Болатов Бекжан Ғалымжанұлы
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
Туран Университеті ”Құқықтану”
Аңдатпа:
Бұл мақалада Конституцияның сот билігін ұйымдастыруға рөлі мен маңызы қарастырылады. Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету және заң үстемдігін орнату-құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Сот билігінің тәуелсіздігі , судьялардың бейтараптағы адам құқықтарын қорғау мәселелерін жан-жақты талқыланады.
Тірек сөздер:
Конституция , сот билігі , әділдік , заң үстемдігі , құқықтық мемлекет , тәуелсіздік , бейтараптық , судья , құқық қорғау , реформалар.
КОНСТИТУЦИЯ И СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ:СПРАВЕДЛИВОСТЬ И ВЕРХОВЕНСТВО ЗАКОНА
Аннотация:
В данной статье рассматривается роль и значение Конституций в организации судебной власти. Обеспечение справедливого правосудия и установление верховенства закона является одним из основных принципов верховенства права. Подробно обсуждаются независимость судебной власти, беспристрастность судей, защита прав человека. Рассмотрено судебная система Республики Казахстан, история ее становления и направления развития. Также предлагаются текущие реформы и пути повышения эффективности судебной власти.
Ключевые слова:
Конституция, судебная система, правосудие, верховенство закона, независимость, беспристрастность, судья, правоохранительная деятельность, реформы
Constitution and judicial system
Annotation:
This article examines the role and significance of the Constitution in the organization of the judiciary. Ensuring fair justice and establishing the rule of law are one of the basic principles of a constitutional state. The issues of the independence of the judiciary, the impartiality of judges and the protection of human rights are discussed in detail.
Keywords:
Constitution, judicial system, justice, rule of law, independence, impartiality, judge, law enforcement, reforms
Мақсаты:
Мақала Конституциясының сот жүйесіндегі рөлін зерттеп, оның үстемдігі мен әділдік орнатудағы маңызын айқындауға бағытталған.
Міндеттері:
- Конституциядағы сот билігінің принциптерін талдау
- Сот билігінің тәуелсіздігін мен әділдігін зерттеу
- Қазақстандағы сот жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру
- Сот реформалары құқықтық мемлекеттің даму факторын анықтау
5.Сот билігінің тиімділігінің арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу
Негізгі бөлім
- Конституция және сот билігінің негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билігінің құқықтық негіздерін айқындайды. 75-бапта «сот төрелігін тек сот жүзеге асырады» делінген, бұл соттың тәуелсіздігін және басқа билік тармақтарынан бөлектілігін білдіреді. Судьялар тек Конституция мен заңдарға бағынады, бұл олардың қызметіне сыртқы ықпалдың болмауын қамтамасыз етеді.
- Сот билігінің әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету рөлі
Әділдік – құқықтық мемлекеттің негізгі принципі. Сот билігі заң үстемдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамда әділдік орнатады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Сот әділдігі келесі қағидалармен қамтамасыз етіледі:
— Судьялардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы;
— Конституция мен заңдардың сақталуы;
— Азаматтардың заң алдында теңдігі;
— Соттың ашықтығы.
- Қазақстандағы сот жүйесі мен реформалар
Қазақстанның сот жүйесі Жоғарғы Сот, облыстық және аудандық соттардан тұрады. Сот реформаларының маңызды бағыттары:
— Судьяларды тағайындау мен іріктеу жүйесін жақсарту;
— Электрондық сот жүйесін дамыту;
— Азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру;
— Судьялардың тәуелсіздігін күшейту.
Қорытынды:
Конституция сот билігінің негізін белгілеп, оның әділдігі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету рөлін бекітеді. Сот билігі мемлекеттің және қоғамның тұрақтылығы үшін маңызды институт болып табылады. Қазақстандағы сот реформалары сот төрелігінің әділдігі, ашықтығы және тиімділігін арттыруға бағытталған. Құқықтық мемлекетті дамыту үшін сот жүйесінің тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз ету басты міндет болып қалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл (соңғы өзгерістермен)
- “Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми сайтындағы материалдар
- Сапарғалиев. Ғ. “ Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы” Алматы: Жеті жарғы, 2021.
- Құқықтық мемлекет және сот билігінің тәуелсіздігі туралы ғылыми мақалалар мен зерттеулер.