1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: Қазақстан тарихындағы маңызды бетбұрыс
Қанат Аружан Ерболқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс студенті
Жетекші: Сайлан Б.С
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі:
Қазақстан тарихындағы маңызды бетбұрыс
1986 жылғы Желтоқсан көтерелісі – Қазақстан тарихында ұлттың өз болмысын сақтап қалуға бағытталған күрестің бір айқын тарихи көрінісі. Кеңес Одағы тұсында жүргізілген саяси және мәдени саясаттың әсерінен қазақ халқы өз мүдделерінің ескерілмеуіне, ұлттық намыс пен ерекшеліктерінің жойылуына наразылығын білдірді. Бұл оқиға, ел бойынша таралған ұлттық наразылық толқыны ретінде, әділеттілікке қол жеткізу қадамы және тәуелсіздікке жол ашушы маңызды кезең ретінде бағаланады.
Көтеріліс себептері мен тарихи контекст
1980-жылдың екінші жартысында Кеңес Одағында ішкі саяси өзгерістер белең алған болатын. Қазақстанда ұлттық мәдениет пен тіл мәселері өзекті бола бастаған кезеңде, орыс шенеуніктердің ел басқаруына араласуы қазақ халқының наразылығын тудырды. Сол жылы Кеңес Одағының жоғарғы басшылығының Қазақстанның жетекшілігін қамтамасыз ету мақсатында, кеңестік жүйеге сай келмейтін шешімдер қабылданды. Олардың ішінде ең маңыздысы — Алматы қаласында жаңа басшы ретінде Геннадий Колбиннің тағайындалуы болды, ол қазақ қоғамында «басқа халықтың басшысы» деген ұғымды күшейтіп, ұлттық болмысқа нұқсан келтірді. Бұл шешімнің нәтижесінде студенттер, жастар және жұмысшылар арасындағы наразылық кең көлемді әлеуметтік қозғалысқа айналған еді. Өйткені бұл іс-қимыл ұлттық болмысты таптайтын және әділетсіздікті айқын көрсететін қадам ретінде түсіндірілді.
Оқиғалардың барысы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Алматы қаласында басталды. Қала көшелерінде ұйымдастырылған көтеріліс пен митингтерде жастар, студенттер, азаматтар әділетсіздіктің орын алғаны мен теңдіктің жойылуына өз наразылықтарын білдірген болатын. Бұл оқиға бір емес, бірнеше күнге созылған күрес болды. Көтеріліс барысында халық өз даусын көтеріп, ғасырлар бойғы жиналған ұлт мұрасын қорғауға және болашақ ұрпаққа әділетті ел қалдыруға деген ұмтылысын білдірді. Алайда, мемлекеттік билік осы наразылықтарға жауап ретінде қатаң шараларды қолданғанымен, көтеріліс халықтың бірлігі мен тұтастығын айқындады
Көтерілістің тарихи маңызы мен терең мағынасы
1986 жылы Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісі бүкіл әлемдік өзгерістерге жол ашты десек, артық айтпаймыз. Кеңес Одағының ыдырауы, социалистік лагердің құлдырауы, коммунистік идеологияның құлдырауы – қысқасы, бүгінгі бүкіл жаңару, демократиялану, тәуелсіздік және оны нығайту жолындағы жұмыстардың бастауы дәл 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінен басталғанына дәләл бола алады. Осы оқиға арқылы мемлекет
және оның азаматтары бір-біріне деген сенімділік пен құрметті қайта қалыптастыруға ұмтылды. Әрбір азамат өз дауысын көтеріп, әділеттілік үшін күресуге дайын болуы керек деген ұстаным, сол кездегі көтерілістен кейінгі қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысушылардың естеліктері мен суреттері де архив материалдары ретінде жинақталып, оқиғалар тарихын сақтап қалуға үлкен үлес қосты.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Желтоқсан көтерілісі – тек саяси наразылық қана емес, қазақ халқының ұлттық санасының қайта жаңғыруы ретінде бағаланды. Оқиға барысында халық өз тамырына, мәдениетіне және дәстүріне деген сүйіспеншілікті қайта еске түсіріп, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресіне әсер етіп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға себеп болды.