Бастауыш мектептегі буллинг және кибербуллинг және интернетке тәуелділік мәселесінің қазіргі жағдайы
Ғылыми жетекші:
п.ғ.м., аға оқытушы Сейдуалиева Арайлым Нуралиевна
Студент: Қабылетқызы Ақдидар
Аннотация
Мақалада бастауыш мектептегі буллинг, кибербуллинг және интернетке тәуелділік мәселесінің қазіргі жағдайы қарастырылады. Шетелдік тәжірибелер буллингтің бастауыш сыныптан басталатынын көрсетеді. Ақпараттық технологиялардың дамуы буллингтің күрделенуіне және кибербуллингтің пайда болуына әкелді. Кибербуллинг салдарынан оқушылар психологиялық ауытқуларға ұшырап, кей жағдайларда өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Сонымен қатар, интернетке тәуелділік мәселесі де өзекті болып отыр. Мақалада буллинг пен интернетке тәуелділіктің алдын алу шаралары, заңнамалық өзгерістер және шетелдік тәжірибелер негізінде ұсыныстар берілген.
Кілт сөздер: буллинг, кибербуллинг, бастауыш мектеп, интернетке тәуелділік, әлеуметтік желілер, оқушылардың психологиясы, алдын алу шаралары, заңнамалық реттеу, мектеп ортасы, шетелдік тәжірибе.
КІРІСПЕ
Мақалада бастауыш мектептегі буллинг, кибербуллинг және интернетке тәуелділік мәселесінің қазіргі жағдайы қарастырылады.Шетелдік тәжірибелердің басым көпшілігі буллинг бастауыш сыныптан басталатыны жайлы ақпараттар көрсетті.Ақпараттық техналогиялар дамыған заманда буллинг күрделене түсіп кибербуллинг терминін қалыптыстарғаны баршамызға мәлім.Кибербуллинг салдарынан мектеп оқушыларының көпшілігі зардап шегіп қана қоймай өз-өзіне қол жұмысау фактілері тіркелуде.Сонымен қатар кибербуллинг интернет және әлуметтік желілер арқылы таралуы мен оның қауіптілігінің негізгі себебі екені атап өтілді. Ал қазіргі таңда оқушыдардығ психологиясы интернетке тәуелділігін айтпасақта мәлім.
Мақалада осы мәселелерді шешуге бағытталған практикалық көзқарастар мен ұсыныстар беріліп, буллинг пен интернетке тәуелділіктің алдын алу шаралары қарастырылады.
Буллинг— бұл бір адамның екінші адамды қорқытып, жәбірлеуі немесе мазақ етуі.Бұл терминағылшын тіліндеі «bully» яғни «хулиган» дегенді білдіреді.Зерттеушілер буллингті әртүрлі анықтайды, бұл оның көп қырлы табиғатын көрсетеді:И. Бердышев буллингті өзін-өзі қорғау мүмкіндігінсіз саналы және ұзақ уақыт бойы жасалатын зорлық-зомбылық деп анықтайды.И. Н. Кон буллингті құрбанды бағындыру мақсатында жасалатын физикалық зорлық-зомбылық немесе эмоционалды террор ретінде сипаттайды[1].Буллинг егерде бастауыш мектептен басталатын болса, келешек білім алушылардың физиологиялық және психологиялық ахуалына әсер ететіні сөзсіз.Тіптен буллинг жасаушы тарап интернеттік желілер арқылыда қоқан-лоқы көрсетуі мүмкін.
Кибербуллинг — бұл интернет немесе әлеуметтік желілер арқылы қорқыту, қорлау немесе мазақтау. Бұл буллингтің заманауи түрі болып табылады.Кибербуллинг салдары өте ауыр болуы мүмкін.Себебі интернет арқылы жеке басты анықтау және жалған ақпарат жариялау ,арбап алдау өте оңай.Салдарынан оқушыларда психологиялық ауытқу ,тұлғалық даму тежелуіне және өз-өзіне қол жұмысауға алып баруы мүмкін. Осы тұста инттернетке тәуелділікті айтпай кету мүмкін емес.Интернетке тәуелділік күнен күнге өзекті тақырыптардың біріне айналып бара жатыр. Интернетке тәуелділік тіптен жаста талдамайды. Ұялы телефон немесе ноудбук.,компьютер болса жеткілкті.
Мектептегі зорлық-зомбылық пен буллингтің түрлері жасқа байланысты өзгереді. Бар мәліметтерге сәйкес, балалар өскен сайын физикалық агрессия және тұлғааралық буллинг азайып, кибербуллингтің артуы мүмкін.АҚШ-тағы үш ұлттық зерттеудің мәліметтері ең көп кездесетін буллинг түрлерінің, соның ішінде вербалды қорлау, ұрып-соғу, ұрлау, қорқыту, өсек тарату және әлеуметтік шеттету, жас ұлғайған сайын азайып, тұлғааралық буллингтің 14 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта шамамен 50% төмендегенін көрсетеді, ал кибербуллингтің таралуы 17%-дан 13%-ға дейін баяу азаяды.Басқа зерттеулер физикалық агрессия түріндегі буллингтің бастауыш мектептерде жиірек кездесетінін көрсетті.
Мектептегі зорлық-зомбылық пен буллинг сынып ішінде және сыртында, мектеп айналасында, мектепке барар жолда және интернетте орын алуы мүмкін. Физикалық зорлық-зомбылық, әсіресе оқушылар арасында және мұғалімдер мен басқа қызметкерлер тарапынан жасалған физикалық зорлық-зомбылық басқа оқушылардың көз алдында орын алуы мүмкін, мысалы, ойын алаңында немесе сыныпта, сондай-ақ мектептік спорт жағдайында.
Буллинг дәретхана, киім ауыстыратын бөлме, дәліздер сияқты мұғалімдер мен басқа мектеп қызметкерлері көзіне көрінбейтін немесе қадағаламайтын жерлерде жиі орын алады.Оңтүстік Кореяның 2015 жылғы білім министрлігінің есебіне сәйкес, мектептегі зорлық-зомбылық пен буллингтің 75.5%-ы мектеп ішінде, ал 24.5%-ы мектептен тыс жерде орын алады[2.19,].
Яғни әртүрлі жағдайларға байланысты бағдарламалар ойлап табылуда.Мысалға сондай бір бағдарлама ЮНИСЕФ және Хорватияның Ғылым, білім және спорт министрлігі және Білім беру және мұғалімдерді дайындау агенттігі серіктестігімен жасалды. Бұл бағдарлама мектептегі зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау үшін екі бөлімнен тұрды: балалар арасындағы агрессия мен буллингке қатысты қоғамдық “Stop Violence among Children” кампаниясы және мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны шешу және мектептерді қауіпсіз ету үшін жүргізілетін шаралар. 2003 жылдан 2011 жылға дейін 4,500-ден астам мұғалімдер оқытылып, 301 мектеп (көпшілігі бастауыш мектептер) бұл бағдарламаны жүзеге асырды. 2008 жылғы бағалау нәтижелері бойынша, буллингтің жиі кездесетін жағдайлары 10%-дан 5%-ға, ал басқаларды буллинг жасаған балалар саны 13%-дан 3%-ға дейін төмендегені анықталды[2.48 бет].
Бастауыш мектеп оқушыларының арасындағы буллингке байланысты зерттеулерде жүргізілген .Оның бірі Англия мен Германиядағы бастауыш мектеп оқушылары арасындағы буллинг пен құрбандықтың таралуын және мектеп факторларын бағалау .Зерттеу кезінде Англияда 2377 бала (6 жастағы балалар: 1072; 8 жастағы балалар: 1305) және Германияда 1538 бала (8 жастағы балалар) стандартты сұхбат арқылы жеке-жеке сұралды.Бұл оқушыларды жеке бақылауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде екі елде де буллингтің түрлері ұқсас болды: ұлдар көбінесе буллинг жасаушылар болды, көпшілігі құрбандыққа ұшырағандар (буллинг/құрбандықтар), буллинг көбінесе ойын алаңдарында және сыныптарда орын алды. Әлеуметтік-экономикалық жағдай мен этникалық ерекшеліктер буллинг мінез-құлқымен әлсіз байланыста болды. Англияда оқушылардың 24%-ы апта сайын құрбандыққа ұшыраса, Германияда бұл көрсеткіш тек 8% болды. Керісінше, Англияда ұлдар апта сайын буллинг жасауда аз (2.5-4.5%) болса, Германияда бұл көрсеткіш 7.5% болды. Қыздар арасында айырмашылықтар байқалмады. Англияда кіші сыныптардағы балалар жиі құрбандыққа ұшырады[3].
Бұл көрсеткіштер буллингке тиесілі болса ,қазіргі таңда кибербуллинг тіптен кең ауқымда таралып жатыр.Аналитиктердің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы кішкентай балалардың 85%-ында смартфон бар. Бастауыш сынып оқушыларының 43%-ы әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Жоғары сынып оқушылары арасында бұл көрсеткіш 95%-ға жетті.Ал осы сандардың өсуіне байланысты қылмыстық істерде көбейіп жатыр[4].
Осыған байланысты статистикаларды да іздестіріп көрген едім 2018–2021 жылдар аралығындағы көрсеткіштер табылды.Бұл статистикаға талдау жасайтын болсақ, 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналардың 47,7 %-ы балаларының қорлық көргенін мәлімдеген .Ал 11–13 жас аралығындағы балалары бар ата-аналардың 56,4 %-ы балаларының қорлық көргені туралы айтқан екен. Буллинг пен кибербуллинг бастауыш сыныптан бастау алатыны анықталды деп ойлаймын . Буллинг жәбірлеу қысым көрстеу болса кибербуллинг өз-өзіне қол жұмысауға дейін жетелейді.Бұл тақырыптар қазіргі тағдағы мағызды тақырыпшаның қосарланған түрі [5].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Буллингктің алдын алу үшін арнайы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда қабылдаған болатын. Жаңартулар енгізіліп 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:»1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);»деп қарастырылды[6].
Бала құқықтары туралы конвенцияда (17-бап) «Қатысушы мемлекеттербұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін мойындайды және баланың әртүрлі ұлттық және халықаралық көздерден алынған ақпарат пен материалдарға, әсіресе осындай ақпарат пен материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді»,-деп көрсетілген [UNICEF, 1994]. [7]. Осылайша сол кезеңде БАҚ маңыздылығын жіне қада,алау керектңгңн көрстеткенеді. 2020 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдауды» тапсрылған болатын. Ұсынылған түзетулер пакеті БАҚ туралы, Бала құқықтары туралы, Білім туралы, Байланыстуралы және Ақпараттандыру туралы заңдарда қарастырылған. Бұл заң жобасында «буллинг/кибербуллинг» ұғымы енгізіліп, буллинг пен қудалаудың тең ұғымдар екені, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолданған жағдайда бұл іс-қимылдар кибербуллингке жататыны жазылған1kaz.inform.kz депте айтып өткен еді[8].
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 562-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қарашада кибербуллингке байланысты 1 тарауында осы Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін айқындайдыдеп көрсеткен болатын.Осы заңнамаларға сәйкес бастауыш мектептегі оқушылардың буллингжәне кибербуллингтің құрбаны болудан қорғайды[9].
Алайда бұл тақырып түбегейлі шешіле қоймады . Себебі заңдар мен зағнамалар қабылданып жатсада буллинг және кибербуллинг құрбандары әлі де бар. Informburo.kz сайытында Айдана Мейрамбайқызы кибербуллингке байланысты ақпарат жариялаған екен. Мені назар аудартқан осы бір оқиға болды.Бұл оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. 8 жастағы қыз ұялы телефоны арқылы әлеуметтік желіде өзі қатарлы бір қызбен танысады. Ол желіге қызықты видеолар мен жалаңаш түскен суреттерін салуға үгіттейді. Шындығында бұл желіні өзге атпен тіркелген педофилдер де жиі қолданады. Қыздың бақытына қарай, оның телефонын жасырып, мінезінің өзгергенін анасы дер кезінде байқаған. Бұл – кибербуллингтің шынайы өмірдегі бір ғана мысалы. Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі тренері, әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова айтты деп көрсеткен екен.Бұл жаға ұстатарлық оқиғада 8 жасар бастауыш сынып оқушысы интернет құрбаны болудан аман қалды.Бұл тек біз білетін бір ғана оқиға,бұдан басқа біз білмейтін интернет құрбандары қаншама[10].
Қорытынды
Бастауыш сыныптағы буллинг болдырмау үшін не істеу керек?
Бастауыш сыныптан бастап буллингтің алдын алу ,бұл тиімді шешімнің бірі болып табылады. Буллинг болдырмаудың бірқатар түрлерін талдасақ. Біріншіден бастауыш сынып оқушыларының білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу қажет.Бұл өзгерістер буллингке қарсы оқушыларда таным қалыптастыратындай болуы керек.Сол себепті булингке қарсы арнайы бағдарламалар ойластыру қажет және соған қатысты жиі тренингтер өткізілуі қажет. Екіншіден бастауыш оқушыларына буллинг келуі мүмкін деген тақырыптарды талдауымыз қажет. Мектеп қабырғасындағы буллинг түрі өте көп.Оқушының түріне,сөйлеуіне , жүрісіне , сабақ оқуына байлансты буллинг келуі мүмкін.Осы сәтте ең алдымен ерекше балаларға бірінші мән бергеніңіз абзал.Себебі бастауыш оқушысы буллингті өзінде жоқ кемшілкпен артықшылықтары үшін жүзеге асырады. Одан басқа қандастардың балаларынада бастауышсыныпта көп деген буллинг жасалуы әбтен мүмкін. Үшіншіден ата-аналар оқушылармен үнемі байланысты болуы.Егерде балаңыздан қандайда бір өзгеріс байқасаңыз балаңызбен сөйлесуге тырысыңыз.Егерде қандайда бір буллинг болғанын білсеңіз сынып жетекшісімен байланысып қадағалауды ұиымдастыру қажет.
Бастауыш сынып оқушысы кибербуллингтен және интернетке тәуелділіктен қалай құтқаруға болады? Интернет қауіпсіздігі туралы сабақтар ұиымдастыру.Мектептерде интернет қауіпсіздігі және кибербуллингтің алдын алу тақырыптары бойынша арнайы сабақтар мен тренингтер ұйымдастыру маңызды.Цифрлық азаматтық бағдарламаларын ұсыну.Балаларға интернеттің қауіптері мен оны дұрыс пайдалану ережелері туралы білім беру. Бұл бағдарламалар арқылы балалар интернеттегі қауіп-қатерлерді тануды және олардан қорғануды үйренеді. Ата-ана бақылауында болу.Онлайн уақытқа шектеу қою.: Ата-аналар балалардың интернетте өткізетін уақытын шектеу және бақылау керек. Бұл балалардың интернетке тәуелділігін төмендетеді және кибербуллингтің алдын алуға көмектеседі.Ашық әңгімелесу.Ата-аналар балаларымен ашық әңгімелесіп, олардың интернеттегі әрекеттері туралы сұрақтар қоюы керек. Балалар өздерінің алаңдаушылықтарын бөлісіп, ата-аналарынан қолдау алады. Қауіпсіздік технологияларды пайдалану.Ата-ана бақылауы бар бағдарламалар жасау.Ата-аналар балалардың интернеттегі әрекеттерін бақылау үшін арнайы бағдарламаларды қолдануы мүмкін. Бұл бағдарламалар арқылы ата-аналар балалардың онлайн белсенділігін қадағалап, қажет болған жағдайда араласа алады.Антивирус және қауіпсіздік бағдарламаларын орнату.Интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін антивирус және басқа да қауіпсіздік бағдарламаларын қолдану маңызды [11].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- https://www.b17.ru/article/bulling_ot_istoricheskih_faktov_v_sovremennuyu_realnost/Автор статьи Соловьева Светлана Борисовна 2024 ж [1]
- https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000246970 19 бет[2]
- School violence and bullying: global status report 48 бет[2]
- Wolke, D., Woods, S., Stanford, K., & Schulz, H. (2001). Bullying and victimization of primary school children in England and Germany: prevalence and school factors. British Journal of Psycholog, 9, 673-696.[3]
- 4.80 % жертв кибербуллинга среди подростков — девочки — эксперт [Электронный ресурс]. — Режим доступа:https://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/128288–80-zhertv-kiberbullinga-sredi-podrostkov-devochki-ekspert. .[4]
- Sam Cook Cyberbullying facts and statistics for 2018—2021. — Retrieved from: https://www.comparitech.com/internet- providers/cyberbullying-statistics/.[5]
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V240003481[6]
- [UNICEF, 1994]. [7]
- 1kaz.inform.kz[8]
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035415 [9]
- Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? | informburo.kz[10]
- Мектепке негізделген бұзақылыққа қарсы іс-шаралар жұмыс істейді! | StopBullying.gov3[11]