Автор: Бисембаева Балмекен Бегалыкызы
Мектепке дейінгі тәрбиеде ұлттық құндылықтардың рөлі
Авторы: Бисембаева Балмекен Бегалықызы
Мамандығы: Балабақша тәрбиешісі
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беру – ең маңызды міндеттердің
бірі. Әсіресе, балабақша жасындағы балаларға ұлттық құндылықтар арқылы
тәрбие беру олардың болашақ тұлғалық дамуына зор әсер етеді.
Ұлттық тәрбие – ата-бабадан қалған асыл мұра. Халқымыздың салт-дәстүрлері,
мақал-мәтелдері, әдет-ғұрыптары – бала бойына имандылық пен адамгершілікті
сіңірудің негізі. Мектепке дейінгі ұйымдарда осы құндылықтарды тәрбие
үдерісіне енгізу арқылы балалардың елжандылық қасиеттерін дамытуға болады.
Балаларға ертегілер айту, ұлттық ойындар ойнату, домбыра үнімен таныстыру –
олардың танымын кеңейтумен қатар, ұлттық рухты қалыптастырады. Бұл
бағытта тәрбиешінің рөлі ерекше. Себебі әр бала – ел болашағы.
Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие беруде ұлттық мазмұнды бағдарлама,
шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиешілер және ата-аналармен тығыз
байланыс – табысты нәтижеге жетудің кепілі.