Ұлттық ойын арқылы бала тілін дамыту

Жандильдина Эльзада Сапаргалиевна
Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Қаламқас бөбекжай, педагог модератор

Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты – халықтың ұлттық ойындары. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс -әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым -қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Арқан тартыс»,«Бәйге», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты» т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі мекемелерде бір шама жаңалықтар енгізіп отыр. Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.
Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсер мол. Ұлттық ойындары балаларға үйретуде тек олардың өмірі туралы мағұлмат беруге болады. Балаларға ұлттық ойындарын үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *