Құм сиқыры
Удербаева Гулзия Әділқызы
«Ақ сұңқар» бөбекжай-бақшасы.
Атырау қаласы.
Тәрбиеші
Технологиялық карта
«Ұлан» ересек тобы
Тәрбиеші : Удербаева Г
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, денсаулық.
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. сурет салу,жапсыру, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Құм сиқыры».
Мақсаты: Балаларға құм туралы түсінік беру. Құмның қасиетін анықтау. Құм сиқыры басты мақсаты -адам өміріне әсер ету,оны қорғау, құмды пайдалану арқылы жасалатын сиқырды көне заманда адамдар түрлі қажеттіліктер үшін қолданған.Балалардың эксперимент жасау арқылы қызығушылықтарын арттыру. Құмнан сурет салу тәсілімен таныстыру. Ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Қажет құралдар: Құм, қажетті құралдар.
Әдіс-тәсілі: Балалармен эксперимент жасау.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушы |
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық Күннің нұрын салайық Жүректің жылуын салайық Жиналған бар жылуды Қонақтарға шашайық! Ал енді бүгінгі күнге, бір-бірімізге деген ыстық лебіздерімізді айтып білдірейік. Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын айтады. Қайырлы таң досым Қайырлы күн болсын Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын Біздің балабақшамыз Қуанышқа толсын |
Бір-біріне деген ыстық лебіз тілектерін айтады.
|
Балалар бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ. Мынау менің қолымда қапшық. оның ішінде не бар екенін білесіңдерме? Ұстап байқап көріңдерші!
Балалар, бұл құм. Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз осы құм туралы. Біз құмның қасиетімен және сиқырымен танысатын боламыз. Құм сиқырын білу үшін құм әлеміне саяхатқа барғыларың келе ма? Саяхатқа немеғн барамыз? Ал енді ол үшін автобусмызға отырайық. Құм әлеміне барайық. Құм әлеміне жеткенше жолшыбай алдымен мұқиат тыңдап ,құм қасиеттерімен танысып алайық (балалар экранға назар аударайық) Құм пайлалы қазбалардың бірі. құм ақ, сары, қоңып, қызыл, қара болады. құм -–ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді. Тау тастарының үгінділерінен пайда болады. Бұл құм бірнеше топтарға бөлінеді: көлдік, теңіздік, шөлді, желдік. Құм бойына заттарды жеңіл сіңіреді. Адамдар құмды саз балшыққа араластырып кірпіштер жасайды. Және алуан түрлі ыдыстар жасайды. Құмның пайдасы өте көп. Құмның медицина жағынан емдік қасиеттері де бар. спорт түрінде де мысалы волибол кеңінен қолданады. Сол сиақты жан жануарлар мен өсімдщіктерге пайдасы көп.мысалы шөлді аймақта мекен ететін жануар өсімдік жәндіктерге орны ерекше. Осылайша құм тек құрылыс материалы ғана емес,сонымен қатар адам өміріне әртүрлі салаларында қолданатын өте пайдалы ресурс екен.
Құм сағат Баяғыда адамдар уақытты күн сағатына қарап білген. Уақытты күн сағатына қарап білу өте қолайсыз болды. Өйткені ауа-райы күн сайын жақсы бола келмейді. Бұлтты, жаңбырлы күндері уақытты біле алмайсың. Осындай проблема болмау үшін адамдар құм сағатын ойлап тапты. Құм сағаты екі шыны саүыттан тұрады. Олардың тұтасқан тар мойыны болады. Құм жоғарғы сауыттан төменгі сауытқа сусып ағады. Содан кейін сағатты аналдыру керек.
Айналдырғаннан кейін процесс басынан басталады. Құм сағаты уақытты дәл көрсетеді Құм әлеміне балалар келдік енді мына кедергі жолмен өтіп, құм әлеміне аяғымызды шешіп құмды аяқпен басып сезініп көрейік. Аяғымызға қатты ма? Жүмсақ па? Жылы ма? Салқын ба? Дымқыл ма? Құрғақ па? Енді балалар қолымызбен ұстап көрейік. тәжірибе жұмысын жасаймыз. Алдымен қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік. 1.Құмды ауызға салуға болмайды. 2.Құмды бір-біріне шашуға болмайды. 3.Лас қолмен көзді сүртуге болмайды. . Ал енді осы құмның қасиетін анықтау үшін тәжірибе жұмысын жүргізейік. 1-тәжірибе: құм жылы, ылғалды, сусымалы, шашырағыш. 2-тәжірибе: құмның суда сіңіруі. 3-тәжірибе: құмның сүзгіштік қасиеті.
4-тәжірибе: құмның ауыр жеңілдігін анықтау. Міне балалар құмның қасиетімен таныстық.көрдік қолымызбен ұстап .аяғымызбен басып сездік . Ал енді балалар осы құмды құрлысқа мүсіндеуге пайдаланатынында көрдік. Енді топқа барып сурет салып көреміз бе? Ал ендеше құм әлемінен бір шелекке құм салып алып кетейік. Топқа қайтатын уақыт болды. Автобусқа мініп, көңілді әуенмен қайту. Балалар саяхат ұнады ма? Не көрдіңдер? Балалар шығармашылық топқа отырады. Балалар құммен ненің суретін саламыз. Олай болса ,мен сендерге жұмбақ жасырайық жауабын табайықшы Жұмбақ Ақ сандығым ашылды,ішінен жібек шашылды. Сурет салу Айнөк бетіне құмды сеуіп.асықпай күннің суретін саусағымызбен салайық. Жапсыру. Күн суретін кілеймен жүргізіп оның бетіне құмды себелеп. Кейін артық қүмды төгіп ,күн бейнесін шығару
|
Балалар қапшықты ұстап көреді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар сұраққа жауап береді.
Жылы. Құрғақ.
Болмайды
Балалар қызығушылдықпен ұстайды
Балалар бір бірлеп күрекпен құмды салады
Күн |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар бүгін біз немен таныстық? Құм қандай болады? Құмның қандай қасиеті бар? Құммен не жасадық? Балаларға алғыс айтып мадақтап, Сұрақ–жауап арқылы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін пысықтау.
Ал, енді қонақтармен қоштасайық Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Аман –есен болайық оқу іс -әрекетті аяқтау.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Құм туралы және оның қасиеттерін біледі.
Түсінеді: экспериментті жұмыстар, құммен сурет салуды. өлі табиғат құбылыстары туралы,құм мен тастың айырмашылығын
Қолданады: құммен жұмыс жасағанда