Алматы облысындағы экстремалды туризмнің әлеуетін талдау

Болат Аяулым 
2 курс студенті
Жетекшісі: Дюсекеева Еркегуль Талгатовна
«Туризм және қонақжайлылық» ББ
Нархоз университеті, Алматы қ., Қазақстан

Аңдатпа.

Бұл мақалада Алматы облысындағы экстремалды туризмнің қазіргі жағдайы мен даму мүмкіндіктері қарастырылады. Алматы облысы – Қазақстандағы экстремалды туризмді дамытуға ең қолайлы өңірлердің бірі. Оның табиғи ерекшеліктері – таулы аймақтар, өзен-көлдер, шатқалдар мен ерекше ландшафттар экстремалды демалыстың алуан түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде аймақта альпинизм, фрирайд, парапланеризм, рафтинг, маунтинбайк сияқты спорт түрлері танымалдылыққа ие.

Дегенмен, бұл саланың қарқынды дамуына бірқатар кедергілер бар. Атап айтқанда, Алматы облысындағы көптеген туристік бағыттарға жету қиын, өйткені жолдар мен байланыс жүйелері толық дамымаған, бұл инфрақұрылымның жеткіліксіздігін білдіреді. Қауіпсіздік талаптары да толық сақталмайды – арнайы белгіленген маршруттар аз, ал құтқару қызметтері жетілдірілмеген. Сонымен қатар, экстремалды туризмге қажетті құрал-жабдықтар мен қызметтердің бағасы жоғары, бұл көпшілік үшін қаржылық тұрғыдан қолжетімсіз. Аймақтың туристік мүмкіндіктері мен бағыттары туралы ақпараттың жетіспеушілігі де үлкен мәселе, себебі көптеген туристер қажетті мәліметті таба алмайды.

Бұл мәселелерді шешу үшін бірнеше шараларды ұсынатын боламыз. Ең алдымен,  туристік инфрақұрылымды жетілдіру – жолдар, демалыс базалары, байланыс желілері мен қауіпсіздік бекеттерін дамыту. Сондай-ақ қауіпсіздік стандарттарын енгізіп, арнайы маршруттарды бекіту және құтқару қызметтерін күшейту. Әрі кәсіби нұсқаушылар мен гидтерді даярлау жүйесін дамыту және аймақтың туристік әлеуетін кеңінен насихаттау, арнайы ақпараттық платформалар жасау маңызды. Тағы бір ұсыныс ретінде — ол барлық тұтынушыларға қолжетімді әрі тиімді бағаларды қалыптастыру, бұл өз кезегінде аймаққа келетін туристер санын арттырып, экстремалды туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Алматы облысында экстремалды туризмді дамыту – өңірдің экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, туристік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жалпы туристік тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл аймақты Қазақстандағы экстремалды туризмнің негізгі орталықтарының біріне айналдыруға жағдай жасайды.

Аннотация.

В данной статье рассматривается современное состояние и возможности развития экстремального туризма в Алматинской области. Алматинская область-один из самых благоприятных регионов для развития экстремального туризма в Казахстане. Его природные особенности-горные районы, реки-озера, ущелья и необычные ландшафты-позволяют развивать широкий спектр экстремальных видов отдыха. Сегодня в регионе набирает популярность такие виды спорта, как альпинизм, фрирайд, парапланеризм, рафтинг, маунтинбайк.

Однако есть ряд препятствий для быстрого развития этой отрасли. В частности, многие туристические направления в Алматинской области труднодоступны, так как дороги и системы связи не полностью развиты, что означает недостаточную инфраструктуру. Требования безопасности также не соблюдаются полностью-специально обозначенных маршрутов мало, а спасательные службы несовершенны. Кроме того, цены на оборудование и услуги, необходимые для экстремального туризма, высоки, что финансово недоступно для большинства людей. Отсутствие информации о туристических возможностях и направлениях региона также является большой проблемой, поскольку многие туристы не могут найти нужную информацию.

Мы предложим несколько мер для решения этих проблем. Прежде всего, совершенствование туристской инфраструктуры – развитие дорог, баз отдыха, линий связи и постов безопасности. Также внедрение стандартов безопасности, утверждение специальных маршрутов и усиление спасательных служб. Важно развивать систему подготовки профессиональных инструкторов и гидов и популяризировать туристский потенциал региона, создавать специальные информационные платформы. Еще одно предложение-это формирование доступных и выгодных цен для всех потребителей, что, в свою очередь, позволит увеличить количество туристов, посещающих регион, и положительно скажется на развитии экстремального туризма.

Результаты исследования показали, что развитие экстремального туризма в Алматинской области – положительно влияет на экономику региона, позволяет создать новые рабочие места, улучшить качество туристских услуг и повысить общую туристскую привлекательность. Это позволит сделать регион одним из основных центров экстремального туризма в Казахстане.

           The abstract.

          This article discusses the current state and opportunities for the development of extreme tourism in the Almaty region. Almaty region is one of the most favorable regions for the development of extreme tourism in Kazakhstan. Its natural features-mountainous areas, rivers and lakes, gorges and unique landscapes allow the development of a wide variety of extreme recreation. Today, such sports as mountaineering, freeride, paragliding, rafting, mountain biking are gaining popularity in the region.

However, there are a number of obstacles to the rapid development of this industry. In particular, many tourist destinations in the Almaty region are difficult to reach, as roads and communication systems are not fully developed, which means insufficient infrastructure. Safety requirements are also not fully observed – there are few specially designated routes, and rescue services are not perfect. At the same time, the cost of equipment and services necessary for extreme tourism is high, which is financially inaccessible to many. The lack of information about the tourist opportunities and directions of the region is also a big problem, because many tourists cannot find the necessary information.

We will offer several measures to solve these problems. First of all, the improvement of tourist infrastructure is the development of roads, recreation centers, communication lines and security posts. Also introduce safety standards, approve special routes and strengthen rescue services. It is also important to develop a system for training professional instructors and guides and popularize the tourist potential of the region, create special information platforms. Another proposal is to create affordable and favorable prices for all consumers, which in turn will increase the number of tourists coming to the region and will have a positive impact on the development of extreme tourism.

The results of the study show that the development of extreme tourism in the Almaty region will have a positive impact on the economy of the region, create new jobs, improve the quality of tourist services and increase the overall tourist attractiveness. This will make the region one of the main centers of extreme tourism in Kazakhstan.

 

Кілт сөздер: Экстремалды туризм, Алматы облысы, даму мүмкіндіктері, қиындықтар, туристік инфрақұрылым, ұсыныстар

Зерттеу мақсаты: Алматы облысында экстремалды туризмнің қазіргі жағдайын талдап, оның дамуына кедергі келтіретін негізгі қиындықтарды анықтау және осы мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақстандағы экстремалды туризмнің ағымдағы жағдайын, экономикалық және әлеуметтік әсерін талдау.
  2. Экстремалды туризмнің түрлерін өңірлік табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін факторларды зерттеу.
  3. Алматы облысында экстремалды туризмді дамытуға бағытталған тиімді шараларды ұсыну.

Зерттеу әдістері: сауалнама, SWOTталдау,  талдау-зерттеу.

Кіріспе.

Қазіргі таңда экстремалды туризм – туризм индустриясының ерекше тармағы ретінде соңғы жылдары кеңінен дамып келе жатқан бағыт. Бұл туризм түрі табиғатпен және белсенді өмір салтымен байланысты, сондықтан да оның дамуы белгілі бір аймақтардың табиғи ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Осы тұрғыда Алматы облысы экстремалды туризмді дамытуға қолайлы және әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады.

Алматы облысы – Қазақстандағы ерекше табиғи-географиялық аймақтардың бірі. Бұл өңір Іле Алатауының биік таулары, өзендері, көлдері мен шөлейтті жазықтарымен ерекшеленеді. Облыс аумағында Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік бөлігі орналасқан. Осындай әртүрлі ландшафт пен қолайлы климат экстремалды туризмнің әртүрлі түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда альпинизм, тау шаңғысы, фрирайд, парапланеризм, рафтинг және маунтинбайк сияқты белсенді демалыс бағыттары қарқынды дамып келеді. Экстремалды туризм Алматы облысы үшін тек туристік бағыт ретінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды құралы ретінде де қарастырылады. Бұл сала жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, туристік қызметтер көрсету сапасын арттыруға және өңірдің халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экстремалды туризм табиғатты қорғау және тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған орай, Алматы облысындағы экстремалды туризмнің әлеуетін жан-жақты талдау – бұл бағыттағы мүмкіндіктер мен даму жолдарын анықтауда маңызды рөл атқарады.

Алматы облысы – Қазақстандағы ең ерекше географиялық аймақтардың бірі. Мұнда таулы аймақтар, өзен-көлдер мен ерекше ландшафттар экстремалды туризмнің түрлі бағыттарын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Су туризміне қатысты өңірде Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы рафтинг, каякинг және вейкбординг сияқты белсенді демалыс түрлеріне өте қолайлы. Сонымен қатар, таулы аймақтарда қар еріген кезде өзендердің ағысы күшейіп, экстремалды су спортын дамытуға мүмкіндік туындайды.

1-сурет. Экстремалды туризм түрлері. (Дереккөз негізінде автормен жасалған)

Таулы туризм бағытында Заилий Алатауы мен Алтай таулары қысқы спорт түрлерін сүйетіндер үшін нағыз жұмақ. «Шымбұлақ», Табаган» және «Алтай Альпілері» курорттары тау шаңғысы мен сноуборд әуесқойларына жоғары деңгейдегі қызмет көрсетеді. Шымбұлақтың жылдамдыққа арналған трассалары мен могул, хафпайп аймақтары ерекше танымалдылыққа ие. [1] Cонымен қатар әлемге әйгілі Тянь-Шань тауларында альпинизм, фрирайд және тау шаңғысы кеңінен дамыған. Жер туризмі саласында маунтинбайкинг пен спелеология (үңгір зерттеу) бағыттары жақсы дамыған. Алматы облысының шөлейт және жартасты аймақтарында велоспорт пен Х-жарыстар өткізуге қолайлы маршруттар бар. Ауа туризміне келетін болсақ, Үлкен Алматы шатқалы мен Көк-Төбе аймағы парапланеризм мен дельтапланеризм сияқты спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағыт соңғы жылдары туристер арасында үлкен танымалдыққа ие болуда. Өңірде айтып кеткен экстремалды спорт түрлері танымал болғанымен, жергілікті халықтың бұл салаға белсенді қатысу деңгейі төмен болып отыр. Бұл жағдай біз келесіде сипаттайтын әртүрлі факторлармен байланысты. Сондықтан, аймақта экстремалды туризмді дамыту тек табиғи мүмкіндіктерді тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың қатысуын арттыратын қолайлы жағдайлар жасауды да талап етеді.

Бұл мәселені нақты көрсету үшін біз сауалнама жүргізіп, тұрғындардың экстремалды туризмге деген көзқарасын, қызығушылық деңгейін және осы салаға қатысуына кедергі келтіретін негізгі себептерді анықтауды мақсат еттік. Сауалнама нәтижелері арқылы халықтың экстремалды туризмге деген шынайы қызығушылығын бағалап, оны дамыту үшін қандай шаралар қажет екенін анықтауға тырысамыз.

Сурет 1. Респонденттер берген 1-ші сұрақтың жауабы

«Қандай экстремалды туризм түрлеріне қызығасыз?» деген 1-ші сұраққа 102 респондент жауабы келесідей бөлінді:

  • Шаңғы, сноуборд — 42 адам (41,2%); ● Трекинг (тауға шығу) – 39 адам (38,2%); ● Серфинг – 35 адам (34,3%); ● Фрирайд (шаңғы, сноуборд) – 28 адам (27,5%); ● Скейтборд – 26 адам (25,5%); ● Рафтинг (қайықпен жүзу) – 25 адам (24,5%); ● Дайвинг – 24 адам (23,5%); ● Жартаста өрмелеу – 23 адам (22,5%); ● Парапланеризм – 22 адам (21,6%); ● Велотуризм (маунтинбайк) – 19 адам (18,6%); ● Альпинизм – 18 адам (17,6%); ● Каякинг – 16 адам (15,7%); ● Киберспорт – 1 адам (1%); ● Трейл-раннинг – 1 адам (1%). Бұл нтижелер көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі экстремалды туризмнің табиғатпен байланысты түрлеріне қызығушылық танытады. Ең танымал бағыттар – шаңғы жне сноуборд, трекинг, серфинг. Ал каякинг пен трейл-раннинг сияқты бағыттар халық арасында аса танымал емес екенін байқауға болады.

Сурет 2. Респонденттер берген 2-ші сұрақтың жауабы

«Экстремалды туризммен айналысу үшін ең басты кедергі қандай?» деген 2-ші сұраққа 102 респондент жауап берген.

Жауаптар келесідей бөлінді:

  • Қауіпсіздік мәселесі – 27 адам (26,5%); ● Қажетті инфрақұрылымның болмауы – 26 адам (25,5%); ● Қымбаттығы – 19 адам (18,6%);
  • Ақпараттың жеткіліксіздігі – 18 адам (17,6%); ● Қызығушылығым жоқ – 11 адам (10,8%); ● Жеткілікті деңгейде дамымағандығы — 1 адам (1%).

Бұл нәтижелер көрсеткендей, экстремалды туризммен айналысудағы басты кедергі ретінде қауіпсіздік мселесі мен қажетті инфрақұрылымның болмауы ерекше орын алады. Сонымен қатар, қымбатшылық пен ақпараттың жеткіліксіздігі де маңызды кедергілер қатарына жатады. Ал халықтың аз бөлігі ғана бұл салаға қызығушылық танытпайтынын білдірген.

Алматы облысы экстремалды туризм үшін қаншалықты қолайлы деп ойлайсыз? атты 3 ашық сұраққа 102 респондент келесідей баға берген:

Экстремалды туризмді дамытуға Алматы облысы өте қолайлы: Алматы облысының табиғаты – таулар, өзендер, шатқалдар мен шөлді аймақтар – экстремалды туризмнің дамуына үлкен мүмкіндік береді. Мұнда альпинизм, фрирайд, шаңғы спорты, парапланеризм, рафтинг, каякинг және басқа да спорт түрлерімен айналысуға болады.

Туризм инфрақұрылымы толық дамымаған: Кейбір туристік аймақтарда жолдар, қонақүйлер және қауіпсіздік инфрақұрылымы жетіспейді. Егер осы мәселелер шешілсе, экстремалды туризмді дамыту әлдеқайда тиімді болар еді.

Қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы керек: Экстремалды туризм жоғары қауіппен байланысты. Кейбір бағыттарда қауіпсіздік жүйесі толық дамымаған, сондықтан қауіп-қатер деңгейі жоғары. Егер қауіпсіздік шаралары күшейтілсе, бұл салаға қызығушылық арта түседі. Алматы қаласында экстремалды туризм үшін жағдай бар, бірақ Алматы облысының кейбір шалғай аймақтарда қиындықтар кездеседі: Алматы қаласының өзінде тау спорты, парапланеризм, шаңғы және сноуборд сияқты экстремалды спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Алайда кейбір шалғай аймақтарда инфрақұрылымның әлсіздігі белгілі бір қиындықтар туғызады.

Табиғаттың сұлулығы мен әртүрлілігі – үлкен артықшылық: Алматы өңірінің табиғаты ерекше әсем, мұнда жылдың кез келген мезгілінде экстремалды туризммен айналысуға болады. Биік таулар, өзендер, шатқалдар мен мұздықтар – адреналинді жақсы көретіндер үшін керемет мүмкіндік. Қаржылық қолдау мен дамытуды қажет етеді: Экстремалды туризмді кеңейту үшін мемлекет пен инвесторлар тарапынан қолдау қажет. Егер қаражат бөлініп, қажетті инфрақұрылым жасалса, бұл аймақ нағыз туристік орталыққа айналар еді.

Қысқы және жазғы спорт түрлеріне өте қолайлы: Алматы облысында жылдың кез келген мезгілінде экстремалды спорт түрлерімен айналысуға болады. Қыста – шаңғы мен сноуборд, жазда – альпинизм, рафтинг, парапланеризм, квадроцикл және джип-турлар.

Шет ел тәжірибесін енгізу маңызды: Басқа елдердегі экстремалды туризмнің даму үлгілерін қолданып, Алматы облысында да жаңа туризм түрлерін дамытуға болады. Жаңа технологиялар мен тәжірибелер енгізілсе, бұл сала үлкен сұранысқа ие болар еді.

Кейбір туристер үшін Алматы облысы экстремалды туризмге қолайлы емес: Кейбір респонденттер экстремалды туризм үшін өңірдің қолайлы емес екенін атап өтті. Олар инфрақұрылымның жетіспеушілігі, қауіпсіздік шараларының әлсіздігі және кейбір аймақтардағы табиғи жағдайлардың қиын екенін атап көрсеткен.

Дамыту қажет, бірақ әлеуеті жоғары: Алматы облысы экстремалды туризмді дамытуға үлкен мүмкіндікке ие. Егер бұл бағытқа көңіл бөлініп, инфрақұрылым жетілдірілсе, бұл өңір Қазақстандағы экстремалды туризмнің басты орталығына айналуы мүмкін.

Бұл қорытындылар 102 респонденттің пікірлерін жинақтап, ортақ ойларды біріктіру арқылы жасалды. Нәтижесінде біз респонденттердің пікірі бойынша, Алматы облысы экстремалды туризм үшін қаншалықты қолайлы екенін біле алдық.

Бұл нәтижелер Алматы облысында экстремалды туризмді дамыту үшін қандай факторларды ескеру қажет екенін түсінуге көмектеседі. Дегенмен, өңірдің нақты артықшылықтары мен әлсіз тұстарын жан-жақты бағалау үшін тереңірек талдау қажет. Осы мақсатта SWOT талдау әдісін қолдану арқылы Алматы облысының экстремалды туризмін дамытудағы негізгі күшті және әлсіз жақтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға тырысамыз.

SWOT — талдау

Мықты тұстары  (Strengths):

•           Табиғи әртүрлілік: Алматы облысы Іле Алатауының таулары, өзендері, көлдері және жазықтарымен ерекшеленеді, бұл экстремалды туризмнің әртүрлі түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.

•          Туристік инфрақұрылымның болуы: Өңірде Шымбұлақ, Медеу және Көк-Жайлау сияқты танымал туристік орындар бар, олар экстремалды спорт түрлерін дамытуға қолайлы.

•          Климаттық жағдайлар: Жылдың әр мезгілінде түрлі экстремалды туризм түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін қолайлы климаттық жағдайлар.

 

 

 

 

Әлсіз жақтары (Weaknesses):

•           Инфрақұрылымның жеткіліксіздігі: Кейбір аймақтарда жолдардың сапасы төмен, қоғамдық көлік қатынасы шектеулі, бұл туристердің қолжетімділігін қиындатады.

•  Қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі: Экстремалды туризм саласында қауіпсіздік стандарттарының толық сақталмауы және апаттық-құтқару қызметтерінің жеткіліксіздігі туристердің қауіпсіздігіне әсер етеді.

•Қымбатшылық: Туристік қызметтердің, жабдықтардың және экстремалды спорт түрлерімен айналысуға қажетті құралдардың жоғары бағасы туризмнің қолжетімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл, әсіресе, жергілікті туристер үшін кедергі келтіруі ықтимал.

•Ақпараттың қолжетімсіздігі: Туристік маршруттар, қызметтер және қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі туристердің жоспарлау процесін қиындатады.

Қауіптер (Threats):

•          Экологиялық мәселелер: Туризмнің бақылаусыз дамуы табиғи ресурстардың тозуына және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл өңірдің табиғи тартымдылығын төмендетуі ықтимал.

•          Бәсекелестік: Көршілес елдер мен аймақтардың туризм саласындағы бәсекелестігі туристер ағынын төмендетуі ықтимал. Бұл Алматы облысының туризм саласындағы үлесін азайтуы мүмкін.

•          Қауіпсіздік мәселелері: Қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі туристердің сенімін азайтып, өңірдің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туристердің басқа бағыттарды таңдауына себеп болуы мүмкін.

•          Маусымдық тәуелділік: Экстремалды туризмнің кейбір түрлері белгілі бір маусымдарға тәуелді, бұл туристік ағынның тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. Бұл тұрақты табыс көзін қамтамасыз етуді қиындатады.

 

Мүмкіндіктер (Opportunities):

•          Экономикалық өсім: Экстремалды туризмді дамыту арқылы өңірдің экономикасын нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Бұл жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

•          Халықаралық туристерді тарту: Өңірдің табиғи сұлулығы мен экстремалды туризм мүмкіндіктері шетелдік туристер үшін тартымды болуы мүмкін. Бұл Қазақстанның халықаралық туризм нарығындағы беделін көтеруге септігін тигізеді.

•          Инфрақұрылымды жақсарту: Туризм саласына инвестициялар тарту арқылы инфрақұрылымды дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік бар. Бұл жалпы өңірдің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

•          Мәдени алмасу: Туристердің келуі жергілікті мәдениеттің танымал болуына және мәдени алмасуға ықпал етеді. Бұл жергілікті қауымдастықтардың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға мүмкіндік береді.

 

 

 

Жоғарыдағы SWOT талдау нәтижесінде Алматы облысының экстремалды туризмі үлкен әлеуетке ие екені анықталды. Өңірдің табиғи әртүрлілігі мен қолайлы климаттық жағдайлары бұл саланы дамытуға мүмкіндік бергенімен, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қауіпсіздік шараларының әлсіздігі және туристік қызметтердің қымбаттығы оның кеңінен дамуына кедергі келтіруде. Экстремалды туризмнің дамуы аймақ экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті қауымдастықтарға табыс әкелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экожүйелерді сақтауға ықпал ететін экологиялық туризммен үйлестіре дамыту маңызды. Алайда, бұл саланың реттелмеуі қоршаған ортаға зиян келтіріп, жергілікті қауымдастықтарға кері әсер етуі және туристердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан, Алматы облысында экстремалды туризмді дамыту кезінде оның жағымды әсерлерін барынша тиімді пайдаланып, қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет.[2] Ол үшін инфрақұрылымды жақсарту, қауіпсіздік стандарттарын енгізу, қызмет көрсету сапасын арттыру және аймақтың туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау қажет. Осыған орай, өңірде экстремалды туризмді дамыту мақсатында кешенді шаралар қабылдап, белгілі бір дамыту мүмкіндіктерін  қарастыруды ұсынамыз.

 

Баға саясаты  “Бірге арзан” қағидатын енгізу:

Туристерді топтық экстремалды турларға тарту арқылы шығындарды төмендетіп, қолжетімді баға ұсыну.[3] Мысалы, егер альпинистік немесе рафтингтік саяхаттар жеке адамға қымбат болса, топтық турлар ұйымдастыру арқылы бағаны төмендетуге болады. Бәсекеге қабілетті баға саясатын қалыптастыру: Шетелдік баламалармен салыстырғанда бағаның төмен, бірақ қызмет көрсету сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, маусымдық жеңілдіктер енгізу арқылы туристік ағынды реттеуге және жазғы/қыстық турлардың балансты дамуын қамтамасыз етуге болады.

 

Инфрақұрылымды жақсарту Экстремалды туризмнің дамуына өңірдегі инфрақұрылымның жеткіліксіздігі кері әсер етеді. Тау бағыттарына апаратын жолдардың сапасы төмен, туристік нысандарға жету қиын, қоғамдық көлік желісі шектеулі. Бұл мәселені шешу үшін негізгі туристік аймақтарға апаратын жолдарды жөндеу, қауіпсіздік бекеттерін құру және жабдықталған демалыс аймақтарын ұйымдастыру қажет. Мысалы, әлемдегі танымал экстремалды туристік аймақтарда (мысалы, Швейцария, Франция, Канада) арнайы тау жолдары мен базалық лагерьлер бар, бұл туристерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Алматы облысында да осындай жүйені дамыту қажет.
Қауіпсіздік стандарттарын күшейту Туристер үшін құтқару қызметтері, медициналық көмек, профессионалды гидтер және арнайы жабдықтар қолжетімді болуы тиіс. Осы мақсатта: Инструкторларды сертификаттау жүйесін енгізу; Осы тұрғыда TedQual сертификатын ұсына аламыз.[4] Ол туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға бағытталған халықаралық сертификат болып табылады. Егер Қазақстандағы туристік оқу орындары мен нұсқаушыларды даярлау орталықтары TedQual сертификатын алатын болса, бұл болашақ гидтер мен инструкторлардың кәсіби деңгейін көтеруге және халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлауға ықпал етеді. Алматы облысында экстремалды маршруттарда құтқару бекеттерін ұйымдастыру қажеттілігі жоғары. Аймақтағы ең танымал экстремалды маршруттар – Шымбұлақ, Тұйықсу мұздығы, Іле Алатауы ұлттық паркі, Көкжайлау және Хан-Тәңірі аймағы. Бұл жерлерде ауа райының өзгергіштігі мен күрделі табиғи жағдайлар туристер үшін қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Алматы маңындағы таулы аймақтарда кейбір құтқару бекеттері бар. Мысалы, «Қазавиақұтқару» қызметі және ТЖМ бөлімшелері белгілі бір аумақтарда құтқару операцияларын жүргізуге дайын. Бірақ олардың саны шектеулі және кейбір маршруттарда құтқару инфрақұрылымы жоқ. Сондықтан, айтып кеткен танымал экстремалды маршруттарда тұрақты құтқару бекеттерін ашу. Төтенше жағдайлар кезінде туристер жедел байланысқа шыға алуы үшін SOS байланыс нүктелерін орнату.

 

Ақпараттық қолжетімділікті арттыру Алматы облысының әлеуеті жоғары болғанымен, ақпараттың жеткіліксіздігі сала дамуын тежеп отыр. Алдымен, Instagram, TikTok, Facebook және YouTube желілерінде ресми парақшалар ашып, экстремалды спорт түрлері мен маршруттар туралы жүйелі контент жариялау қажет. Бұдан бөлек, белгілі блогерлер мен экстремалды спортшыларды тарту арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру тиімді. Мысалы, 2024 жылы Алматы қаласына 38 елден 158 танымал блогерлер, журналистер және қоғамдық пікір көшбасшылары келді, олардың әлеуметтік желілердегі аудиториясы 100 мыңнан 5 миллионға дейін жетеді.[5] Бұл тұлғалардың келуі Алматының халықаралық деңгейде танылуына және туристік ағынның өсуіне ықпал етті. Қазіргі таңда БҰҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымы (UNWTO) 2024 жылы және алдағы жылдары туристік трендтердің бірі ретінде шытырман оқиғалы туризмді атап өтті.[6] Бұл бағытқа экстремалды және белсенді демалыс түрлері жатады, яғни Алматы облысының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану арқылы бұл трендке қосыла алуы әбден мүмкін. Осыған байланысты, өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттап, халықаралық деңгейде таныту үшін цифрлық маркетинг құралдарын қолдану аса маңызды. Жоғарыда келтірілген шараларды жүзеге асыру Алматы облысын экстремалды туризмнің аймақтық және халықаралық орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

 

Қорытынды.

Қорытындылай келе, Алматы облысы табиғи және географиялық ерекшеліктеріне байланысты экстремалды туризмді дамытуға қолайлы өңір болып табылады. Облыс аумағы әртүрлі белсенді демалыс түрлерін дамытуға көптеген мүмкіндік береді.

Жүргізілген сауалнама мен SWOT талдау нәтижелері өңірдің туристік әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Дегенмен, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қауіпсіздік шараларының әлсіздігі және ақпараттық қолжетімділіктің төмендігі және бағаның қымбатшылығы негізгі кедергілер ретінде анықталды. Осыған орай, инфрақұрылымды дамыту, құтқару бекеттерін орнату, кәсіби нұсқаушыларды сертификаттау және қауіпсіздік жүйесін күшейту қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен халықаралық платформаларда белсенді жарнама жүргізіп, блогерлер мен спортшыларды тарту арқылы өңірдің туристік имиджін нығайтуды және туристерге қолжетімді баға мен арнайы жеңілдіктерді қарастыру қажет.

Алматы облысы экстремалды туризмді дамыту арқылы өз экономикасын нығайтып, аймақтың туристік беделін арттыра алады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарыда аталған мәселелерді жүйелі шешу арқылы өңірді Қазақстандағы және Орталық Азиядағы экстремалды туризмнің жетекші орталығы ретінде қалыптастыруға толық мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Экстремальный туризм в Казахстане // Kreativ.kz – URL: https://kreativkz.su/helpful-information/jekstremalnij-turizm-v-kazahstane (қаралған күні: 17.03.2025).
  2. Нигматжонов У. Д. Экстремальный туризм // Журнал научных исследований. – 2023. – №1. – С. 670-675. (қаралған күні: 17.03.2025).
  3. Аймен А. Т., Файзова Е. Р., Жоланов Е. Е., Досымова О.Ж. Экстремалды туризмді дамыту перспективаларын талдау // Киберленинка. — URL: https://cyberleninka.ru/article/n/analysis-of-the-prospects-for-the-development-of-extreme-tourism-in-the-republic-of-kazakhstan/viewer (қаралған күні: 17.03.2025).
  4. TedQual сертификаты туралы // Туризм және қонақжайлылық халықаралық университеті. — URL: https://iuth.edu.kz/ru/tedqual-certificate/ (қаралған күні: 17.03.2025).
  5. Иностранцев становится больше: как блогеры способствуют росту турпотока в Алматы // Информационное агентство «Казинформ». — 2024. — URL: https://www.inform.kz/ru/inostrantsev-stanovitsya-bolshe-kak-blogeri-sposobstvuyut-rostu-turpotoka-v-almati-59fe75 (қаралған күні: 17.03.2025).
  6. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңемен бекітілген. 2023 жылғы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жылдық есебі: 2024 жылғы 29 қарашадағы, № 7 хаттамасы. (қаралған күні: 17.03.2025)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *