Қуанышов Диас Бағыбергенұлы
6В04201 Құқықтану ББ 1 курс студенті
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
ӘОЖ:343.412.2
Аңдатпа
Бұл мақалада медицина саласындағы аса өзекті мәселе – заңсыз орган саудасы қарастырылады. Үндістан, Қытай және Бразилия елдеріндегі жағдайлар негізінде бұл қылмыстың құқықтық, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан қандай қауіп төндіретіні көрсетіледі. Зерттеулерге сүйене отырып, адамдардың органдары өз еркінен тыс алынатын немесе кедейлікке байланысты мәжбүрлі түрде сатылатын нақты мысалдар келтіріледі. Сарадамои Чаттерджи мен басқа да сарапшылардың еңбектері арқылы заң бұзушылықтардың себебі мен салдары сараланып, халықаралық деңгейде атқарылуы тиіс шаралар ұсынылады. Мақалада бұл мәселені тек ұлттық емес, халықаралық деңгейде шешудің маңызы айқын көрсетіледі.
Кілт сөздер: Заңсыз орган саудасы, Трансплантация, Адам құқықтарын бұзу, Әлеуметтік теңсіздік, Қаржылық қиындықтар, Халықаралық құқық, Медициналық құқықбұзушылық, Қылмыстық топтар.
Аннотация
В данной статье рассматривается одна из наиболее острых проблем в медицине — незаконная торговля органами. На примере Индии, Китая и Бразилии показано, какие правовые, социальные и этические угрозы несёт это явление. На основе исследований приводятся конкретные случаи, когда органы у людей изымаются без их согласия или продаются по принуждению из-за бедности. С опорой на работы Сарадамои Чаттерджи и других экспертов анализируются причины и последствия правонарушений, а также предлагаются меры, которые должны приниматься на международном уровне. В статье подчёркивается, что данную проблему необходимо решать не только на национальном, но и на глобальном уровне.
Ключевые слова: Незаконная торговля органами, Трансплантация, Нарушение прав человека, Социальное неравенство, Финансовые трудности, Международное право, Медицинские правонарушения, Преступные группировки.
Abstract.
This article explores one of the most pressing issues in medicine — illegal organ trade. Using the examples of India, China, and Brazil, it highlights the legal, social, and ethical risks associated with this practice. Based on research findings, the article presents real-life cases where organs are removed without consent or sold under economic pressure. Drawing on the work of Saradamoyee Chatterjee and other experts, it analyzes the root causes and consequences of such violations and outlines actions that should be taken at the international level. The article emphasizes the need for both national and global efforts to address this transnational issue.
Keywords: Transplantation, Human rights violation, Social inequality, Financial difficulties, International law, Medical offenses, Criminal groups.
Медицина саласы қазіргі қоғамда адамның туғанынан бастап, өмірінің соңына дейін денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған маңызды жүйе ретінде қызмет атқарады. Алайда, бұл сала да қылмыстық араздықтардан таза емес.
Денсаулық сақтау жүйесінде психотроптық дәрі-дәрмектерді заңсыз айналымға шығару, медициналық жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу секілді құқықбұзушылықтар жиі тіркеледі, соның ішінде Қазақстанда ғана емес халықаралық деңгейде қауіптісі — заңсыз адам ағзаларының сатылымы.
Адам ағзаларын заңсыз сату немесе трансплантациялау — адам құқықтарын өрескел бұзу, әрі ірі қылмыстық құқықбұзушылық.
Қазақстан Республикасында бұл мәселе бойынша «Қылмыстық құқықбұзушылық кодексінің» 116 бабында қарастырып, көрсетілген фактілер барысында алты жылдан он жылға дейінгі қылмыстық жауапкершілік белгіленген[1], ал халықаралық деңгейде бұл әлдеқайда кең ауқымды. Дамыған мемлекеттер өздерінің ішкі заңдарынан бөлек БҰҰ-ның «Адам саудасына қарсы Палермо хаттамасы» (2000) [2], Еуропа кеңесінің «Адам ағзаларының заңсыз айналымына қарсы конвенциясы» (2015) [3], ДДСҰ-ның «Трансплантация бойынша басшылық қағидаттары» (2010) [4] құжаттары бойынша бұл қылмыстың алдын-алу мен шектеу шараларының негізге алады.
Кембридж университетінің зерттеушісі Сарадамои Чаттерджи халықаралық салыстырмалы талдауында адам саны көп орналасқан Үндістан, Қытай және Бразилия мемлекеттеріндегі заңсыз адам және адам ағзалары бойынша зерттеуімен бөлісті. Зерттеулерге сүйенсек осы елдердегі орын алып жатқан медициналық құқықбұзушылықтарда адам құқықтарының қатаң түрде бұзылуы мен орган сатылымының негізгі сипаттары мен салдары көрсетілген [5].
Мәселен, Қытайдағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған тұтқындар мен Фалуньгун қуғын-сүргін жәбірленушілерінің ағзаларының заңсыз алынуы фактілері кездескен. Бұл туралы Канадалық заңгерлер Мэйтас пен Килгоур жүргізген екі мың алтыншы жылғы тергеу жұмыстары дәлелдер келтіреді. Қытай дәрігерлерімен телефон арқылы болған сұхбатта дәрігерлер «сапалы әрі тез» органдарды ұсынған [5].
Ал Үндістанда тіркелмеген клиникалардағы делдардар мен хирургтар кедейлерге жедел уәде беріп, заңсыз келісімдерсіз органдарын алып отырған. Құқық қорғау органдары жекеленген жүйеде ғана жұмыс жасап, алдын-алу шараларын қолданбай отыр.
Бразилия мемлекетінің тұрғындары әлеуметтік теңсіздік пен құқық саласының олқылықтары салдарынан күн көру мақсатында төмен табысты топтар бүйректерін сатуға мәжбүр [5].
Кай Небе мен Бен Шемангтың зерттеуінше, Африкада бұл мәселе әсіресе Египет, Ливия, Оңтүстік Африка, Кения және Нигерия елдерінде кеңінен таралған. Бұл құбылыстың себептері күрделі және көпқырлы болып табылады, алайда ең бастысы – трансплантациялау мен орган донорлығын реттеу әртүрлі аймақтарда әрқалай жүзеге асуы.
Мысалы, Кенияның батысындағы Окуму өз көзімен көрген жағдайды адам дене бөліктерін сататын халықаралық синдикаттың іс-әрекеті ретінде сипаттайды. Ол кездескен жас жігіттер «суахили тілінде сөйлей алмайтын дәрігерлер туралы сөйлесті, олар үндістандық болды», бұл оны операцияның халықаралық деңгейде ұйымдастырылғанына сендіреді [9].
Өткен жылы Ұлыбританияда Лондонның қазылар алқасы Нигерияның сенаторы Ике Экверемадуға, оның әйеліне және дәрігерге Лагостағы жас жігіттің бүйрегін алу үшін келісім жасасқаны үшін айыпты үкім шығарды. Бұл үкім Ұлыбританияның заманауи құлдық туралы заңдары бойынша органдарды алу үшін күдіктілерді соттаған алғашқы үкім болды [10].
Нигериялық адам құқықтары жөніндегі заңгер Титидің пікірінше, адам ағзаларын қаржылық пайда табу үшін сату мүмкіндігі Нигериядағы «нәресте зауыттары» деп аталатын мекемелердің орган саудагерлерінің назарын аударатынын айтқан. Ол сондай-ақ «адам саудасы мен органдарды жинау арасындағы тығыз байланысты» атап өтті.
Тити жергілікті медициналық орталықтар осал адамдарға арбау жасауға жауапты екенін де айтты. Ол Лагос пен Абуджадағы элиталық ауруханалардың дәрігерлерінің, өз бай пациенттеріне орган сату үшін кедей адамдарды тартуды ұйымдастыруы мүмкін екендігін ескертті [9].
Африкада заңды трансплантацияларды жүзеге асыратын медициналық орталықтардың саны өте шектеулі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) екі мың жиырмасыншы жылғы есебінде бүкіл континентте барлығы отыз бес бүйрек трансплантациясы орталығы тіркелген. Мұндай шектеулі әлеует медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі, жеткіліксіз тәжірибе және қаржылық ресурстардың тапшылығымен түсіндіріледі [8].
Еуропадағы заңсыз орган саудасы соңғы онжылдықта алаңдатарлық деңгейге жетті. Екі мың он тоғызыншы жылы бұл өңірде адам саудасына байланысты тіркелген істердің шамамен он пайызы орган алуға қатысты болған (Europol деректері бойынша). Екі мың жиырма бірінші жылғы БҰҰ-ның Еуропа бойынша баяндамасында Румыния, Болгария, Косово және Албания заңсыз трансплантация әрекеттерінің жиі тіркелетін аймақтары ретінде көрсетілген. 2015–2020 жылдар аралығында Германияда заңсыз орган ұсынған отыздан астам оқиға тіркеліп, олардың көпшілігі шетелден келген мигранттармен байланысты болған [7]. Сонымен қатар, Италияда екі мың он жетінші жылы «Қара нарық» операциясы барысында адам ағзаларын сату әрекетімен айналысқан халықаралық қылмыстық топ әшкереленді. Бұл топ Таяу Шығыстағы босқындарды пайдаланып, ағзаларын Еуропа нарығына жеткізіп отырған. Екі мың жиырма үшінші жылғы Global Financial Integrity ұйымының бағалауы бойынша, Еуропада заңсыз орган саудасының жалпы табысы жылына 1,2 миллиард еуроға жетуі мүмкін [9].
Қазақстанда да адам ағзаларын заңсыз трансплантациялау процесі құқық қорғау органдарының назарында. Екі мың жиырма төртінші жылдың өзінде қылмыстық кодекстің 116-бабы бойынша жиырма екі қылмыстық іс қозғалған, оның алтауы топтық қылмыс ретінде тіркелген. Бұл істерде жәбірленушілердің орта жастағы адамдар, оның ішінде бір әйел де бар екені анықталған. Құқықбұзушылықтардан келтірілген жалпы шығын он бір миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқан тұлғалардың көбі жұмыссыз азаматтар екені ерекше байқалады [11].
Қазақстанда бүйрек сатуға қатысты заңсыз әрекеттердің кең таралуының басты себептерінің бірі қаржылық қиындықтар мен қарыздардың мол болуы жәнеде интернет желісінде заңсыз әрекетке ашық түрдегі жарнамалар. Осы себептерге байланысты Қазақстан тұрғандары өздерінің ағзаларын ақшаға айналдыруды жалғастыруда [12].
Адам ағзаларын заңсыз сату мен трансплантациялау әрекеттерінің жалғасуы бірқатар жүйелі факторлармен байланысты. Ең алдымен, әлеуметтік теңсіздік, кедейшілік және денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділіктің шектеулігі осал топтардың заңсыз ағза саудасына тартылуына негіз болады. Үндістан, Бразилия және Нигерия сынды елдерде тұрғындардың төмен өмір сүру деңгейі олардың ағзаларын сатуға келісуіне итермелейді. Ал Еуропа мен Таяу Шығыста босқындар мен мигранттардың құжатсыз әрі құқықтық қорғансыз болуы оларды қылмыстық желілердің құрбанына айналдырады.
Халықаралық деңгейде ағзаларға деген сұраныс пен донор тапшылығы арасында тепе-теңдік жоқ. Көптеген мемлекеттерде ресми трансплантация тізімі ұзақ, ал донорлық мәдениет әлсіз дамыған. Мұндай жағдайлар заңсыз нарықтың дамуына қолайлы орта қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелер арасындағы әлсіз байланыс, трансплантология саласындағы ашықтықтың болмауы және шекарааралық бақылаудың жеткіліксіздігі заңсыз операцияларды анықтауды қиындатады.
Бұл қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін бірнеше бағытта кешенді шаралар қабылдануы қажет. Біріншіден, донор болудың заңды және қауіпсіз жолдарын дамыту үшін ұлттық трансплантация жүйесін жетілдіру қажет. Бұл ретте, БҰҰ мен ДДСҰ бекіткен халықаралық конвенциялар мен нұсқаулықтар негізінде әрекет ету маңызды. Мысалы, «Адам ағзаларының заңсыз айналымына қарсы Еуропа кеңесінің конвенциясы» және ДДСҰ-ның «Трансплантация бойынша қағидаттары» барлық елдер үшін міндетті нормаға айналуы тиіс.
Екіншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғау мақсатында медициналық және құқықтық сауаттылықты арттыру, экономикалық қолдау көрсету, сондай-ақ онлайн кеңістікте орган саудасына қатысты жарнамаларды анықтау және бұғаттау тетіктерін күшейту қажет.
Үшіншіден, заңсыз трансплантациямен айналысатын халықаралық қылмыстық топтарға қарсы жаһандық деңгейде ақпарат алмасу, тергеу іс-шараларын үйлестіру және сот жауапкершілігін күшейту – тиімді күрестің маңызды элементтері.
Демек, заңсыз орган саудасы – тек жаһандық емес, Қазақстан үшін де өзекті мәселе екенін көрсетеді. Қаржылық қиындықтар мен құқықтық сауатсыздық бұл қылмысты одан әрі өршітіп отыр. Сондықтан елімізде трансплантация саласындағы бақылауды күшейту, әлеуметтік осал топтарды қорғау және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру – уақыт талабы. Заң мен адамгершілік қағидаларын ұштастыра отырып қана бұл күрделі мәселеге қарсы тұруға болады.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. adilet.zan, 2014. Қолжетімді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226
- United Nations. Protocol to Prevent, Suppress and Punish Trafficking in Persons, Especially Women and Children (Palermo Protocol), 2000.
- Council of Europe. Convention against Trafficking in Human Organs, 2015. Қолжетімді: https://www.coe.int/en/web/trafficking-human-organs/the-convention
- World Health Organization (WHO). Guiding Principles on Human Cell, Tissue and Organ Transplantation, 2010. Қолжетімді: https://www.researchgate.net/publication/284256467_WHO_Guiding_Principles_on_Human_Cell_Tissue_and_Organ_Transplantation#:~:text=The%20WHO’s%20guiding%20principles%20on,that%20depends%20on%20individual%20autonomy
- Chatterjee, Saradamoee. Comparative study of illegal human and organ trade in India, China and Brazil. Cambridge University, 2020. Қолжетімді:https://www.researchgate.net/publication/365768845_The_illegal_trade_in_organs_and_poverty_in_India_A_comparative_analysis_with_Brazil_and_China
- Trafficking in Human Beings in the EU, 2016.
- United Nations Office on Drugs and Crime (UNODC). Regional Report on Human Trafficking in Europe, 2021.
- Global Observatory on Donation and Transplantation – 2020 Report.
- Cai Nebe, Ben Shemang. Illegal organ traffickers in Africa prey on world’s poor, dw, 2024. Қолжетімді: https://www.dw.com/en/illegal-organ-traffickers-in-africa-prey-on-worlds-poor/a-70242247
- BBC News. Nigeria senator guilty of organ trafficking plot, 2023. Қолжетімді: https://www.bbc.com/news/uk-england-london-64541456
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2024 жылғы ресми есебі (116-бап бойынша статистика).
- Сымбат Сатыбалдина. «Бүйрегімді сатамын»: Қазақстанда өз ағзаңды қаншаға сатуға болады, UlysMedia, 2025. Қолжетімді: https://qaz.ulysmedia.kz/news/24994-prodam-pochku-skolko-mozhno-v-kazakhstane-zarabotat-na-prodazhe-svoikh-organov/