Келисова Аида
11 сынып оқушысы
Қазіргі таңда кино мен медиа жастардың өмірінде ерекше әры маңызды рөл атқарады. Бұл екі сала әлеуметтік қатынастарды, мәдениетті, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда күшті құрал болып табылады. Жалпы, жастардың көзқарастарынқалыптасуына тікелей әсер етеді. Әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшалар жастарға тек ақпарат беріп қана қоймай, олардың ой-санасын, мінез-құлқын, дүниетанымын өзгертуге ықпал етеді. Олар кино мен медиа арқылы қоғамды танып, өздерінің өмірдегі орнын анықтайды. Кино – бұл тек өнердің бір түрі ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік құрал. Ол жастарға өмірдегі қиындықтарды, махаббат пен достықты, әділетсіздікті және қоғамдағы өз орнын табудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Кино арқылы жастар әртүрлі мәдениеттермен танысып, әлемді кеңінен көре бастайы. Бұл салада көрсетілген кейіпкерлердің өмірі, олардың таңдау жасауы, қиын жағдайларда шешім табуы көптеген адамға үлгі болады.
Алайда, кино мен медиа тек оң әсерлермен шектелмейді. Керісінше, олар кейде теріс әсер етуі де мүмкін. Мысалы, фильмдерде зорлық-зомбылық, нашар әдеттер немесе материалистік құндылықтар насихатталса, жастар оларды дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Кейде кино мен медиа жастарға идеалданған бейнелер мен өмірді көрсетеді, бұл өз-өзіне сенімсіздікке, күйзеліс пен жалғыздыққа әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік желілердегi медиада сәтті өмір, керемет дене бітімі мен табыс көрсетілсе, бұл кейбір жасөспірімдерге әсер етіп, өздерін идеал бейнеден төмен сезінуіне себеп болуы мүмкін. Әлеуметтік желілердің медианың маңызды бөлігіне айналуы да жас ұрпақтың санасына әсер етуде. Instagram, TikTok, YouTube секілді платформаларда жастар өз пікірлерін, идеяларын білдіріп, түрлі бейнемазмұндар (контент) жасап, әлеммен бөліседі. Бұл шығармашылық еркіндікті дамытуға мүмкіндік береді, бірақ оның да қиыншылықтары бар. Өйткені әлеуметтік желілерде көбінесе шынайы емес, идеалданған өмір көрсетіледі. Мұндай контент жастарды тұтынушылық мәдениетке әкеліп, олардың өмірді идеализациялауына жол ашады. Дегенмен, кино мен медиа жастардың шығармашылық дамуына үлкен үлес қосады. Оларды өзінің идеяларын, көзқарастарын айтуға, өнерде өзін көрсетуге ынталандырады. Мысалы, TikTok-та немесе YouTube-та өз видео-жобаларын жариялаған жастар кең аудиторияны таба алады. Бұл контентті жасау арқылы олар өздеріне жаңа мүмкіндіктер ашады. Медианың мұндай мүмкіндіктері жастарды түрлі мәселелерге бейжай қарамауға, әлеуметтік проблемаларға назар аударуға шақырады.
Жалпы, кино мен медиа арқылы жастар, сондай-ақ, қоғамдағы әртүрлі құбылыстарды таниды. Кино – бұл әлемдік мәдениеттің бір бөлігі. Ол арқылы жастар әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттейді, өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастырады. Мысалы, тарихи фильмдер жастарға тарихи оқиғалар мен ұлттардың мәдениетін таныстырып, сол арқылы олардың дүниетанымын кеңейтеді. Кино мен медиа жастардың өмірін өзгерту үшін кең мүмкіндіктер береді. Олар арқылы жастар әлемді таниды, жаңа идеялар мен көзқарастарды қабылдайды. Мысалы, кино немесе әлеуметтік желілер арқылы жастар әлеуметтік және мәдени мәселелерге деген көзқарастарын кеңейтеді, ал шығармашылық тұрғыда олар өздерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, медианың бұл түрлері олардың эмоционалды жағдайына әсер етіп, сезімталдықты, өмірлік құндылықтарды қайта қарауға көмектеседі. Жастардың танымдық үдерістерін қалыптастыруда кино мен медиа оң ықпал етуде, алайда оны дұрыс пайдалану қажет.
Қорытындылай келе, кино мен медиа жастардың ой-санасына айтарлықтай әсер етеді. Олар жастардың өмірінде маңызды рөл атқарып, олардың моральдық және рухани дамуына ықпал етеді. Алайда, бұл құралдарды дұрыс пайдалану өте маңызды. Кино мен медиа арқылы жастар өздеріне дұрыс бағыт таба алады, бірақ сонымен қатар теріс ықпалдардан да қорғану керек. Сондықтан, жастарға сапалы контент ұсыну, олардың дұрыс ақпаратты таңдай білуін үйрету аса маңызды болып табылады. Кино мен медиа жастарға әлемді танып, өз орнын табуға көмектесетін күшті құрал бола алады, бірақ тек шынайы, жақсы ниетпен пайдаланылғанда ғана оның әсері оң болады.