Тәуелсіздік тұғырым

Абай облысы, Жаңасемей ауданы,

«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Нурахметова Сандугаш Тилеубековна

«Балдырған» шағын орталығының ересек топ тәрбиешісі

 

Білім саласы: Қатынас.

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Мақсаты:

а) Білімділік:  Балалардың тілдік қорларын байыту,  ҚР Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру;Тәуелсіздікке калай қол жеткіздік, Желтоқсан құрбандары жайлы айту

ә) Тәрбиелік: «Тәуелсіздік» ұғымы, ҚР қоғам қайраткерлері жөнінде әңгімелеу, балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу;

б) Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, ҚР картасы, желтоқсан құрбандарының  суреттері, жалаушалар т.б.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Билингвальді компонент: Тәуелсіздік-независимость, Отан-Родина.

 

Қызмет түрі Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
 

Мотивация-

лық- қозғау

шылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-

рушы-ізденіс

тік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия-

лық-түзетуші

 

-Сәлеметсіздер ме?

Құрметті балалар, бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына орай, «Тәуелсіздік тұғырым» атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді өткізгелі отырмыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

 

Шаттық шеңбер:

Біз қандаймыз, қандаймыз?

 

Қазақстан Республикасының әнұраны.

Әнұранды шырқайық

Бірлікпен нұр табайық,

Тәуелсіздік мерекеде

Бәрімізде қуанайық.

1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан мемлекеті Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.  Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы еліміздің тәуелсіздігін аңсап келген.  Мінекей бүгінде сол тәуелсіздігімізге 33 жыл толып отыр.

Осыдан 33 жыл бұрын жер бетінде Қазақстан мемлекеті құрылып, көк байрағы желбіреді. Қазақстан мемлекеті осы жылдар ішінде талай биіктерден көрініп, өркендеп, көркейіп келеді.

 

-Балалар  мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ляззат, Ербол, Қайрат аға-апаларымыз біздің мәңгі жүрегімізде сақталады.

 

Тәуелсіздікке арналған тақпақтар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар балалар!

-ҚР президенті кім?

-Бас қаламыз қалай аталады?

-Балалар ҚР мемлекеттік рәміздерін атап беріңдерші?

Дұрыс айтасыңдар!

 

 

-Әнұранды қай кезде орындаймыз?

 

-Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда,  орындалады. Әнұранды барлық бала жатқа білеміз. Әнұран шырқағанда тыныш тұрып қолымызды жүрегімізге қойып тұрып айтамыз.

ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы.

-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

-Туымызда не бейнеленген?

-Жарайсыңдар балалар!

 

Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар, ол байлықтың белгісі.

Күннің астында Қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.

Тудың жиегінде қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.

 

 

-ҚР мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

Дұрыс айтасыңдар!

 

— Елтаңбада шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тараған. Бұлар біздің елімізде тұратын халықтардың бірлігі. Ал қанатты тұлпарлар –ер қанаты. Жоғарыдағы жұлдызша бақытты өмірді білдіреді.

 

 

Жарайсыңдар балалар! Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің парызымыз!

 

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»

 

-Жарайсыңдар балалар!

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?

 

Дұрыс айтасыңдар балалар! Бүгін сендер ұйымдастырылған іс-әрекетімізге өте жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға да жауап бердіңдер.

 

 

Үстел үсті ойыны «Қазақстанды көгершіндермен толтыр»

Елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын деген мақсатпен колымыздағы көгершіндерді Қазақстан жеріне қондырайық!(Тәрбиеші балаларға көгершіндер таратады)

 

Шаттық шеңбері:

 

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш болсын! Сау болыңыздар!

 

Тәуелсіздігім тұғырым атты фоторамкаға       балаларды түсіріп , фото-видео жасау.

-Сәлеметсіз бе?

 

 

Шаттық шеңберге тұрады.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Көңілдіміз,  жайдары

Бақытты боп жүреміз,

Отанды біз сүйеміз.

 

 

Балалар ҚР әнұраның шырқайды.

 

 

 

 

 

 

-балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айсұлтан:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі,

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ермұхамед:

Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз,

Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Кәусар:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным!

Алихан:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Қазақстан!

Елім менің тірегім,

Құшағында гүл атам.

Дильназ:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл-қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным-Қазақстаным!

Жансұлу:

16 желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

 

 

-Қ.К. Токаев

-Астана қаласы

-Әнұран, Ту, Елтаңба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-көгілдір

-күн, қыран құсы, ою-өрнек

 

 

Жансұлу:

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның,

Ортасында төгіп тұр.

Күн жаяды шапағын.

 

 

 

 

-шаңырақ, уықтар, тұлпар, бес жұлдыз бар

 

 

Жалғас:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

 

 

 

 

 

 

 

 

Хормен айтады

 

 

-Қазақстан Республикасы

-Тәуелсіз

-33 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар көгершіндерді Қазақстан картасына жапсырады.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *