Автор: Тілегенова Гүлзат Асылбекқызы
Ашық есік күні
Кіріктірілген ашық оқу іс — әрекет
Білім беру дағдылары: Шығармашылық дағды, Коммуникативтік дағды,Танымдық және зияткерлік дағды ,Физикалық қасиеттерді дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Сөйлеуді дамыту,жапсыру, математика
Таұырыбы:«Ұлттық тәрбие – ұлттық құндылық»
Шарты:
Көрнекілігі: АКТ, сұрақ – жауап, дәстүрден тыс сурет салу. 4к, түсіндіру, саралау, бақылау, сұрақ – жауап, ою үлгілері ойын технологиясы.
Ұйымдастыру кезеңі:
1)Амандасу
2)Шаттық шеңбері: Музыка жетекшісімен «Жаңғақ оркестрі»
Жылулық шеңбері:
-Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Балабақшамыз жайнай берсін!
-Күніміз сәтті болсын!
Бүгін қызықты заттар көріп ,ою өрнек туралы білуіміз үшін,шығармашылық жұмыс жасау үшін ою түрлерімен танысып алайық
Ою өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Оюды зергерлік бұйымдарда,кілем,текемет,қоржын,ыдыс — аяқ, сандықты, киімдерді безендіріп сәндеген.Үйде ата әжелеріміз киіп жүрген қамзолдарда бар. Ұрпақтан ұрпаққа жоғалмай жалғасып жеткен,ою-өрнектерімізді ұмытпай есімізге сақтап,құрметтеп қастерлеп жүрейік!
Қоржынға салынған пішіндер арқылы 2 топқа бөліну
I-ойын:
Пішіндер арқылы екі түсті оюмен топқа бөлінеді.
Қызыл түстегі топ: ою жапсыру арқылы текемет сәндеу.
Жасыл түстегі топ: қоржынға , сәукелеге ою үлгісін және жапсыру және сәндеу.
II- ойын:Ата-анамен бірлескен жұмыс:
Қазақтықтың ұлттық тағамдарының бірі талқанның диірменмен тартып жасалу жолы және талқаннан жент жасалу жолын көрсетіп түсіндіру.
Сергіту сәті:
«Көкпар» ойыны шарты:мәреге дейін жетіп асық жина. Денешынықтыру маманы бойынша
Қорытынды. Міне,балалар, сендер өте тамаша жұмыс жасадыңдар. Шығармашылық жұмыстарымыз жалындап жана берсін деген ниетпен бүгінгі оқу іс әрекетіміз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп — көп рахмет.
Бекітемін:
«Баларман» бөбекжай бақшасының
Меңгерушісінің м.у.а Шагирбаева..Ә.Қ
Ашық есік күні
Кіріктірілген ашық оқу іс – әрекеті.
Білім беру дағдылары: Шығармашылық дағды, Коммуникативтік
дағды,Танымдық және зияткерлік дағды ,Физикалық қасиеттерді дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Сөйлеуді дамыту,Жапсыру, Математика
Тақырыбы:«Ұлттық тәрбие – ұлттық құндылық»
2024ж