Мамандық таңдау — маңызды іс

Автор: Оспанова Индира Канапияновна

Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің
«Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі:
Оспанова Индира Канапияновна
Мамандық таңдау — маңызды іс
Эссе
Мамандық таңдау- адам өміріңдегі ең манызды қадамдардың, жас кезінде қабылданатын жауапты шешімдердің бірі. Өйткені, адам тағдыры таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға биік мақсатқа ұмытылады. Кемеңгер дана Абай атамыздың: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта,бар қалан»деген даналық сөзі өз мақсатына жетуге талпынған әр бір жас үшін зор мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі, тіршілік көзі, іскерлік және дағды жүйесі. Сондай-ақ, қарапайым өмір сүру көзі, болып табылатын және жауапкершілікті талап ететін қызметінін маңызды бөлігі.Мамандықты таңдау үшін ең алдымен өзін,өз бейімділігін тану қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың әсері,мамандық иесіне ғана емес,қоғамға да кері әсерін тигізеді. Біз педагогтар, өз қызметіміздің мәні туралы көп ойланамыз. Себебі, жауапты да, қиындығы мол жұмысқа жүрек жылуымызды арнаймыз. Өйткені менде бала бағбаны – тәрбиешімін. Мен мамандық таңдаудан әсте қателеспедім деп ойлаймын. «Бір түп раушан өсіріп,алғашқы гүлдін қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп,сол сәттегі толғанысты бастан кешудің, жана адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен,астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рахатын танумен бірдей» — деп айтып кеткен екен атақты ойшыл В.Сухомлинский. Бала тәрбиесі тал бесіктен, бала жасынан бастау алады. Баланы бастан деген сөз тегін айтылмаса керек. Ерте жасынан ұқыптылыққа, мейірімділік пен ізгілікке, үлкенді сыйлап,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелесек, ол өмірлік бала бойына қазық болып қалады деп санаймын. Балабақша тәрбиешісі болу көп адамдар үшін онай жұмыс болып көрінеді. Алайда ол жауапкершілігі мол, үлкен махаббат пен мейірімділікті, сабырлық пен төзімділікті талап ететін керемет мамандық. Тәрбиеші болу сезімталдықты, бала жүрегін түсінуді, баламен бірге бала болуды талап ететін өте нәзік және өте ауыр жұмыс. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері,сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар,?»деген сөзіме берген балалардың «Сәлеметсіз бе апай?» деген жауабы бір сергітіп,серпілдіріп тастайды.Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдіретті сөз. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем,әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Осы бір «Балалар әлемінің теңізінде» бір бағыт алсаң ешқашан басқа жаққа кете алмайсын деп ойлаймын. Өйткені бала деген кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығына көну үшін қаншама қиында, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой-сезімдерін еркін көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-тәрбиешінің басты мақсаттарының бірі. Отбасы мен балабақша бірлесіп,сүйіспеншілік пен махаббатқа бөлеп тәрбиелеген бала-түзу өскен ағашпен тең. Яғни, ағаш өсіруші бір ғана бағбан болса, бала тәрбиесіне жауапты отбасы мен балабақша болып есептеледі. Бағбан еккен талының дұрыс өсуі үшін көп тер төгіп, күтіп баптаса, тәрбиеші де дәл сол сияқты бала бойындағы теріс әрекеттерін, кейбір қасиеттерін түзеуге кіріседі. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне қарай құрылса, баланың ынта-жігері артары сөзсіз деп білемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі-ойын.Яғни бала ойнау арқылы ересектердің өміріне қатысуын іске асырады, әлеуметтік тәжірбиесін жинайды.Сондықтанда баланың көп уақытын ойынға бөліп, ойын арасында сабақты кіріктіріу арқылы түсіндірсе бала ойына тез сақтайды.Л.С Выготскийдің пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстардың бірі деуге болады. Ол үшін, тәрбиеші бойындағы асыл қасиет- ақыл парасат болуы шарт. Баяғы Сократтың «Таным бұл жақсылық»- деген қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. «Белгілі-бір ұлттың ертенін көргін келсе, оның өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріне көз салу керек»- деген сөз бар. Еліміздің ертені болып табылатын жас бүлдіршіндерге жан-жақты біліммен қатар, ұлттық тәрбиені басшылыққа алып, ұлтжанды,Отанын сүйетін болашақ патриот азаматтардың мықты іргетасын салуға үлес қосып жүрген мектепке дейінгі мекемелердің орны ерекше. Мен өз мамандығыммен мақтанамын! Менің мамандығым тәрбиеші! Бұл сөзді мен үлкен құрметпен,мақтанышпен айта аламын! Сөз соңында тәрбиешілерге жеңіл мамандық деп қарамауларыңызды, бұл өресі биіктер ғана , сабырлы мықтылар ғана, балаларға мейірім бере алатындар ғана тандайтын мамандық екенің естен шығармасақ деп ойлаймын.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх