Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың рөлі.
Умерзакова Жанар Базарбаевна
Лауазымы: Тәрбиеші
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу кенті
«Шаттық» бөбекжай-балабақшасы.
Кіріспе
Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жүйесі қоғамдағы өзгерістерге сай жаңарып, жаңа педагогикалық тәсілдер мен әдістерді қажет етеді. Балабақша – баланың алғашқы білім ошағы, ал тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, жетекшісі. Заманауи педагогтың рөлі тек оқытушы ғана емес, баланың жан-жақты дамуына бағыт беретін тәрбиеші, психолог, шығармашылық жетекші, зерттеуші және отбасы мен балабақша арасындағы байланыстырушы тұлға ретінде көрінеді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған білім беру әдістері тек қана білім мен дағды беруді емес, сонымен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін, сыни ойлауын, эмоционалдық интеллектін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Заманауи педагогтың негізгі міндеттері:
Заманауи педагог – тек дәстүрлі білім беру әдістерін қолданушы ғана емес, ол үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл маман. Оның басты міндеттері:
-Баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке көзқараспен оқыту мен тәрбиелеу.
-Әрбір баланың қызығушылығын анықтап, шығармашылық әлеуетін ашу.
-Балаға өз бетінше шешім қабылдауға, ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру.
-Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін түрлі инновациялық әдістерді қолдану.
-Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу.
-Ата-аналармен бірлесе отырып, баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелерін шешу. Заманауи педагог оқу-тәрбие үдерісінде тек мұғалім емес, сонымен қатар жетекші, кеңесші және серіктес болуы тиіс.
Баланың үйлесімді дамуы үшін заманауи педагог төмендегі негізгі бағыттарға көңіл бөлуі қажет:
Танымдық дамуға әсері — балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтауын, зейінін және танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында ойын түрінде білім беру маңызды.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту
Баланың қиялы мен шығармашылық ойлауын дамыту үшін:
Музыка, бейнелеу өнері, театрландырылған ойындар ұйымдастырылады.
Балаларды ертегілер мен әңгімелер ойлап табуға ынталандыру арқылы қиялдары дамытылады.
Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру
Баланың қоғамға бейімделуі және қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін
жұмыстар жүргізіліп, балалар арасында ынтымақтастыққа баулу жүзеге асырылады.
Физикалық белсенділікті дамыту
Денсаулық – баланың толыққанды дамуының негізі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізіу, табиғат аясында серуендеу мен дене шынықтыру жаттығулары ұйымдастырылады.
Заманауи білім беру технологияларын қолдану — бүгінгі таңда инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар баланың танымдық және шығармашылық дамуына зор ықпал етеді. Заманауи педагогтың міндеті – осы құралдарды тиімді пайдалану.
Ойын технологиялары — мектепке дейінгі балалар ойын арқылы білім алады. Ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар балалардың оқу материалын оңай қабылдауына көмектеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) — балабақшада интерактивті тақталар, мультимедиялық материалдар, анимациялық бағдарламалар кеңінен қолданылады.
ТРИЗ технологиясы (Шығармашылық тапсырмаларды шешу теориясы) – баланың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған әдіс.
STEAM әдістемесі — бұл әдіс ғылым, технология , өнер және математика салаларын біріктіріп, балалардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.
Ата-аналармен ынтымақтастық – табысты тәрбиенің кепілі
Ата-ана мен педагогтың серіктестігі – баланың тәрбиесі мен дамуының ең маңызды аспектілерінің бірі. Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланыс мыналарды қамтиды:
-Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
-Ашық сабақтар мен мерекелік шараларды бірлесіп ұйымдастыру.
— Баланың дамуы туралы кері байланыс беру.
-Отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша тренингтер өткізу.
Балабақша мен отбасы арасында берік байланыс орнаса, баланың дамуы жан-жақты жүзеге асады.
Қорытынды
Заманауи педагог – бұл жай ғана білім беруші емес, ол балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытушы, олардың өмірге деген қызығушылығын арттырушы және қоғамға бейімдеуші тұлға. Бүгінгі педагогтың басты мақсаты – болашақ ұрпақты шығармашыл, ойшыл, жауапкершілігі жоғары, еркін тұлға етіп қалыптастыру. Бұл міндетті орындау үшін педагог үнемі өзін-өзі дамытып, жаңашылдыққа ұмтылуы тиіс. Тек осылайша біз балаларға жарқын болашақ сыйлай аламыз!
Пайдаланылған әдебиеттер
- Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы: Білім, 2008.
- В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар
- МеңжановаА. «Мектеп жасына дейінгі балаларжы көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу/ методикалық құрал/
- Макенова Ж. Б., Нургалиева Н. Н. Балабақша мен отбасы қарым-қатынасының замануи мәселелері