Өміртас Әдемі Саянқызы
Қазақ тіліндегі контенттің болашағы қандай?
Қазіргі заманда ақпарат көзінің негізгі көзі – әлеуметтік желі мен интернет платформалар. Бұл кеңістікте қазақ тіліндегі контенттің де орны бар, алайда оны кеңейту мен сапаландыру – уақыт талабы.
Соңғы жылдары қазақша подкасттар, YouTube арналар мен Instagram парақшалар көбейіп, жастар ана тілінде қызықты әрі пайдалы мәліметтерге қол жеткізе бастады. Бұл – тілдің жаңғыруы мен заман талабына бейімделуінің көрінісі.
Дегенмен, ғылым, технология, мотивация сияқты терең мазмұндағы контенттің аздығы байқалады. Кейбір блогерлердің тіл нормаларын сақтамауы да – үлкен мәселе. Сондықтан қазақ тіліндегі контент тек санмен емес, сапамен де өссе, оның болашағы жарқын болмақ.
Болашақ – біздің қолымызда. Егер әрбір жас өз парақшасында қазақша сөйлеп, сауатты жазса, тіл дамып қана қоймайды, цифрлы әлемдегі беделі де артады.