Ұлтты ұйыстыратын — Ұлттық құрылтай (IV Ұлттық құрылтай)

Ұлтты ұйыстыратын — Ұлттық құрылтай (IV Ұлттық құрылтай)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің т.ғ.к., профессор Г.Қозғамбаева,

1 курс магистранты Нағашыбай К.Ж.

Бурабайда  2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында  IV Ұлттық құрылтайға республиканың әр облыстарынан қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Құрылтайда елдің бірлігі және ұлттың қауіпсіздігі, ұлттық құндылықтар мен ұлттық тәрбиенің мән-мағынасы, қоғамды жаңғыртудағы білім мен ғылымның орны және тағы басқадай өзекті мәселелер қарастырылды. 1922 жылдан бері өтіп жатқан  Ұлттық құрылтай жиындарында  республика халықының өзекті мәселелерін көтеріп, оны  шешу жолдары қарастырылып,  маңызды бағдарламалық құжаттар қабылданды. Республика халқын ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды.

Мемлекет басшысы  ұлттық киімді мәдени сәйкестіктің символы ретінде насихаттауды ұсынды. Болашақ жастарға ұлттық құндылықтармен ұлттық мәдениетімізді дәріптеу арқылы ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мәселесі де көтерілді. Бүгінгі таңда  біздің ұлттық киім үлгісіне жатпайтын киімдер және қазаққа  жат құбылыстардың белең алып бара жатқандығына тоқталып  өтті. Аталмыш  жағдайларды болдырмау үшін, жастарды білім мен ғылымға, өнерге тартып, олардың бойында  ұлттық рухы бар тәрбие беру  мақсатында  шығармашылық жұмыстарына тарту және ұлттық мәдениет туындылармен терең меңгерту қажет деп санады.  Болашағымыз жастарда, сондықтан оларды ұлттық құндылықтармен сусындап, мәдениет пен руханиятымыздың айнасы іспеттес болу керектігін айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда  қазақстандықтарды толғандыратын негізгі мәселелермен қатар бүгінде жүргізіліп жатқан саяси реформалар, парламерттің құзіреттілігінің артуын, конституциялық соттың құрылуын, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерінің жолға қойылғандығы туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар өткенді, болашақты біріктіретін өркениетті көзқарас қажеттігіне ден қойылды. Отандық тарих ғылымы алдында,  тарихты кең өркениетті парадигма  тоғысында зерттеуде әлемдік өркениеттің өзіндік бір бөлігі етіп көрсету қажеттіне тоқталып өтті.     Қазақстан Ұлы дала көшпелілердің ежелгі дәстүрлерін тұрақты ілгерілеудің қуатты тірегіне айналдыра отырып, өзінің тарихи сабақтастығын жалғастыру керектігіне  үлкен мән беріліп,  жауапкершілік жүктелді. Құрылтай күн тәртібінде мәдениет пен елдің рухани мұрасы да маңызды орын алды.

Бурабайдағы Ұлттық құрылтай – тек өзекті мәселелерді көтерумен ғана емес, елдің болашақ дамуы жолдары қарастырылып, талқыланатын алаңға айналды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *