Дойшы Ерасыл Даниярұлы
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
Аңдатпа: Жемқорлық – қоғамның дамуына айтарлықтай зиян келтіретін, күрделі әрі терең әлеуметтік мәселе. Бұл құбылыс әсіресе сот жүйесінде өз көрінісін табады, өйткені әділ сот үдерісінің болмауы, заңның бірдей орындалмауы азаматтардың құқықтары мен сеніміне кері әсерін тигізеді. Мақалада сот жүйесіндегі жемқорлықтың себептері, оның салдары және онымен күрес жолдары қарастырылады. Сот жүйесіндегі жемқорлықтың басты себебі ретінде судьялардың төменгі жалақылары мен әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі айтылуда, бұл жағдай қызметкерлердің пара қабылдауға ынталануына әкеледі [2, 12 б]. Сонымен қатар, сот билігінің тәуелсіздігінің төмендігі мен сыртқы бақылаудың жетіспеушілігі жемқорлықтың таралуына себеп болады. Осы құбылыстың салдары қоғамның сенімін, экономикалық дамуын және құқықтық тұрақтылығын айтарлықтай әлсіретеді. Заңның әділетті орындалмауы, құқықтық нормалардың бұзылуы қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа кері әсер етіп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін жоғалтуына әкеледі. Бұл өз кезегінде, халықаралық аренада елдің беделіне зиян келтіреді және инвестициялық климаттың нашарлауына себеп болады.
Corruption is the invisible enemy of society.
Corruption in the judicial system
Annotation: corruption is a complex and deep social problem that causes significant damage to the development of society. This phenomenon finds its expression especially in the judicial system, since the lack of a fair trial, the same implementation of the law negatively affects the rights and trust of citizens. The article discusses the causes of corruption in the judicial system, its consequences and ways to combat it. The main reason for corruption in the judicial system is the low wages of judges and insufficient social guarantees, which leads to the fact that employees are encouraged to accept bribes [2, p.12]. In addition, the low independence of the judiciary and the lack of external control cause corruption to spread. The consequences of this phenomenon significantly weaken the trust, economic development and legal stability of society. Unfair implementation of the law, violation of legal norms negatively affect peace and stability in society, leading to the loss of confidence of citizens in the judicial system. This, in turn, harms the country’s reputation in the international arena and causes a deterioration in the investment climate.
Коррупция-невидимый враг общества.
Коррупция в судебной системе.
Аннотация: Коррупция-серьезная и глубокая социальная проблема, наносящая существенный ущерб развитию общества. Это явление особенно находит свое отражение в судебной системе, так как отсутствие справедливого судебного процесса, несоблюдение закона негативно сказываются на правах и доверии граждан. В статье рассматриваются причины коррупции в судебной системе, ее последствия и пути борьбы с ней. В качестве основной причины коррупции в судебной системе выступает недостаточная заработная плата судей и социальные гарантии, что приводит к мотивации работников принимать взятки [2, с 12]. Кроме того, низкая независимость судебной власти и отсутствие внешнего контроля являются причинами распространения коррупции. Последствия этого явления существенно ослабляют доверие, экономическое развитие и правовую стабильность общества. Несправедливое исполнение закона, нарушение правовых норм негативно сказываются на мире и стабильности в обществе и приводят к потере гражданами доверия к судебной системе. Это, в свою очередь, наносит ущерб репутации страны на международной арене и вызывает ухудшение инвестиционного климата.
Кілт сөздер: Жемқорлық, сот жүйесі, әділеттілік, құқықтық реформа, қоғамдық бақылау, азаматтық сенім.
Кіріспе
Қазіргі қоғамда ең өзекті мәселелердің бірі – жемқорлық. Бұл – мемлекеттің дамуын тежейтін, азаматтардың құқықтарына қауіп төндіретін және әділеттілікке сенімді азайтатын күрделі әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықтың салдары тек жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға әсер етеді. Ол мемлекеттік органдардың, әсіресе, сот жүйесінің беделін түсіреді. Сот – әділеттіліктің айнасы, халық пен мемлекет арасындағы сенім көпірі. Ал егер осы салада жемқорлық белең алса, онда қоғамда әділет, тәртіп, құқықтық теңдік деген түсініктердің мағынасы жойылады. Сол себепті сот жүйесіндегі жемқорлықпен күресу – кез келген ел үшін маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Қазақстанда да бұл мәселе соңғы жылдары жиі көтеріліп, түрлі деңгейдегі зерттеулер мен реформалардың назарында тұр. Сот жүйесінің әділ, ашық әрі сенімді болуы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағынуға және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға негіз болады. Бірақ, өкінішке қарай, сот саласындағы жемқорлық фактілері әлі де кездесіп отыр. Бұл өз кезегінде адамдардың сотқа жүгінуіне деген сенімсіздік тудырып, құқықтарын қорғауға кедергі келтіреді. Жемқорлықтың ең қауіпті тұсы – ол жасырын түрде әрекет етеді, сондықтан оны анықтап, алдын алу оңай емес. Осы орайда, мәселенің тереңіне үңіліп, оның пайда болу себептерін, салдарын және шешу жолдарын қарастыру аса маңызды. Жемқорлықтың сот жүйесінде пайда болуының бірнеше негізгі себебі бар. Біріншіден, кейбір судьялардың материалдық жағдайының нашарлығы, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі оларды заңсыз табысқа итермелеуі мүмкін [2, 12-б.]. Екіншіден, судьяларды іріктеу және тағайындау жүйесіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі, кейде кәсіби емес кадрлардың тағайындалуы сот жүйесінің сапасына әсер етеді. Үшіншіден, сот билігінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлар жиі кездеседі. Егер сот үдерісі сыртқы қысым мен ықпалға ұшырайтын болса, онда ол ешқашан әділ шешім шығара алмайды [3, 45-б.]. Сот жүйесіндегі жемқорлық тек жеке адамдардың іс-әрекетімен шектеліп қоймайды, бұл — жүйелі деңгейдегі мәселе. Сондықтан оған қарсы күрес те жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Құқықтық реформалар, сот жүйесін ашық ету, цифрландыру, қоғам тарапынан бақылауды күшейту – бұл бағыттағы маңызды қадамдар болып табылады. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әсіресе жас ұрпақтың бойында адалдық пен жауапкершілік сезімін дамыту да ұзақ мерзімді шешімдердің бірі бола алады.
Негізгі бөлім
Қазақстанда сот жүйесіндегі жемқорлық мәселесі қоғамның әділеттілікке деген сенімін айтарлықтай төмендетіп, құқықтық нормалар мен заң үстемдігін бұзады. Бұл құбылыс өз кезегінде экономикалық тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Сот жүйесіндегі жемқорлықтың пайда болу себептері көп және олар күрделі, алайда олардың негізінде бірқатар негізгі факторлар жатыр. Судьялардың төменгі жалақылары мен әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі қызметкерлерді пара қабылдауға итермелеуі ықтимал [2, 12 б]. Өз қаржылық жағдайын жақсарту ниеті кейде заңды бұзуға баруға себеп болады, осылайша әділетті сот үдерісі бұзылып, құқықтық нормалар еленбейді. Сонымен қатар, сот жүйесінің тәуелсіздігінің төмендігі де осы мәселеге себеп болады. Сот билігінің сыртқы әсерлерге, саяси мүдделерге және жеке қарым-қатынастарға тәуелді болуы оның объективті шешім қабылдау мүмкіндігін азайтады [3, 45 б]. Сот құрылымын реформалау, судьяларды тағайындау мен қызметінен босату процедураларын ашық және әділ ұйымдастыру – әділеттілікке қол жеткізу жолындағы маңызды шаралар болып табылады. Бұл реформалар сот қызметінің сапасын арттырып, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жемқорлықтың салдары қоғамның барлық салаларына әсер етеді. Заңның бірдей орындалмауы, құқықтық нормалардың бұзылуы халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғалтуына алып келеді.
Мәселені шешу жолында жемқорлыққа қарсы күресті кешенді шаралар арқылы жүзеге асыру қажет. Судьялардың жалақысын арттыру мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайту, сот қызметкерлерінің әділеттілік принциптеріне сай жұмыс істеуіне жағдай жасайды [5, 50 б]. Сонымен бірге, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы бақылауды күшейту және азаматтық қоғам институттарының сот қызметін қатаң бақылауына мүмкіндік беру маңызды. Бұл шаралар жемқорлықтың таралуын азайтып, сот үдерісіндегі әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етеді. Заңнаманы жетілдіру және құқықтық реформаларды жүзеге асыру да жемқорлықпен күресте шешуші рөл атқарады. Қазақстанда 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң сияқты нормативтік актілер сот жүйесіндегі жемқорлықты алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында маңызды құрал ретінде қарастырылып отыр. Осы заңнама аясында сот қызметкерлеріне қатысты бақылау мен жауапкершілік механизмдері күшейтіліп, жемқорлыққа қарсы күресте оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік туды. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып, жаңа шараларды талап етеді. Осылайша, сот жүйесіндегі жемқорлық қоғамның дамуына айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Оның алдын алу мен жою мақсатында сот жүйесінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әділетті сот үдерісін қалыптастыру, құқықтық реформаларды іске асыру қажет. Қазақстанның сот жүйесінде жүргізілген реформалар жемқорлыққа қарсы күресте оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берсе де, бұндай жұмыстар жалғасын табуы шарт. Заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту арқылы ғана халықтың сенімін қалпына келтіруге және қоғамдағы тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге болады [1, 34-б.].
Менің ойымша,жемқорлықтың алдын алу мақсатында цифрландыруды кеңінен енгізу маңызды қадамдардың бірі болып табылатын еді.Себебі,сот жүйесіндегі кейбір үдерістерді автоматтандыру және электронды сот тәжірибесін дамыту судьялар мен сот қызметкерлерінің жеке шешімдеріне тәуелділікті азайтады.Электронды сот жүйесі істерді тіркеу,қарау және шешім шығару процестерінің ашықтығын қамтамасыз етіп,адами фактордың әсерін төмендетеді.Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге көмектесіп,халықтың сенім деңгейін арттырар еді.Сонымен қатар,сот жүйесіндегі ішкі аудит пен мониторингті тұрақты түрде жүргізу,тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен сыртқы бағалау жасау да жемқорлықпен күресте тиімді құрал бола алады.Сот этикасы мен кәсіби адалдық нормаларын сақтау-әрбір судьяның қызметінде басты қағидаға айналуы тиіс.
Қорытынды
Сот жүйесіндегі жемқорлық мәселесі қоғамның дамуына және азаматтардың сеніміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Әділеттілік пен заң үстемдігі ұғымдары осы мәселенің өзектілігін арттырады, себебі сот процесіндегі пара қабылдау мен әділетсіз шешімдер қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіреді [1, 34 б]. Қазақстанда сот қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік кепілдіктерінің жеткіліксіздігі жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін басты факторлардың бірі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерлердің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі қиындықтарынан туындап, пара қабылдауға итермелейді, нәтижесінде сот жүйесінде әділеттілік орнамайды [2, 12 б]. Сонымен қатар, сот билігінің тәуелсіздігінің төмендігі де жемқорлықтың таралуына септігін тигізеді. Сыртқы саяси мүдделер мен жеке қарым-қатынастар сот үдерісіне араласып, объективті шешім қабылдау мүмкіндігін шектейді. Бұл жағдай заң нормаларының бұзылуына және құқықтық тұрақтылықтың әлсіреуіне әкеледі. Әділетті сот жүйесі мен ашық бақылау шараларын енгізу арқылы ғана жемқорлықпен күрес жүргізуге болады, өйткені сот қызметінің сапасы мен әділеттілігі – қоғамның сенімін қалпына келтіретін негізгі факторлар.
Құқықтық реформаларды іске асыру мен заңнаманы жетілдіру сот жүйесіндегі жемқорлықты азайтуда маңызды рөл атқарады. 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң сот қызметкерлеріне қатысты бақылау мен жауапкершілік механизмдерін күшейтіп, жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жаңа әдістер мен құралдарды енгізу қажет, себебі жемқорлықтың алдын алу кешенді әрі жан-жақты шараларды талап етеді. Сот жүйесіндегі жемқорлықты болдырмау үшін судьялардың жалақысын арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту және сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету шаралары үлкен маңызға ие. Қоғамдық бақылауды күшейту, азаматтық қоғам институттарының сот қызметін қатаң бақылауына мүмкіндік беру де жемқорлықтың таралуына кедергі жасайды. Барлық осы шаралар бірлесіп жүзеге асырылған жағдайда ғана сот жүйесінің әділеттілігі мен ашықтығын қалпына келтіруге болады [5, 50 б].
Қорытындылай келе,сот жүйесіндегі жемқорлықпен күрес-тек құқық қорғау саласының емес,бүкіл қоғамның міндеті болуы шарт деп есептеймін.Себебі,мемлекеттік органдармен қатар,үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да бұл үдеріске белсенді қатысуы тиіс.Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру арқылы қоғамда әділеттілікке деген сұранысты күшейтуге болады.Қоғам жемқорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамауы керек.Осы мақсатта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,әлеуметтік жарнамалар мен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылуы қажет.Бұл әрекеттер азаматтардың құқықтық белсенділігін арттырып,сот жүйесіне бақылауды күшейтеді.Егер мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет етсе,сот жүйесіндегі әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік болады.