Функционалдық сауаттылықтың дамытудың маңызы
Сакалова Гульжан Казизовна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№50 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман- мүддесін танытуда, оларға идеялық – саяси, рухани – адамгершілік, этикалық – эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып табылады. Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік түрі сан қилы. Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын үлкен құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені бәрімізге белгілі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды,ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді,бүкіл өміріне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды оқыған сайын өмір сырын. Отан ерлік, жақсылық, жамандық секілді ұғымдардың мәні оқушы терең ағарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орнату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзінді пікір білдіруі,баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Орта буын оқушылары мақал-мәтелдерді, афоримздерді шешендік сөздерді де жазып алуы керек. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын білу арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Бүгінгі таңда білімнің дамуына функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор. Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру,түрлі ақпараттармен танысу,) сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату жіне оқушылармен тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым- қатынас жасағанда оқу дағдасын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды. Оқу сауаттылығы –оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. PIZA және PIRLS зерттеулерінде оқу сауаттылығы жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау болып ұйғарылады. Мәтін мазмұнын белгілі бір мақсатта қолдануды игеруін және де оны әлеуметтік ортада белсенді пайдалана алу қабілетін бақылайды. «Сауаттылық» сөзі оқуышлардың алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау, туыстарымен жүздесу, білім алу, қызметке орналасу, ортаға бейімделу. PIZA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:
1.Мәтіннен қажет болатын көп ақпарат алу;
2.Мәтіннен ең қажетті ақпаратты алу;
3.Мәтіндегі ақпаратты жіктеу;
4.Терең мазмұнды ақпаратты табу;
5.Күрделі мәтінді қорытындылау;
6.Мәтіннен ой түю;
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағаымызда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамыз:
1.Мәтіннен тірек сөздерді тауып алу.
2.Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады, бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек. (осындай жұмыс арқылы біз оқушылардың қаншалықты мәтінді мұхият оқиды екенін байқаймыз).
3.Мәтінмен арқылы постер жасайды. Біз оқушыларға постердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттік. (кесте, сызбалар,ағаш т.б.) Оқушылар кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады (жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың тақырыптың ашылғанын байқаймыз). Қазақ тілі сабақтарында ActivStudio мүмкіндіктерін қолдану өз нәтижесін береді.Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интелектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Оқушылар интернет жүйесінен керекті суреттерді, видео-бейнелерді түсіріп әкеліп, флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарылайды. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін «сұрақ-жауапты» қолдануға болады.
Қорытындылай келе, оқу сауаттылығына тиімді тәсілдердің бірі болып, барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақтаны арнайы activate құралдары қолданылады. Power Point және электрондық оқулықтарды қолданамыз.