Нұрышева Шынар
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
УДК: 343.985.2
«Тұран» университеті, 2025 жыл
Медиа және мәдени қарым қатынас Жоғары Мектебі
Аңдатпа
Бұл мақалада ата-аналық құқықтан айыру мен шектеудің құқықтық реттелуі мен іс жүргізу ерекшеліктері қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, Азаматтық процестік кодексі, Баланың құқықтары туралы заң, сондай-ақ халықаралық нормалар мен сот тәжірибесі негізінде ата-ананың құқықтары мен міндеттерін шектеу және олардан айыру тәртібі талданады.
Түйін сөздер: ата-аналық құқық, ата-аналық құқықтан айыру, ата-аналық құқықты шектеу, баланың мүддесі, Қазақстан Республикасының заңдары, сот тәжірибесі, құқықтық жауапкершілік.
«ПРОЦЕССУАЛЬНО-ПРАВОВЫЕ ОСНОВЫ ЛИШЕНИЯ И ОГРАНИЧЕНИЯ РОДИТЕЛЬСКИХ ПРАВ»
Аннотация
В данной статье рассматриваются правовое регулирование и процессуальные особенности лишения и ограничения родительских прав. Анализируются Конституция Республики Казахстан, Кодекс о браке (супружестве) и семье, Гражданский процессуальный кодекс, закон О правах ребенка, а также порядок ограничения и лишения прав и обязанностей родителей на основе международных норм и судебной практики.
Ключевые слова: родительское право, лишение родительских прав, ограничение родительских прав, интересы ребенка, законы Республики Казахстан, судебная практика, правовая ответственность.
«PROCEDURAL AND LEGAL BASES OF DEPRIVATION AND RESTRICTION OF PARENTAL RIGHTS»
Abstract
This article discusses the legal regulation and procedural features of the deprivation and restriction of parental rights. The article analyzes the Constitution of the Republic of Kazakhstan, the Code on Marriage and Family, the Code of Civil Procedure, the Law on the Rights of the Child, as well as the procedure for restricting and depriving parents of their rights and duties based on international norms and judicial practice.
Keywords: parental law, deprivation of parental rights, restriction of parental rights, interests of the child, laws of the Republic of Kazakhstan, judicial practice, legal responsibility.
Кіріспе
Ата-аналық құқық – бұл ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруын реттейтін құқықтық институт. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата- аналар өз балаларына қамқорлық жасауға және олардың мүддесін қорғауға міндетті (ҚР Конституциясының 27-бабы). [1] Бірақ кейбір жағдайларда ата-аналар өз міндеттерін орындамайды, тіпті балаларына зиян келтіреді. Мұндай кезде мемлекет баланың мүддесін қорғау үшін ата-аналық құқықтарды шектеу немесе одан айыру шараларын қолданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Қоғамда баланың құқықтарын қорғау басты міндеттердің бірі болып табылады. Ата-аналық құқықтан айыру немесе оны шектеу – отбасылық құқықтағы маңызды және күрделі шаралар. Бұл шаралар баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, немқұрайдылықтан, қылмыстық әрекеттерден және басқа да қауіптерден қорғауға бағытталған. Қазақстанда соңғы жылдары балаларға қатысты құқық бұзушылықтар көбейіп, олардың заңды мүдделерін қорғау мәселесі өткір қойылуда. ҚР Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанымен, құқық қолдану практикасы түрлі мәселелерді көрсетіп отыр. Сондықтан ата-аналық құқықтан айыру мен шектеудің заңдық негіздерін және сот практикасын зерттеу өзекті болып табылады.
Негізгі бөлім
Ата-аналық құқықтан айыру – бұл соттың ата-аналарды өз құқықтарынан толық айыруы, ал ата-аналық құқықты шектеу – олардың белгілі бір шектеулермен сақталуы. Аталған іс жүргізу-құқықтық сипаттамада екі тарап көрініс табады. Яғни ол бала және ата-ана. Заң бойынша бала деп – жасы 18 толмаған тұлға қарастырылады. Ал оның мүддесіне қайшы келетін әрекеттер үшін жауапты тұлғаларды бірнеше топқа бөле аламыз, Ол: ата-ана, асырап алушы, қамқоршы. Бұлар кәмелет жасына толмаған баланың заңды өкілдері болып табылады. Осы топқа тиесілі әр тұлға баланың өмірі, денсаулығы, тәрбие, білім алуына жауапты.
Ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу аталмыш аспектілердің орындалмауынан, салғырт қаралуынан орын алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 307- бабына сәйкес [2], ата-аналық құқықтан айыру туралы істер прокуратура, қамқоршылық және қорғаншылық органдары, білім беру ұйымдары немесе баланың заңды өкілі арқылы сотқа беріледі.
Бұл ретте сот шешім қабылдаған кезде, ең алдымен, баланың мүддесін ескереді. Сот ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау құқығын ғана емес, сонымен бірге ата-ана ретінде өз міндеттерін орындау мүмкіндігін де бағалайды. Сот шешімі шыққаннан кейін ата-ана өз құқықтарынан толық немесе ішінара айырылуы мүмкін. Аталған істің іс жүргізу-құқықтық сипаттамасы Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексінің 75-бабына сәйкес [3], келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады:
Біріншіден, Баланы қараусыз қалдыру, материалдық және моральдық тәрбиесін қамтамасыз етпеу;
Екіншіден, Баланы психологиялық, физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырату;
Үшіншіден, Нашақорлық, алкоголизм, қылмыстық әрекеттер жасау;
Төртіншіден, Баланы қоғамға қарсы әрекеттерге итермелеу.
Ал ата-аналық құқықты шектеу Кодекстің 76-бабында [4] белгіленген және келесі жағдайларда қолданылады:
- Егер ата-ананың мінез-құлқы баланың өміріне тікелей қауіп төндірмесе, бірақ оның дамуына теріс әсер етсе;
- Ата-аналар уақытша қиындықтарға тап болған жағдайда (ауру, қаржылық қиындықтар, т.б.).
Ата-аналық құқықтан айыру мен шектеу баланың да, ата-ананың да өміріне үлкен әсер етеді. Баланың өміріне оның толық мемлекеттің қамқорлығына өткізілуі, басқа отбасының оны асырап алу мүмкіндігі туындауы, сондай-ақ, психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Қазақстанда соңғы жылдары ата-аналық құқыққа қатысты істердің саны артып келеді. Қазақстандағы сот тәжірибесі жөніндегі ресми статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, [ҚР Жоғарғы соты, 2023 ж.]
2022 жылы ата-аналық құқықтан айыру туралы 950 іс қаралды, оның 65%-ы қанағаттандырылды. 2023 жылы ата-аналық құқықтан айыру туралы 1000-нан астам іс қаралды, олардың 70%-ы қанағаттандырылды. Алайда құқықты шектеу туралы істер сирек қаралады, өйткені ата- аналарды қорғау принципі басымдыққа ие. Бұл құқықты шектеуинститутының жеткілікті дамымағанын көрсетеді.
Ата-аналық құқығынан айырылған азамат/азаматшалар балаға қатысты қандай да бір шешім қабылдау құқығынан, баламен қарым- қатынас жасау құқығынан (толық немесе жартылай), кейін ата-аналаық құқығын қайтару мүмкіндігінен айырылады. Және де алимент төлеуге міндеттеледі. Сот тәжірибесінде ата-аналық құқықтан айырылған тұлғалар алимент төлеуден қашуға тырысады. Бірақ ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес [5], ата-ана баладан толық бас тартса да, оның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті.
Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан заңнамасының ерекшеліктеріне сүйенетін болсақ [6], АҚШ, Еуропа елдерінде ата- аналық құқықтан айыру және шектеу процедуралары әлеуметтік қызметтер мен соттың бірлескен бақылауында болады. Толығырақ айтатын болсақ, Америка Құрама Штаттары тәжірибесінде, іс жүргізу барысындп әлеуметтік қызметтер баланың жағдайын қадағалап, ата-ананың міндеттерін орындамау фактілерін тіркейді және Сот шешімі шыққанға дейін ата-анаға міндетті түрде психолог пен әлеуметтік қызмет мамандарының кеңесіне жүгіну талабы қойылады. Ал Еуропа елдерінде, атап айтсақ Франция, Германия, Швецияда ата-аналарға алдын алу бағдарламалары ұсынылады. Егер ата-ана өз әрекетін түземесе, бірнеше ескерту жасалғаннан кейін ғана құқықтарынан айырылады. Бұл елдерде мемлекет баланы асырап алуға мүмкіндік береді, бірақ ата-ананың жағдайын қатаң тексереді. Қазақстанда бұл процесс әлі де соттың қарауына тәуелді және кейде коррупциялық тәуекелдерге ұшырайды. Сондықтан, Қазақстан заңнамасына баланы қорғау жөніндегі әлеуметтік қызметтердің рөлін күшейту және ата-аналық құқықты шектеу тетіктерін нақтылау қажет.
Қорытынды
Демек, ата-аналық құқықтан айыру мен шектеу – бұл өте маңызды құқықтық институттар, олардың мақсаты – баланың мүдделерін қорғау. Қазақстан заңнамасында бұл механизмдер нақты бекітілгенімен, тәжірибеде олардың тиімді қолданылуы көптеген сұрақтар тудырады.
Біздің еліміздің жүйесіне де, ата-аналық құқықты шектеу институтын жетілдіру, сот тәжірибесін жүйелеу және халықаралық тәжірибені енгізу қажет. Сонымен қатар, ата- аналарға қатысты алдын алу шараларын күшейту – балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды жолдарының бірі болып табылады.
Ұсыныстар
Ата-аналарды психологиялық және құқықтық көмек бағдарламаларына тарту Қамқоршылық органдарының қадағалау механизмін жетілдіру Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қызметтердің араласуын арттыру
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
- Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі, 2011 ж.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, 2015 ж.
- “Балалар құқықтарын қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 ж.
- ҚР Жоғарғы сотының “Ата-аналық құқықтан айыру және шектеу бойынша сот тәжірибесі” жөніндегі нормативтік қаулысы, 2020 ж.
- Айтқұлов С.Қ. “Отбасылық құқық: теория және практика” – Алматы, 2022.
- Нұрғалиева А.Т. “Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері” // Халықаралық құқықтық конференция материалдары, 2023.
- Кәкімжанов Ж.М. “Ата-аналық құқықтарды шектеу институтының құқықтық аспектілері” – Астана,
- Тұрсынова Л. “Балалардың құқықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстан заңнамасы” // Құқықтық зерттеулер журналы, 2022.
- Қазақстандағы сот тәжірибесі жөніндегі ресми статистикалық мәліметтер, ҚР Жоғарғы соты, 2023 ж.