Қазақстандағы сот реформасы: жетістіктер мен қиындықтар

Асылхан Нұрасыл Бахтиярұлы
6В04201 Құқықтану білім беру Бағдарламасының 1 курс студенті

Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі — Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізген соң, мемлекет ішінде бірқатар реформалар жүргізіп жатыр.Солардың бірі-сот реформасын жаңғырту.Сот реформасы елдегі әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттің демократиялы жолда дамуына үлкен үлес қосады.Мақалада сот реформасының жетістіктері мен қиындықтарын,қандай бағыттарда өзгергендігін және қазіргі замандағы қоғам үшін бұның қаншалықты маңызды екенін баяндайтын боламыз.

СУДЕБНАЯ РЕФОРМА В КАЗАХСТАНЕ: ДОСТИЖЕНИЯ И ТРУДНОСТИ

Аннотация

Актуальность статьи заключается в том, что Казахстан, достигнув своей независимости, проводит ряд реформ внутри государства.Одна из них-модернизация судебной реформы.Судебная реформа направлена на обеспечение справедливости и верховенства закона в стране и вносит большой вклад в развитие государства на демократическом пути.В статье мы расскажем о достижениях и трудностях судебной реформы,в каких направлениях она изменилась и насколько это важно для современного общества.

JUDICAL REFORM IN KAZAKHSTAN: ACHIEVEMENTS AND CHALLENGES

Annotation

The relevance of the article lies in the fact that Kazakhstan, having achieved its independence, is carrying out a number of reforms within the state.One of them is the modernization of judicial reform.Judicial reform is aimed at ensuring justice and the rule of law in the country and makes a great contribution to the development of the state on a democratic path.In this article, we will talk about the achievements and difficulties of judicial reform, in which directions it has changed and how important it is for modern society.

Кіріспе

Сот реформасы-сот жүйесінің әділ әрі дұрыс жұмыс істеуі үшін жасалатын мемлекеттік шаралар.(өзгерістер) Оның басты мақсаты — ашық,тиімді,халыққа қолжетімді жүйені қалыптастыру.Мұндай реформалар халықтың сотқа сенімін арттырады және елде заң үстемдігін сақтауға көмектеседі.Қарапайым тілмен айтқанда, халық мемлекеттегі заң бұл бәріне ортақ екендігін және олардың барлығы заң алдында бірдей екендігін түсінетін болады.Аталған өзгерістердің қортындысы біреу ғана болуы тиіс және ол — сот шешімдерінің сапасының артуы.Сонымен қатар,сот реформасының маңызды қырларының бірі — судьялардың кәсіби деңгейін көтеру және оларды іріктеу жүйесін дамыту.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сот төрелігіне кандидаттар қатаң іріктеуден мен әр түрлі қырдағы бағалаудан өтеді.Бұның себеп салдарларын негізгі бөлімге өтіп қозғайық.

Негізгі бөлім

Сот реформасының жетістіктеріне байланысты айтатын болсақ, соңғы жылдары Қазақстанда бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Әрқайсысын атап өту жөн:

1.Сот төрешілерінің іріктеу жүйесінің жақсаруы. Судьялыққа кандидаттарды іріктеу көпсатылы форматта жүргізіледі: тестілеу,  әңгімелесу, біліктілік комиссиясының бағалауы. Бұл судьялардың кәсіби деңгейін арттыруға себеп болды.Судьялыққа кандидаттар кәсіби біліктілігін ғана емес, этикалық нормаларды сақтауын да дәлелдей алуы тиіс. Бұл – олардың бейтараптығын, тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.

2.Сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығы. Сот отырыстарының онлайн көрсетілімі, сот актілерінің жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйеге жариялануы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыра түсті. Мысалы,алдыңғы жылы болған шулы іс әйелін өлтірген «Қ.Бишимбаев»-тың соты.Соттарға қазіргі кезде тек азаматтар ғана емес, БАҚ-өкілдерінің қатысуы да мемлекеттік соттың дамуының белсенді бөлігі.Осындай реформалардың арқасында Қазақстанда жылдан жылға құқық бұзушылық азайып, халық өзінің мемлекеттік заңның қорғанында екенін түсінетін болады.Бұл құқықтық,демократиялы мемлекеттің бастамасы.

3.Цифрландыру. «Төрелік» жүйесі, электронды іс жүргізу, онлайн өтініштер беру мүмкіндігі – сот ісін жүргізуді жылдам әрі ыңғайлы етеді. Цифрландыру арқасында халық өз құқығын қорғаудың заңды әрі оңай екенін түсіне алады. Неге? Өйткені, қоғамда құқықтық сауаттылық артады.

4.Мамандандырылған соттардың құрылуы. Экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандар істері бойынша арнайы соттардың енгізілуі – соттардың барынша әділ және көптеген құқықтың мәселелердің сол істің мамандарымен шешілуіне әкелді.

5.Келісімге келе алу мүмкіндіктері. Даулардың бір бөлігін медиация мен татуласу рәсімдері арқылы шешу соттардың жұмысын жеңілдетіп, азаматтар үшін балама әдістерді ұсынуда.

  1. Сот кадрларының біліктілігін арттыру. Соңғы жылдары судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіруге бағытталған оқыту бағдарламалары енгізілуде. Жоғарғы Сот жанындағы Академияда құқықтық білімін арттыру курстары, халықаралық тәжірбие алмасу шаралары- бұл қадамдар судьялардың шешім қабылдаудағы сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, шетелдік үздік тәжірбиелерге негізделген оқыту судьялардың құқықтық ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
  2. Қоғаммен кері байланыстың артуы. Азаматтар мен сарапшылар сот жүйесіне байланысты пікірлерін ашық білдіре алатын платформалар құрылып жатыр. Соттардың қоғамдық кеңестері, халықпен есептік кездесулер, онлайн сауалнамалар – бұл механизмдер арқылы сот билігінің халықпен байланысы нығая түсті. Мұндай диалогтар – ашықтықты арттырып, халық сенімін қалпына келтірудің тиімді жолы.

Ал енді кемшіліктеріне байланысты да айтатын мәселелер бар. Бірнешеуіне тоқталсақ:

Ең кең тараған және ең ауқымды бұл — сот төрелігінің тәуелсіздік мәселесі. Конституцияда судьялардың тәуелсіздігі бекітілгенімен, тәжірибе жүзінде кейбір шешімдерге жоғары құрылымдардың ықпалы болуы мүмкін деген қоғамда пікір бар.Жемқорлық, сыйбайласа отыра шешім шығару және т.б. Яғни, мәселе қоғамның жоғарғы сотқа сенбеуінде. Халық арасында “сот бәрібір байға, танымал адамға немесе билікке жақынның ыңғайына қарай шешім шығарады” деген түсінік әлі де кездеседі.

Алайда,алдағы уақытта бұл пікірдің өзгеріп оң нәтежиеге жететін күннің ауылы да алыс емес.

Келесі қиындық бұл ауылдық жерлерде сотқа қолжетімділік шектеулі.Кейбір шалғай елді мекендерде цифрлық мүмкіндіктер шектеулі, ал кәсіби заңгерлік көмек те аз.Сондықтан, көптеген шалғайда орналасқан аймақтар құқықтық білімді меңгере алмауда.Бұл біздің Қазақстан үшін атаулы мәселе себебі бізде халықтың 40% дан көбі ауылдық жерде тұрады. Кейбір өңірлерде тәжірибелі судьялар мен мамандар жетіспейді, бұл сот шешімдерінің сапасына өте үлкен әсер етеді.Кей жағдайда әділетсіздік пен дұрыс емес шешімдердің арты өте үлкен дауға ұласып жатады.

Қортынды

   Қортындылай келе, Қазақстандағы сот реформасы – еліміздің демократиялық дамуына бағытталған маңызды үрдіс.Соңғы жылдары қол жеткізілген жетістіктерді жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, сот жүйесінің кемшіліктері мен шешілмеген мәселелері әлі де бар. Сол себепті реформа тек заңнамалық деңгейде ғана емес, қоғамның құқықтық санасын көтеру арқылы да жалғасуы қажет. Болашақта әділ, ашық және халыққа жақын сот жүйесін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі болып қала береді.Заң мен әділдік бірінші орында екенін ұмытпайық. Халықтың құқықтық сауаттылығы да бірте бірте арта түседі.Бұл салада қолға алынған іс-шаралар тұрақты әрі жоспарлы түрде жүргізілуі қажет.Онымен қоса, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыру, құқық қорғау құрылымдарының тиімділігін күшейту және азаматтардың сотқа жүгіну үдерісін оңайлату-алдағы реформалардың негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс. Қоғамда әділет пен теңдік қағидалары терең қалыптасқанда ғана азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімі арта түседі.

Сот реформасы- жедел жүзеге асатын науқан емес. Бұл- жан- жақты ойластырылған, кешенді және ұзақ мерзімді сипаттағы процесс. Дегенмен, осы бағытта жасалатын әрбір нақты әрекет еліміздің әділетті әрі құқықтық мемлекет ретінде дамуына негіз бола алады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң.
  3. Digital Kazakhstan” бағдарламасы – цифрлық реформалар туралы.
  4. “Сот жүйесін жетілдіру бойынша жол картасы (2023–2027)” — ҚР Жоғарғы Соты құжаты.
  5. Қазақстан Республикасының сот реформасындағы ерекшеліктері Г.А. Қуаналиева .
  6. Қазақстан Республикасы Сот жүйесін реформалаудың негіздері (тарихи-құқықтық аспектісі)” Е.Қ. Қаржаубаев, Г.И. Арғынбекова.
  7. Алауханов Е.О.”Құқық негіздері”. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
  8. Сапарғалиев Ғ. “Мемлекет және құқық теориясы”. – Алматы: Жеті Жарғы, 2021.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх