Қобыздың тарихы
Бисембаева Жасмина Ерланқызы
Бөкейордасы аудандық балалар музыка мектебі
Қобыз аспабы туралы деректер Дәруіш Әли трактасында да кездеседі. Ол: «Қобыз жақсы үнді, өте әуезді ішекті музыкалық аспап. Кейбір деректер бойынша оны жоғарында аталған ірі музыка өнерпазы музыка ілімінің ұлы тұлғасы Сұлтан Уәйіс «жалайыр» …жасаған көрінеді… Енді бір деректерде қобыз аспабының арғы тегі түріктік деп көрсетіледі» ,-деп жазады.
Қазақ даласында қобыз музыкасының атасы — Қорқыт. Қыл қобыз-ысқышпен ойналатын, қос ішекті аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қылқобыздың пайда болуы YIII ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты. Қылқобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының іші-тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбіне бақсылар ойнап, күй сарының әсерін күшейте түсу үшін әдейі темір-теңгешелер тағатын болған. Диапазоны екі жарым октава. Бұл қылқобызды О.Бейсенбаев 1973 жылы жасады.
Ішектері ат қылынан тағылады. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда қөбіне жыршылар, әншілер және бақсылар ойнайтын болған. Кіші октаваның ля,ре, немесе соль-ре дыбыстарына келтіріліп бұралады. Қылқобыз шанағының басына және оның ішіне де, сыртына да темір теңгешелер шығырық арқылы тағылған. Шанақтың ішіне кішкентай қоңырау ілініп, оның ортасына шағын айна темірмен жиектеліп бекітілген. Шыны қарағайдан ойылып жасалады. Қылқобыздың сирек кездесетін бұл түрі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының «Қойтас» селосынан 1976 жылы табылды.
Қобыз — ысқышпен ойналатын, үш ішекті аспаптың жетілдірілген түрі. Ішектері, өзекті сымдардан тағылады. Кіші октаваның ля-ре дыбыстарына келтіріліп бұралады. Диапазоны екі жарым октава. Мұны музыка аспаптарын жасайтын шебер И.Романенко 1950 жылы дайындады.
Қобыз-ысқышпен тартылатын, төрт ішекті музыка аспабының жетілдірілген түрі. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қобызды профессионал музыканттар мен көркем өнерпаздар үйірмелеріне қатынасатын талапты октаваның «соль» дыбысына бұралады. Диапазоны үш жарым октава . Бұл аспапты музыка аспаптарын жасаудың шебері Қ.Оңалбаев 1969 жылы жасап шығарған.
А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап-қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті туйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады . Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай бермейді. Ал, Қорқыттан кейін ұзақ жылдар бойына үнсіз қалған қыл-қобызды, тек XIX-ғасырда ұлы Ықылас жалғасын тапты.
1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер Э. Романенко және Қ.Қасымов қобыздың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Бұрауы кіші октавадағы «соль» және бірінші октавадағы «ре», «ля» дыбыстарына келтірілді. Жалпы қобыз аспабы үш ішекке ауысқаннан соң кәсіби жолға түсті, келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тыңдаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. Бұл аспап шын мәнінде прима емес еді. Өйткені, оның құрылысы , бұрауы, диапазоны альтке жақын болатын. Толық альт болу үшін оған кіші октаваның « до» ішегі ғана жетіспей тұрды. Сондықтан нағыз приманың регистрінде жазылған шығармаларды орындау өте киынға соқты. Бұл жағдайлар үш ішекті прима-кобыздың музыкалық аспап ретіндегі құндылығы төмен екендігін көрсетті. 1953-1954 жылдары республикаға еңбек сіңірген мұғалім, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Досымжан Тезекбаевтың жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А. Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима-қобыз жасап шығарды. Төрт ішекті қобыздың айырмашылығы тек қосылған төртінші ішегінде ғана емес, оның құрылысына, жасалуына айта қаларлықтай жаңалықтар қосылды, дыбыс көлемі өсті,аспаптың мойыны қысқарып, ойнау тәсілі жеңілденді, сол қолдың саусақтарын ішекке дұрыс ыңғайлы қалыптастыруға жағдай туды. Осылайша қобызға 4 ішек тағылды . Халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының ішінде қобыз-құрылысы оңайлау тәсілі күрделі, қоңыр сазды тылсым үні адамның жан дүниесіне табиғи әсер қалдыратын ерекше аспап.