«Қолында қағазын жоқ, маңдайында жазылып тұрған жоқ» 33 жыл бойы ақталмаған Алматылық желтоқсаншы

Тоқтарбек Айсара

1986 жыл 16 желтоқсан халық жадында мәңгілік өшпес із қалдырған күн.Баршаға аян 1986 жылы 16 желтоқсанда Мәскеу Қазақстан Компартиясының басшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен алып, оның орнына Қазақстанды білмейтін Геннадий Колбинді тағайындады. Бұл шешім қазақ жастарының наразылығын туғызып, 17 желтоқсанда Алматыда мыңдаған студенттің бейбіт шеруге шығуына түрткі болды.Алайда бейбіт түрде басталған шеру ақыр аяғы қаралы оқиғамен,әскерилер мен студенттер арасындағы қақтығыспен көрініс тапты.Кейіннен көтеріліске қатысқандарлың ішінде 8500 — ден астам адам қамауға алынып,240 шақты  студент оқудан шығарылып ,қоғамдық жұмыстан шеттетілді.Алайда бұл көтеріліс залалы тек бұнымен шектеліп қоймады ,алаңға шыққандардың көбі ауыр жарақат алып денсаулығынан айырылыды,халық арасында сотталған,қудаланған деген атқа ие болды, ең көңілге қаяу түсіргені 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Желтоқсан оқиғасына қатысқандардв ақтау туралы арнайы қаулы қабылдасада сол кездегі желтоқсаншылардың басым бөлігі бертінкеле ғана ақталған .Сондай желтоқсаншылардың бірі Утелбаева Кульсимхан апайымызбен жалпы желтоқсан көтерілісі туралы бүгін сұқбат жүргізбекпіз.

— Кульсимхан апай өзіңіз жайлы толық айтып өтсеңіз?

— Мен Утелбаева Кульсимхан Уалбековна 1962 жылы 15-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Катон-Қарайғай ауданында Еңбек ауылында дүниеге келген азаматшасымын. Әкем Уалбек Касенұлы, анам Капура Сейтқызы отбасымызда 7 ағайыдымыз. Мектепте оқып жүргенде спорттың барлық түрлерімен – воллейбол,жүгіру, шаңғы, коньки тебумен,  айналысқан болатынмын. Әсіресе жүзуді жақсы көретінмін. Бұхтырманың бойында, асау толқындармен алысып жүзетінмін. 1980 жылы Орлахан Бөкеев жазушы ағамыздың ауылында – 9-10 сынып мектепті бітіргенсоң, арман қуып Алматыға бардым. Оқуға түсе алмай, Алматинский Домостроительный Комбинатка жұмысқа тұрдым.

— Кульсимхан апай ал желтоқсан оқиғасы қалай басталды,алаңға қалай шықтыңыз?Жалпы желтоқсан оқиғасы туралы айтып берсеңіз!

— 1986 жылы 16 желтоқсан күні кешкі сағат 18-00де АДК-ның (Алматинский Домостроительный Комбинатының) спорт комплексінде волейбол секциясына барғанмын, ол жерге келгенде тып-тыныш, өзіммен бірге волейболға қатысатын ешкімді таппай, кері общежитияға келдім. Алдымнан общежитие комендаты шығып, ұмытпасам Ольга Васильевна мені тергеуге ала бастады: «-Қайда болдын?, -Қайдан келесің?»-деп, мен оған спортзалға бағанымды айттым. Ол маған өз комнатаңа барып ешқайда шығушы болма деп ескертті. Келесі күнінде 17 желтоқсанда күні таңертен қыздар есік қағып бізге көтеріліс басталғанын хабарлады. Сағат 8-де жұмыс орнына бардым. Ол кезде АДК-ның №1 заводтың, 4-цехте, 3-ші разрядты штукатур болып жұмыс істедім. Жұмысқа барғанда Белый домның алдынан өткенде бутовканың(киім ауыстыратын жер) алдарында ДНД-деген жазуы бар ДНД-мушелері жүрді. Жұмыс орнына келгенімде екіден-үштен топтасып күбір-күбір етіп сөйлесіп тұрған орыстарды көрдім, олардын арасында қазақтар аз болды, олар партия мүшелері еді. Ол кезде мен цехта группкомсорг болғанмын, партия мүшесіне менде өтініш берген болатынмын. Ешкім жұмыс жасамағаннан мен мастерлер отырған бөлмеге кірдім. Ол жерде страший мастер Абай Рашидович және Рая Жексенгалиева отырған болатын, оларға кететінімді айтып, цехтан кетіп бара-жатқанымда алдымнан бригадир Шайхов шығып «-Қайда барасың? –Жұмыстан кетпе!»-деп ескертті, ал мен оны тындамай киімдерімді ауыстырып жұмыстан кетіп қалдым. Жұмыстан шығып Абая-Софьякавалевскийге дейін жаяу тусіп аялдамаға келіп автобусқа отырсам, өзім сияқты жастар көп болды. Солармен бірге мен –

«Қаным қызу – Қазақ азаматы және еліміздің патриоты » ретінде оқиға алаңына баруға бел будым! Сөйтіп таңғы 9-дарда, Брежнев алаңына бардық. Сол кезде көргенім – жастардың көптігі және алаңды қоршаған қолдарына дубинкаларымен щит ұстаған солдаттар болды. Алдыңғы қатарында қазақ солдаттары, олардың артында басқа ұлт солдаттары, ал соңғы рядтарда қолдарына ДНД деген қызыл жолақ таққан орыстар мен қазақтар болды-солардың колдарында газет оралған арматура болғаны есімде анық сақталған. Қасымда АДК-да менімен бірге жұмыс істейтін қыздар-жігіттер бәріміз солдаттарға жақын барып тілдеспекші болдық, бірақ ешкімнен жауап алалмадық. Мінбеге (трибунаға) шығып жастарға «Тараңдар»-деген партия мүшелерінің бір сөзін естісек бір сөзін естімедік. Себебі адамдар көп болды, олардың барлығы сұрақтарына жауап алу үшін мінбеге жақындауға ұмтылған жастардың әрекетінен ештеңке шықпады. Сөйтіп жүргенде келіп-жеткен ауыр техникадан, тұрған жастар жан-жаққа қаша жөнелді. Ал мен болсам аяғым тайғанақтап кайда қашарымды білмей ортада қалып қалдым. Енді оңтайланып ешкім жоқ жаққа қашуға ниеттенген кезде алдымнан бір орыс солдаты жаман сөзбен айқалап маған қарсы ұмтылды, мен артқа қарағаным сол еді – басымнан қатты соққы алып, жерге құладым. Сол кезде жан –жақтан солдаттар келіп ішімнен — арқамнан теуіп – дубинкаларымен соққылай жөнелді. Бар білгенім қолымдағы сумкамен басымды қорғаштай бердім. Олар мені боқтап тепкілеп –ұра берді, сәлден соң өзге ұлт солдаты қырғызба – өзбекпе білмеім айғай салды «-Вы что убьете ее?!»-деп келіп мені орнымнан тұрғызды. «-Неге келдің?-Өлтірсе қайтесін?»-деп мені қолтықтап трибуна жаққа алып жүрді. Менің оның сөздерінен түсінгенім осығана болды, себебі мен оның тілін дұрыс түсене алмадым. Трибуна жақтағы лестницада өтіп бара жатқанда ДНД-деген қызыл жолақ таққан орыс азаматтары қолдарындағы газетке оралған арматурамен, өтіп бара жаткан онсызда таяқ жеген біздерді ұрып-соқты. Әлгі солдат мені қорғаштап автобусқа дейін жеткізді,  соның өзінде маған бір-неше соққы тиді. Трибунаның артында бір- неше автобустар тұрды, автобуске кірмейміз деп қарсыласқан жастарды ДНД-мушелері қолдарында газетке оралған арматуралармен аяусыз ұрып-соқты. Сөйтіп біз көпшілігі қыздар, жігіттер аз болды, біздің бастарымыздан, құлақтарымызыдан, мұрындарымыздан қан аққан жастарды РОВД-ға апарамыз деп, атобусқа тиеп алып кетті. Алдымызда қолына пистолет ұстаған милиция бар, біз ол милициядан бізді босатуын өтіндік , бірақ тыңдамады. Бірімізге – біріміз көмектесейік деп, орнымыздан қозғалсақ атамын деп қорқытты, сөйтіп кім орамалын кім басындағы шапкасын беріп басындағы, мұрындағы, кұлақтан аққан қанды тоқтатуға көмектестік. Ал милициядан қанша сұрасақта айтқанынан қайтпады, сол кезде « Автобусты тоқтатпасаң, онда бізді атып таста»-деп, қыздар орнымыздан тұрып кейбірі шаферға, кейбіріміз милицияға жармастық, сол кезде автобус аударылып қала жаздап, милиция жігіт автобустың төбесіне оқ атып, автобус тоқтады, бәріміз тыныш отырып қалдық. Милиция жігіт бізді сабырға шақырып «-Жарайды, мен сендерді тынышталсаңдар РОВД-ға апармаймын, бірақ қайта келмес үшін сендерді басқа жаққа апарып тастаймыз!» -деп, СОВХОЗ АЛАТАУДАН ары орманға алып барды. Ол жерде қазылған терең ор бар екен, орға жақын тоқтап есік ашылған соң – шофёр мен милиция жігіт екі жақтан бізді орға итеріп домалатып жіберді. Өздеріңіз білесіздер қар қалың, күн суық, бір –неше сағат арпаласып, бірімізді – біріміз сүйреп сол терең  ордан (котлован секілді үлкен болды) шықтық. Сол жақтан әзер қалаға түсіп қыздармен больницаға бардық.  Содан соң, әрең дегенде общежитияға келдік, мен өз бөлмеме барсам мен ол кезде Рая сіңіліммен бірге тұрғанмын, Рая жоқ. Аз-кем демалып, 3 – метрлік шарфпен қатты белімді –арқамды буып алып сіңілімді қайдан іздеймін деп далаға шықтым, біздің общежитие Абая-Гайдарада болатын. Жан –жағыма қарап тұрсам төмен жақтан Төле би Гайдара жақтан келе жатқан сіңілімді Раяны таныдым, сағат 11-ден бастап артынан түскен құғыншылардан, милициялардан қашып, жаяулатып подъезддерге иттерден тығылып общежитияға жеткені сол екен. Ол басынан соққы алған, (сол себебтен қазір көзі дұрыс көрмей жүр) больницаға барып қарал дегенімде бармай қойды, жұмысқа орналасқаным жаңа олар жұмыс орнына  айтса мені шығарады деп бармады, басын өзім танып бердім, сәл жылынып сыртқа шықтық – жаспыз қанымыз қайнап тұрған едік. Қарасақ біраз қыз жігіттер жиналып алаңға барамыз деп ақылдасып тұр екен, оларға бізде Рая екеуміз қосылдық. Барлығымыз 30 шақты адам болып шықтық, оның арасында  Марат Дукембаев, Аманжол Дүсіпов деген класстасым(қайтыс болып кеткен) барлығымыз да АДК-да жұмыс істедік, көбісінің аттары есімде жоқ. Жиналған жастар бәріміз әңгіме –дүкен құрып, ән айтып Абая көшесінің бойымен Абылайхан көшесіне баражатқанымызды, сол кезде суреттке түсіріп алыпты – біз оны білген жоқпыз (оны мен интернеттен  бертінде көрдім – дәлел ретінде көрсеттім, ол сүретті С.З.Зиманов өз кітабінде «Парламент Казахтана в трудные годы провозглашения независимости» деген 80 –ші беттен басталатын «декабрьские события 1986г. вАлма-Ате в фотодокументах» деген бөлімде сол суреттер басылып шығарылған 2011жылы). Абылайхан көшесінде жеткенде ары қарай күзетте тұрғандар  бізді жібермеді, біздің үйге қайтуымызды талап етті. Біз тобымызбен ән айтып артқа қайттық, біздің артымыздан ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ машинасына мінген адамдар, милиция иттермен бізді общежитияға дейін кіргізіп кетті. Ертеңінде 18 желтоқсанда таңертен сіңілім екеуміз тағы да Абая Фурмановаға түсіп Абай көшесінің бойында жүрдік, не болғанын өз көзімізбен көргіміз келді, бірақ біз алысқа баралмадық. Сөйтіп жүргенімізде ТАМАШАда ойнаған Шолпан апай құрбысымен жүр екен, ол кісімен таныстық. Ол жерде біраз жүріп общежитияға қайттық. Біз бөлмеге келіп шай ішіп отырғанымызда, вахтаға шақырды, бір қыз келді деп. Барсам жұмыстан жіберіпті, ертен жұмысқа шықсын, әйтпесе жұмыстан шығарып жібереміз депті.

1986 жылының 19 желтоқсанында жұмысқа келдім. Барлық жұмысшыларды АДК-аның Актовый залына жиналысқа шақырды. «Күн тәртібінде – себепсіз қалған жұмысшының тәртібі» туралы болды. Стол басында жайғасқан цех начальнигі Шитов В. Және профком мүшелері, қыз жігіттерден жауап ала бастады. Жастардың бірі бардым десе, кей бірі бармадым деп жауап берді. Кезек мағанда келді, сол кезде біздің бригадир Шайхов маған қарап «Ешқайда бармадым, қорқып жұмысқа келмедім, общежитиядан шықпадым» — деп айт деді.

Мен болсам «-Неге мен өтірік айтуым керек. Бойымда патриоттық рухым бар, жүрегім Қазағым деп соғып отырғанда, не үшін қорқуым керек»-деп, жиында отырған басшыларға «Менде бардым, өз көзіммен көргім келді»дедім. Олар мені сұрақтардың астына алды. «Бардым» деп жауап берген жігіттердің арасында бас көтерген, жалғыз қыз мен болдым. Олар мені айптап, заңға қарсы келгенімді бетіме басты, мен ешқандай заңға қарсы келмедім, әділдік жолында өз көзіммен көру үшін барып, солдаттардан таяқ жегенімді айттым. Қолымда қаруым жоқ, мені неге дубинкамен басымнан урып соғып, құлаған кезде тепкілегенін баріне айтқанымда, біреулері маған «Таяқ жегеніңді бізге қалай дәлелдейсің?»-деп сұрады. Мен көп ойланбастан, «У меня вся спина в синеках, могу раздеваться и показать» дедім. Олар маған шешінудін қажеті жоқ деп, арықарай тексеру үшін, номер 1 заводтың жиналысына, белый домға (Алма-Атинский Домостроительный Комбинатқа) жіберді. Белый домда болған жиналыста Москвадан келген ЛКСМ комсомол комитетінен кеген орыс жігіті (аты-жөні есімде жоқ) маған, «Жігіттердін арасында жалғыз қыз неге? Не үшін бардын?» деген көптеген сұрақтар қойды. Мен айтқанымнан қайтпадым!

Белый домдағы совет мүшелері, бұрынғы АДК-нын директоры Сатаев мырза, қазірге дейін болған директоры Дабылов мырза және басқалары «мені жұмыстан шығару керек деп, дауыс беруге кірісті». Совет мүшелері 13 адамнан құрылған, 6-сы қарсы – 7-уі менің жағымда болды. Менің жағыма шығққан АДК-ның сол кездегі директоры Сатаев мырза, менің 2 жасқа толмаған қызымнын барын ескеріп, жұмыста қалуымды қолдады. Сөйтіп жылдын аяғы болғандықтан 13-і, 14-і деген сыйақыдан және бір жыл бойы барлық сыйақыны ала алмайтынымды айтты. АДК-да істеген орыстар мені көрген бойда біраз уақытқа дейін (2 жылдай) саусақтарын шошайтып — «смотрите девушка, которая хотела раздеваться» деп мазақ етумен болды. АДК-нын өзінің емханасына ауырып барсам «Халық жауы»деп қарамады, сол дәрігерлердің жауапсыздығынан қазіргі күні мүгедек болып отырмын.

2010 жылы операция жасағаннан аяқ – қолым  жұмыс істемей қалды. Екі жылдай төсекке таңылып  жатып қалдым. Сол кезде дәрігерім топ мүгедегін ауыстыру тұралы айтпаған, дұрыстап қарамаған. Денсаулығыма көңіл аударып ізденуге уақыт болмады, кейін уақыт болса ақшам болмады. Солай уақыт өте берді.

— Ал ол кездері мемлекет тарпынан желтоқсаншы ретінде көмек көрсетілмеді ме ,желтоқсан оқиғасына қатысқанығыз туралы айтып көрмедіңіз бе?

— Оныда айттым, барған жерімде 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқанымды , зардап шеккенімді айтсам, «Қолында қағазын жоқ, маңдайында жазылып тұрған жоқ» деп мені келеке еткендей күліп отыратын. Сонда мен 1986 жылдағы желтоқсан оқиғысынан көрген зорлық –зомбылықты , кейінгі жылдардын қорлаулары, кемсіткеніндерді әлі күнге дейн көрудемін. АДК-да бірге жұмыс істеген адамдармен кездескен кезде сұраққа алып жатады, ақталдынба сен, неге ақталмай жүрсін деп.

— Ал өзіңіз осы уақытқа дейін ақталуға өтініш білдіріппе едіңіз?Шыныменде рсы уақытқа дейін ақталмауығыздың себебі неде?

— Мен бұл жөнінде 1998-2000 жылдардан бастап ізденгем, «Желтоқсан» одақтарына талай рет барып, есіктерінің алдарында отырдым, бірақ бір-де біреулерімен «кейін кел деп, содан соң кездесейік» деп приемдарына кіре алмағанмын.

Сол оқиғаның салдарынан көптеген қыйындықтарды көрдім. Халық жауы атанып дәрігерлер дұрыстап қарамады, соның салдарынан денсаулығыма қатты зақым алғандықтан Бехтерева (окостенение позвоночника) ауыруына шалдығып, жасыма жетпей бүкірейіп II-топ мүгедегі болып ұзақ уақыт емделіп жүрмін. Әлі күнге дейін желтоқсанның құрбаны болып жүрмін. Бірақ

2019 жылы бүкіл құжаттарымды жинап 33 жылдан кейін заңды түрде өзімді ақтап шықтым, оған менің қызым заңды түрде -барлық құжаттарды жинап, сотта ақтап көмектесті.

Қазіргі таңда Құдайға сансыз шүкір тәубә етемін – отбасым үлкен! Жолдасым Болатхан Қонақбайұлы Алматы облысның Талдықорғаның тумасы. Үш қызымыз бар, олар бой жетті. Қыздарымыздың екеуі тұрмысқа шыққан,  алты жиен немерелеріміз бар.  Аллаға шүкір! Отбасыма үлкен рахмет, мені әрдайым қолдап – күш қуат беріп жүргендеріне алғысым шексіз! Қырық бес жыл Алматыда тұрсамда, туған жерімді ұмытпаймыз, сағынамыз, отбасыммен бірге жиі баруға тырысамыз!

Мен «Қазақ Елінің патриотымын! Қазақ елінің Азаматымын!» деп, осы жағдайларды басымнан өткізген, үлкен зардап шеккен Қазақстан Республикасының Азаматшасымын.

— Кульсимхан апай қашанда болмасын Желтоқсан көтерілісне қатысып жас  болсаңыздар да ел мүддемін қорғап осындай бейбіт күнге жетуге үлес қосқандарыңызға алғысымыз шексіз,қалайда болмасын сіздердің алдарыңызда мәңгі борыштармыз!Сіздің оқиғаңызды ести отырып шыныменде тәнті болып отырмын,жас болсаңыздарда алаңға шығып осындай ерлік көрсеткендеріңіз ,ұлтжандылқтаоыңызға тәнтіміз!Сіздердің алдарыңызда осынау ерліктеріңіз үшін басымызды иеміз.Деніңізге саулық,басыңызға амандық тілеймін ,отбасыңыздың жанында бақытты да баянды ғұмыр кеше беріңіз!Сіздердің ерліктеріңіз ,ұлы есімдеріңіз мәңгілік халық жадында!Алтын уақытыңызды бөліп сұқбат бергеніңіз үшін алғысымды білдіремін!

— Аумин ,сағанда рақмет қызым, өзіңде еңбектерінің жемісін көр, жұмыстарыңа сәттілік тілеймін!Елеп ескеріп сұқбат алып ,жылы лебізіңді білдіріп жатқаныңа рақмет!Сендердей ұрпағы бар біздерде арман жоқ,еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер ғой шырақтарым  !Қайда жүрсеңдерде аман болыңыдар!

Сайып келгенде, Желтоқсан оқиғасы — біздің,егемендікке жету жолындағы алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі. Біз бүгін  азат ел болып, тәуелсіздіктің жемісін көріп отырсақ,бұл- сол кездегі жас ұландарлың ерлігі мен қайсарлылығының арқасы. Дәл осы Кульсимхан апайымыздың ерлігі мәнгілік  ел есінде .Сексен алты ызғарымен денсаулығынан айырылып , халык жауы атанып, 33 жыл дегенде барып ақталсада сол кездегі істеген ісіне ,алаңға шыққанына еш өкінбеген !Ерен еңбек ,қажырлылығы үшін әр бір желтошсаншы алдында тәуелсіз елдің ұрпақтары ретінде мәңгілік борыштармыз!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *