Алматы қаласындағы кофеханалардың тәжірибесі
Әбу Ақжан Нұртілекқызы
АҚ Нархоз Университеті II курс студенті «6B11104 – МІжМБ»
Ғылыми жетекші Дюсекеева Еркегуль Талгатовна
Аңдатпа:Бұл мақалада Алматы қаласындағы кофеханалар индустриясының дамуы, оған әсер ететін факторлар және нарықтағы негізгі үрдістер қарастырылады. Соңғы жылдары кофеханалар санының айтарлықтай артуы халық арасында кофе мәдениетінің қалыптасуымен, тұтынушылар сұранысының өзгеруімен және жергілікті кәсіпкерлердің белсенділігімен байланысты. Кофе бұрын шайға басымдық беретін тұтынушылар арасында танымалдылыққа ие болып, әсіресе жастар мен кеңсе қызметкерлері арасында кең таралған. Сонымен қатар, нарықта халықаралық және отандық кофеханалар қатар дамып, бәсекелестік күшейіп келеді.
Зерттеу барысында нарықтағы негізгі ойыншылардың қызмет көрсету сапасы, даму стратегиялары мен бәсекеге қабілеттілігі салыстырылды. SWOT талдау негізінде жергілікті кофеханалардың күшті және әлсіз жақтары, нарықтағы мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды. Талдау нәтижелері көрсеткендей, отандық брендтер инновациялық шешімдер, жоғары сапалы қызмет көрсету және ерекше өнімдер ұсыну арқылы халықаралық компаниялармен бәсекеге түсуде. Сондай-ақ, тұтынушылардың табиғи кофеге деген сұранысының артуы мен кофеханалар желілерінің кеңеюі бұл саланың болашағы үшін оң өзгерістер әкелуі ықтимал. Алайда, ірі халықаралық желілердің нарыққа терең енуі жергілікті кәсіпорындарға бәсекелестік қысым тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, экономикалық тұрақсыздық, жалдау ақысының өсуі және тұтынушылардың қаржылық жағдайының өзгеруі де кофеханалар индустриясының дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
Мақалада Urbo Coffee және ресейлік Kulikov кофеханаларының қызмет ету ерекшеліктері салыстырылып, олардың бизнес модельдері мен нарықтағы орны талданды. Диаграммалар мен статистикалық деректер негізінде Алматы кофеханаларының даму қарқыны көрсетілді. Нәтижелер кофеханалар индустриясының әрі қарай кеңеюі, сандық технологияларды қолдану мен қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы дамитынын айқындайды. Сонымен қатар, қазақстандық кофеханалар аймақтық және халықаралық нарыққа шығу әлеуетіне ие екені анықталды. Жалпы, талдау нәтижелері көрсеткендей, отандық брендтер инновациялық шешімдер, жоғары сапалы қызмет көрсету және ерекше өнімдер ұсыну арқылы халықаралық компаниялармен бәсекеге түсуге тырысуда. Тұтынушылардың табиғи кофеге деген сұранысының артуы мен кофеханалар желілерінің кеңеюі бұл саланың болашағы үшін оң өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Аннотация:В данной статье рассматривается развитие индустрии кофеен ы городе Алматы, факторы, влияющие на нее, а также основные тенденции рынка. Значительный рост числа кофеен в последние годы связан с формированием кофейной культуры среди населения, изменением потребительского спроса и активностью местных предпринимателей. Кофе, ранее уступавший по популярности чаю, завоевывает популярность среди потребителей, особенно среди молодежи и офисных работников. Кроме того, на рынке одновременно развиваются как международные, так и отечественные сети кофеен, что усиливает конкуренцию.
В ходе исследования был проведен сравнительный анализ качества обслуживания, стратегий развития и конкурентоспособности ключевых игроков рынка. На основе SWOT-анализа определены сильные и слабые стороны местных кофеен, их рыночные возможности и потенциальные угрозы. Результаты анализа показали, что отечественные бренды конкурируют с международными компаниями, предлагая инновационные решения, высокое качество обслуживания и уникальные продукты. Также выявлено, что растущий спрос потребителей на натуральный кофе и расширение сетей кофеен могут привести к позитивным изменениям в данной сфере. Однако активное проникновение на рынок крупных международных сетей может создать конкурентное давление на местные предприятия. Кроме того, экономическая нестабильность, рост арендной платы и изменения в финансовом положении потребителей могут препятствовать развитию кофейной индустрии.
В статье сравниваются особенности работы Urbo Coffee и российской сети кофеен Kulikov, анализируются их бизнес-модели и рыночные позиции. На основе диаграмм и статистических данных представлена динамика развития кофеен в Алматы. Результаты исследования показывают, что дальнейший рост индустрии будет обусловлен расширением сети заведений, внедрением цифровых технологий и повышением качества обслуживания. Также было установлено, что казахстанские кофейни обладают потенциалом выхода на региональный и международный рынок. В целом анализ подтверждает, что отечественные бренды стремятся конкурировать с международными компаниями, предлагая инновационные решения, высококачественное обслуживание и уникальные продукты. Повышение спроса на натуральный кофе и расширение сетей кофеен могут способствовать положительным изменениям в отрасли.
Abstract: This article examines the development of the coffee shop industry in Almaty, the factors influencing it, and key market trends. In recent years, the significant increase in the number of coffee shops has been driven by the emergence of coffee culture among the population, shifts in consumer demand, and the active engagement of local entrepreneurs. Coffee, which previously took a backseat to tea in popularity, has gained traction among consumers, particularly young people and office workers. Moreover, both international and domestic coffee shop chains are expanding simultaneously, intensifying market competition.
The study includes a comparative analysis of the service quality, development strategies, and competitiveness of key market players. A SWOT analysis was conducted to identify the strenghts and weaknesses of local coffee shops, as well as their market opportunities and potential threats. The analysis results indicate that domestic brands compete with international companies by offering innovative solutions, high-quality service, and unique products. Additionally, the increasing consumer demand for natural coffee and the expansion of coffee shop chains could bring positive changes to the industry. However, the deep market penetration of large international chains may exert competitve pressure on local businesses. Furthermore, economic instability, rising rental costs, and changes in consumers’ financial conditions could pose challenges to the growth of the coffee shop industry.
The article compares the operational features of Urbo Coffee and the Russian Kulikov coffee chain, analyzing their business models and market positions. Diagrams and statistical data illustrate the growth dynamics of coffee shops in Almaty. The study results suggest that the industry’s further expansion will be driven by the implementation of digital technologies, the enhancement of service quality, and the continued expansion of coffee shop networks. It was also determined that Kazakhstani coffee shops have the potential to enter regional and international markets. Overall, the analysis confirms that domestic brands strive to compete with international companies by introducing innovative solutions, providing high-quality service, and offering unique products. The growing demand for natural coffee and the expansion of coffee shop chains could contribute to positive indusrty developments.
Кілт сөздер: Алматыдағы отандық кофеханалар, кофеханалар индустриясы, SWOT талдау, бәсекелестік, кофе мәдениеті, Urbo Coffee, Kulikov.
Кіріспе
Қазақстанда кофеханалар индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұған өз кезегінде бірнеше негізгі фактор әсер етті. Біріншіден, кофе мәдениетінің қалыптасуы айтарлықтай рөл атқарды. Бұрын шай ішуді жөн көретін халық арасында кофе танымал бола бастады. Әсіресе, жастар мен кеңсе қызметкерлері арасында кофе ішу трендке айналып отыр. Ал екіншіден, жергілікті және халықаралық брендтердің көбеюі байқалады. Euromonitor International-дың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда кофе тұтыну жыл сайын шамамен 5-7%-ға артып келе жатыр. 2024 жылы нарық көлемі шамамен 12,85 мың тоннаны құрған. Басқа мәліметтерде елімізде кофе нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп келе жатқандығы айтылған. Үзінділерден көргеніміздей елімізде кофе тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Ал бұл өз кезегінде еліміздегі кофеханаларға да сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Зерттеу мақсаты:
1.Алматы қаласындағы отандық кофеханалардың даму үрдістерін, нарықтағы орнын анықтау.
2.Отандық және халықаралық кофеханаларды салыстыру арқылы олардың бизнес моделін, ерекшеліктерін, нарықтағы позициясын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Алматы қаласындағы отандық кофеханалардың қазіргі жағдайын сипаттау.
2.Отандық кофеханаларға SWOT талдау жасау.
3.Отандық және халықаралық кофехананы салыстыру.
Зерттеу әдестері: Салыстыру, SWOT талдау, диаграмма.
Басқа да мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы Алматы қаласында 100 ге жуық кофехана болған екен, ал бүгінде кофеханалардың саны 900-ге жетіп отыр.
Кесте-1
Р/с | Алматыдағы отандық кофеханалар | Жылы | Филиалдары | Рейтинг |
1. | Discovery Coffee | 2016 | 1 | 4,5 |
2. | Qoffee | 2022 | 7 | 3,6 |
3. | Еspresso Day | 2025 | 1 | 4,5 |
4. | Zebra Coffee | 2018 | 9 | 4,7 |
5. | Pro Barista | 2017 | 1 | 4,7 |
6. | Alash coffee | 2023 | 12 | 4,2 |
7. | Urbo | 2018 | 24 | 4,2 |
8. | Coffe Boom | 2020 | 26 | 4,4 |
Ескерту. Бұл кестеде Алматы қаласында орналасқан отандық кофеханалар қарастырылған.
Кестеде көрсетілген деректерден байқауға болатындай, бұл кофеханалар әртүрлі уақытта ашылғанымен, олардың барлығы бүгінде Алматыда өз орнын тауып, филиалдарын кеңейту үстінде. Кейбір брендтер бірнеше қалада жұмыс істесе, енді бірі жергілікті нарықта тұрақты түрде дамып келеді. Олардың танымалдығы мен нарықтағы орны рейтингтерінен және филиалдарының саны арқылы көрінеді.
Алматыдағы отандық кофеханаларды ескере отырып, SWOT талдау жасау арқылы біз бұл кофеханалардың нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын, осал тұстарын, мүмкіндіктерін және қауіптерін анықтаймыз.
Кесте-2
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары | Мүмкіндіктері | Қауіптер |
Жоғары сұраныс- Алматы қаласында кофе мәдениеті қарқынды дамып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары арасында отандық кофеханаларға деген сұраныс жоғары.
Филиалдық жүйенің дамуы- Көптеген отандық кофеханалар өз желілерін кеңейтіп, жаңа филиалдар ашу арқылы нарықтағы үлесін арттыруда. Жаңа жұмыс орындарының көбеюі-Кофе индустриясының өсуі жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, бұл жергілікті экономикаға оң әсерін тигізеді. |
Қазақ тілінде қызмет көрсететін кофеханалар- дың аздығы-Көптеген отандық кофеханалар әлі де қазақ тіліндегі қызмет көрсетуді дамытуды қажет етеді, бұл белгілі бір тұтынушылар сегменті үшін қолайсыздық тудырады.
Халықаралық брендтермен бәсеке– Starbucks, Costa Coffee, Gloria Jean’s сияқты әлемдік брендтермен бәсекеге түсу жергілікті кофеханалар үшін үлкен сын. Сезондық тәуелділік – Жаз мезгілінде кофеханаларға деген сұраныс төмендеп, ал қыста керісінше артады. Бұл тұрақты табыс деңгейін сақтауға қиындық туғызады. |
Аймақтық және халықаралық даму – Отандық кофеханалар Қазақстанның басқа өңірлеріне және халықаралық нарыққа шығып, өз бизнесін кеңейте алады.
Қонақжайлылық саласына үлес қосу – Сапалы қызмет көрсету арқылы Алматы қаласының қонақжайлылық индустриясының дамуына септігін тигізу. Коллаборация- лар мен серіктестік– Басқа жергілікті брендтермен немесе жеткізушілермен әріптестік орнатып, жаңа өнімдер ұсыну. Әлеуметтік желілер арқылы даму–Digital marketing стратегияларын тиімді пайдалану арқылы бренд танымалдылығын арттыру. |
Сейсмикалық қауіп– Алматы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан, бұл инфрақұрылым мен кәсіпкерлікке әсер етуі мүмкін.
Экономикалық тұрақсыздық– Аймақтағы экономикалық өзгерістер кофеханалардың шикізат бағасы мен жалға алу құнына әсер етуі мүмкін. Шетелдік кофеханалар- мен бәсекелестік– Ірі халықаралық кофеханалар нарыққа терең еніп, отандық брендтерді ығыстыруы ықтимал. |
Ескерту. Бұл SWOT талдауда Алматыдағы отандық кофеханалардың нарықтағы орны, артықшылықтары, осал тұстары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері қарастырылды.
Алматы қаласы Қазақстандағы кофехана мәдениетінің орталығы ретінде қалыптасып, соңғы жылдары кофеханалар саны қарқынды түрде өсіп келеді. Алматы кофеханалары тіпті халықаралық стандарттарға жақындап, қызмет көрсету сапасын жақсарту үстінде. Жергілікті брендтер инновациялық шешімдер арқылы өз ерекшеліктерін қалыптастырып жатыр. Сонымен қатар, кейбір брендтер Қазақстаннан тыс аймақтарға (мысалы, Дубай немесе Ресей нарығына) шығуға талпынып келеді. Бұл жайлы анығырақ түсіну үшін кесте-3те Ресейлік Куликов кофеханасымен Қазақстандық URBO кофеханасын салыстырсақ болады.
Кесте-3
Салыстыру критерийлері | Urbo Coffee | Kulikov |
Орналасқан елі | Қазақстан, Алматыда алғаш рет ашылды | Ресей,(Негізгі операциясы Сібір аймағында) |
Ашылған жылы | 2018 | 1991 |
Бизнес моделі | Тікелей басқарылатын желі — өзімен тікелей жұмыс істеп, инновациялық қызметтерді ұсынады. | Франшиза моделі — кәсіпкерге толық бизнес қолдау(оқыту, маркетинг, дизайн, логистика)ұсынылады, бұл брендтің кең ауқымды дамуын қамтамасыз етеді. |
Нарықтағы позициясы | Алматы нарығында жетекші кофеханалардың бірі ретінде жоғары танымалдылыққа ие. Қазақстан бойынша 30шақты филлиалы бар. | Компания Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейде 100-ден астам фирмалық дүкенді басқарып, күн сайын 25 000 кг-ға дейін өнім шығарады |
Ерекшелігі | Инновациялық технологиялар мен қосымша қызметтер (алақан арқылы төлем, VIP бөлмелер, намазхана) арқылы өзге кофехалардан ерекшеленеді. | Тәжірибелі кондитерлік брендтің артында тұрған сенімділік, жоғары сапалы табиғи ингридиенттерге негізделге өнімдер мен franchise жүйесі арқылы жан-жақты қолдау көрсету ерекшелігі |
Ескерту. Бұл кесте Алматыдағы Urbo Coffee мен әлемдік танымал кофеханалардың (мысалы, Kulikov кофеханасы) негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктерін салыстырады.
Алматы қаласының кофеханалары нарықта тұрақты дамып келеді және әлемдік тенденцияларға сай өзгерістер енгізіп жатыр. Жергілікті брендтер халықаралық желілермен бәсекелесіп, сапалы өнім мен ерекше қызмет көрсету арқылы өз орнын нығайтуда. Алдағы жылдары нарықтың әрі қарай кеңеюі мен инновациялық шешімдердің енгізілуі күтіледі.
Қорытынды
Алматы қаласындағы кофеханалар индустриясы қарқынды дамып, жергілікті және халықаралық брендтер арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Кофе тұтыну мәдениетінің қалыптасуы қаланың әлеуметтік-мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кофеханалар қызмет көрсету сапасын жақсарту, ерекше ұсыныстарды енгізу және тұтынушылардың қажеттіліктеріне бейімделу арқылы нарқытағы орнын нығайтуда.
SWOT талдау кофеханалардың артықшылықтары мен даму мүмкіндіктерін анықтауға көмектесті. Urbo Coffee инновациялық технологиялар арқылы нарықта өз позициясын күшейтіп жатса, Kulikov франшиза моделімен ауқымды дамуға бағытталған. Алдағы жылдары нарықтың кеңеюі және қазақстандық брендтердің халықаралық деңгейге шығуы күтіледі. Бәсекелестіктің жоғары болуы кофеханалардың тұрақты дамуы мен қызмет сапасын жетілдіру қажеттілігін арттырады. Осыған орай, жергілікті кәсіпкерлердің жаңа форматтарды енгізуі мен инновациялық шешімдерді қолдануы саланың ұзақ мерзімді дамуында шешуші рөл атқарады.
Пайдаланған әдебиеттер
- В Казахстане ожидается рекордный рост цен на кофе. — Текст : электронный // Zakon.kz : [сайт]. — URL: https://www.zakon.kz/finansy/6466555-v-kazakhstane-ozhidaetsya-rekordnyy-rost-tsen-na-kofe.html (дата обращения: 20.03.2025).
- Казахстанский рынок кофе ежегодно растет на 20%. — Текст : электронный // Bes.media : [сайт]. — URL: https://bes.media/amp/kazahstanskij-rynok-kofe-ezhegodno-rastet-na-20-3242/ (дата обращения: 20.03.2025).
- Анализ рынка кофе и чая города Алматы в 2013-2018 гг. — Текст : электронный // Good.kz : [сайт]. — URL: https://good.kz/portfolio/teacoffee/ (дата обращения: 20.03.2025).
- Urbo Coffee — Дарим позитивный настрой, каждый день!. — Текст : электронный // Urbo Coffee : [сайт]. — URL: https://urbocoffee.kz/ (дата обращения: 20.03.2025).
- Kulikov . — Текст : электронный // Kulikov : [сайт]. — URL: https://kulikov.com/home (дата обращения: 20.03.2025).