, әлде жүрекке еріп, сезіммен әрекет ету дұрыс па? Ақыл – ойланып, дұрыс жолды табуға көмектеседі. Жүрек – адамның ішкі сезімін білдіреді. Бұл мақалада осы екеуінің айырмашылығы мен үйлесімі туралы айтамыз.

Ақыл – адамға ойланып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ақылды адам алдымен ойлап, сосын әрекет етеді. Ол қателік жібермей, есеппен жұмыс істейді. Бірақ кейде ақылға ғана сүйену көңілді суытып, өмірді қызықсыз етіп жіберуі мүмкін.

Жүрек – адамның сезімі. Жүрекке ерген адам – мейірімді, жақындарын жақсы көреді, шабыт алады. Бірақ тек жүрекпен өмір сүру де қиын, себебі сезіммен ғана шешім қабылдау қателікке әкелуі мүмкін.

Абай атамыз жүрек, ақыл және қайрат туралы жазған. Ол адам осы үшеуін тең ұстау керек дейді. Яғни, ақылмен ойлау, жүрекпен сезу және қайратпен іске кірісу – ең дұрыс жол.

Ақыл мен жүрек – бір-біріне қарсы емес, олар бірге жұмыс істесе жақсы болады. Ақыл жолды көрсетеді, жүрек күш береді. Екеуін бірге қолданған адам өмірде өз жолын табады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх