Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Мурынова Гулбану Мерекеевна
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№7 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Бөлім | Атақты тұлғалар | |||||
Педагогтің аты — жөні | Мурынова Гулбану | |||||
Күні | 23.02.2022ж | |||||
Сынып:3 «Б» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Пәні | Математика | |||||
Сабақтың тақырыбы | Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.1.1.4 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: екі таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктейді
Оқушылардың басым бөлігі: үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып орындайды. Кейбір оқушылар: есепті жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып шығарады. |
|||||
Бағалау критерийі | — үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып орындайды.
— есепті жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып шығарады |
|||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі /уақыты | Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті |
Бағалау
|
Ресурстар
|
||
Сабақтың басы
7 минут Раппорт |
Топқа бөліну
— Балалар біздің сыныпта неше оқушы бар? — Дұрыс. Енді 28 саны қандай сандарға қалдықсыз бөлінеді? — 1,2,4,7,14,28. — Онда 1-ден 4-ке дейін қайталап санау арқылы 4 топқа бөліне қоямыз.
Психологиялық дайындық Әр топ «Сабақты біз бастаймыз» деп 2 жол өлең құрастырады. Ойласамыз, ақылдасамыз, құрастырамыз. Мысалы; 1-топ Сабақты біз бастаймыз Есепті шашып тастаймыз. 2-топ Сабақты біз бастаймыз Қиындықтан қашпаймыз. 3-топ, 4-топ т.с.с.
Үй тапсырмасын тексеру № 7, 60 бет
— Балалар, 3-сыныптардың онкүндігі өтіп жатқанын білесіздер. Онкүндіктің тақырыбы қандай еді? — «Өнерлі бала өрге жүзер» — Дұрыс айтасыңдар. Яғни сіздер осы онкүндік барысында жан-жақты өнерлеріңді көрсетесіңдер. Білім жағынан да, ән, би, мәнерлеп оқу, қолөнер бұйымдарын жасаудан да шебер екенімізді көрсетеміз және қазақ өнерінің атақты тұлғаларын дәріптейтін боламыз.
Қызығушылығын ояту Өткенді пысықтау — Олай болса, балалар, дәл қазір білімімізді көрсететін сәт. Сондықтан өткенді пысықтау мақсатында «Wordwall» бағдарламасынан «Сәйкестендір» ойынын ойнаймыз. — Балалар, осы ойынымызда қандай тапсырма орындадық? — Сандарды көбейту, бөлу арқылы мәндерімен сәйкестендірдік. — Қандай сандарды көбейттік және бөлдік? — Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға , үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейттік және бөлдік. — Оларды қалай орындадық? — Ауызша. — Ал онда бүгінгі сабақта Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді үйренеміз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Ұжымдық жұмыс Архимед фигуралардың ауданын есептеудің ортақ тәсілін тапты.Кесте бойынша есептер құрастырып,оларды шығар. Архимед туралы қысқаша мәлімет Архимед (б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. — Тіктөртбұрыш қасиеттерін еске түсіру. Бұрыштары тік , қарама- қарсы қабырғалары тең болатын фигура. — Ауданды табу, белгісіз қабырғасын табу формуласын еске түсіру. |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Үй тапсырмасын тексертеді. |
«Басбармақ» әдісі арқылы.
Дұрыс орындалған үй тапсырмасына 1 балл «Бас бармақ» әдісі
Жетондармен бағалау
Жетондармен бағалау
|
Оқулық
61-62 бет
«Wordwall»
«Сократив»
«Plickers» Бағдарламалары
|
||
Сабақты ортасы
16 минут
12 минут
|
2-тапсырма
— Алгоритм дегеніміз не? Түсініп ал! Бөлудің қалай орындалғанын қара. Түсіндіру. — Разрядтан аттамай бөлу деген ұғымды түсіндіру.
3 – тапсырма — Тақтамен жұмыс (әр топтан 1 оқушы) — Жеке жұмыс Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте. — 1 қатарды тақтаға орындау, 2 қатар өзіндік жұмысқа беріледі. — Тақтаға орындаған оқушы алгоритм бойынша түсіндіре отырып шығарады.
4-тапсырма Ұжымдық жұмыс Есепті оқу, талдау. — Не туралы? — Не белгілі? — Не белгісіз? — Қалай табамыз? — Шартын құру.
Математикаға-639 оқушы Шахматқа — ?, 3 есе кем ? кем Ш: 639- 639:3=426 Ж: шахматқа 426 оқушы кем қатысады.
ә) Топтық жұмыс Талдап алу. — Сұрағын өзгертеміз. — Енді нені табамыз? — Алдыңғы шартынан нені өзгертеміз? «Неше оқушы кем» деген сұрақты алып тастап, орнына «барлығы неше оқушы» деген сұрақ қоямыз.
Шешуі мен жауабын табамыз. Ш: 639+639:3=852 Ж: барлығы 852 оқушы барады.
Сыныпта үйірмеге баратын оқушылар бар ма? Шахмат үйірмесіне кімдер барады? — Шахмат – ақыл –ой ойыны. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. 1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады. Шахмат адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда септігі мол. Дескриптор: — қысқаша шартын дұрыс жазады -амал таңбасын дұрыс таңдайды -мәнін дұрыс есептейді. -жауабын толық жазады — есепті әртүрлі тәсілмен шығарады. (барлығы дұрыс орындалған жағдайда 1балл)
Сергіту сәті «Біз өнерлі баламыз» әні
Топтық жұмыс «Сократив» бағдарламасынан «True/False» яғни «Дұрыс-бұрыс», ойынын ойнаймыз. «Ақиқат немесе жалған» деп те айтуға болады.
6-тапсырма Өмірмен байланыс Гіртастары туралы мәлімет беру. Топтық жұмыс: 1 топ – шұжық 870 г 2- топ – ірімшік 785 г 3-топ – алма 355 г 4-топ – алмұрт 423 г Шұжық: 870 =500 г + 200г+100г+50г+20г Ірімшік: 785 = 500г+200г+50г+20г+10г+5г Алма: 355 = 200г+100г+50г+5 г Алмұрт: 423 г = 200г +200г +20г +2г + 1 г Шығармашылық тапсырма Берілген мәліметтермен есептер құрастыр.
Ұжымдық жұмыс: 7-тапсырма Бір – бірінен 50-ге кем немесе 50-ге артық болатын қандай 2 санның қосындысы 300-ге тең болады? 1 алма + 1 алмұрт = 300 г 1 алма + 100 г = 1 алмұрт + 50 г 1 алма + 100 г – 50 г = 1 алмұрт 1 алма + 50 г = 1 алмұрт 1 алма + 1 алма + 50 г = 300 г 2 алма = 300 г – 50 г 2 алма = 250 г 1 алма = 250 г : 2 1 алма = 125 г 125 г + 1 алмұрт = 300 г 1 алмұрт = 300 г – 125 г 1 алмұрт = 175 г 125+175 =300; 125+100=175+50 225=225
Сабақты қорытындылау «Plickers» бағдарламасынан сабақты қорытындылау мақсатында тест орындаймыз. |
Өрнектерді баған түрінде жазады және есептейді.
Есепті шығарады |
ҚБ:
Жетондармен бағалау дұрыс жауап 1 балл
ҚБ 1балл
Жетондармен бағалау
Жетондармен бағалау
Жетондармен бағалау
Жетондармен бағалау
Жетондармен бағалау |
Оқулық
Оқулық
|
||
Сабақтың соңы
Кері байланыс 5 минут |
«Үш сұрақ» әдісі
Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сен үшін не қиын болды? Саған қандай тапсырма қызықты болды? Үйге тапсырма: № 5, 62 бет |
Оқушы мұғалім қойған сұраққа жауап береді |
«Бағдаршам» әдісі бойынша өзін өзі бағалау |
Интерактивті тақта |
||