Құстарды аялайық

Байгоджаева Эльмира Муратқызы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылы
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші

Тақырыбы: «Құстарды аялайық».

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:

Балаларға құстардың түрлерін оның  ішінде қыстап қалатын құстардың тіршілігі  туралы білімдерін бекіту,сөздік қорын молайтып,байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Балалардың бойында қамқорлық,жанашырлық сезімдерін ояту.Қойылған сұраққа толық жауап алу.Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.Жұмбақтарды шеше білуге,дидактикалық ойынды шартына сай орындауға үйрету.

Алдын ала жүргізілген жұмыс :Серуен кезінде құстарды бақылау, қайшымен  қию жұмыстары

Көрнекілігі:Қыс мезгілінің суреті,қыстап қалатын құстар суреті,құстардың дауысы жазылған таспа,мнемотехника ,құстың үйшігі

Қажетті құралдар: трафарет қағаз,  жіп , үлгі сурет

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы бізге  қонақтар  келіпті келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шенбер:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Тәрбиеші:Балалар екі топқа бөлініп орнымызға отырайық.Құстардың түсіне сәйкес орнымызды табайық.

Балалар:2-топқа бөлініп отырады.(Шымшық,суықторғай)

Тәрбиеші: Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

Тәрбиеші:Балалар қар қай кезде болады?

Балалар:Қыс мезгілінде.

Тәрбиеші: Балалар, жылдың   неше мезгілі  бар?

Балалар: Жылдың төрт мезгілі бар.

Тәрбиеші: Атап айтып беріңдерші?

Балалар:Қыс,көктем,жаз,күз.

Тәрбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тәрбиеші:Қыс мезгілінің қанша айы бар?

Балалар:  Үш айы.Желтоқсан,қаңтар,ақпан

Тәрбиеші :Қазір қай айы?

Балалар: Қаңтар айы.

Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде табиғатта  қандай өзгерістер болады,қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы  мнемокестеге  қарап айтып беріңдерші.

Балалар:Қыс мезгілі .Қар жауды ,далада мұз қатты.Қарлы боран болды.Балалар шана,коньки тепті.Қыста тон,мойынорағыш шапка,етік киеміз.Құстарға жем берді.

Далада аққала жасап ойнадық.

Жарайсыңдар балалар!

 

Тәрбиеші:Ерте,ерте ертеде құс патшалығы болыпты.Патшалықты  басқаратын ханзада мен ханшайым болыпты.Құстар патшалығының ханшайымы бізге қонаққа келіпті.

Ханшайым:

Сәлеметсіңдерме, балалар!Мен құстар патшалығының ханшайымымын.

Құстар тақырыбында  ашық оқу іс-әрекет өтіп жатыр деп естіп әдейі қатысуға келдім.Көрдіңдерме  балалар менің сиқырлы сандығым бар.Сол сандығым ашылмай қалды егер сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындап берсеңдер сандық ашылады ,ішінде сендерге алған сыйлықтарым бар.

 

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисыңба?    (Торғай)

 

1-тапсырма:

«Қыстап қалатын құстар жайында білгендерін айту.»

Тәрбиеші: Балалар  дала құстары екіге бөлінеді жыл құстары және қыстап қалатын құстар.Суыққа шыдамды ,жылы жаққа ұшпайтын құстарды «қыстап қалатын құстар» деп атаймыз. Ал көктемде келіп күн суығанда жылы жаққа ұшып кететін құстарды «жыл құстары» деп атаймыз.  Қыстап қалатын құстардың қысқа қарай  қауырсындарының астындағы  мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.

-Тәрбиеші:Қыстап қалатын құстарды білесіңдерме атын  атап сол құстарды ағашына  қондырайықшы.

-Балалар:Торғай,қарға,шымшық,кептер,сауысқан,тоқылдақ,үкі

-Тәрбиеші:Құстар немен қоректенеді?

-Балалар:Құстар дәндермен,нан қоқымымен,кепкен жемістермен,құрт-    құмырысқалармен қоректенеді.

 — Тәрбиеші :Құстарға тән қандай ортақ қасиеті бар?              

-Балалар: Барлық құстар ұшады,қанаты,тұмсығы бар,жұмыртқалайды.

 -Тәрбиеші:Қандай айырмашылығы  бар?

  -Балалар :Құстардың  тұмсықтары ,дене пішіні ,түсі, дыбыстауы әр түрлі.

   Тәрбиеші:Құстардың қандай пайдасы бар?

   Балалар:құстар ағаштағы,өсімдіктердегі зиякеш құрт-құмырысқаларды жеп         тазартады.

Тәрбиеші:Қыста құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Балалар:Құстарға ұя жасаймыз,жем шашамыз,су құямыз

 

Сергіту сәті:

1,2,3 қарлығаш боп ұш

4,5,6 қарлығаш боп қалқы

7 менен 8 қандай күшті деңіз

9 бен 10 қарлығаш боп қон.   (2-рет )                 

 

2-тапсырма: (  баяу музыка қойылады)

Дидактикалық ойын: «Құстарды орындарына орналастыр»

 

3-тапсырма: «Құстар туралы тақпақ ,жаңылтпаш айтып беріңдер»

Тәрбиеші:Кім тақпақ айтып береді құстар туралы?

Сафи

Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

 

Бекарыс

Торғай,торғай,тоқылдақ,

Жерден тары шоқып- ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

 

Гулназ

Торғай,торғай,торғайсың,

Неге  жақын қонбайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда сенде тоңбайсың.

 

Жаңылтпаш

Дақ-дақ-дақ

Емші құс тоқылдақ

 

Торғай тоғайды ұнатады

Тоғай торғайды ұнатады

 

Ала қарға,қарға қонды

Қара қарға жарға қонды

 

Тыныс алу жаттығуы: «Мамықты үрлеу»

 

4-тапсырма: «Құстар туралы жұмбақ шешіп ,тиым сөздер айтып беріңдер»

Тақылдатып,мазаны алып,

Ағаштарды тазалап.

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап.       (Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай,

Төсіне сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай. (Қарға )

 

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз,баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп

Қай құсты біз мақтаймыз?  (Көгершін)

 

Тәрбиеші:

Құстар туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?

Балалар: Құстың ұясын бұзба .Жұмыртқасын жарма.

Құсқа тас лақтырма.Құстарды ұстама,құстарды атуға болмайды.

 

Тәжірибе:

Шарты:Қауырсын мен мамықты салыстыру.Айырмашылықтарын айту.

Балалар:қауырсын қатты,мамық жеңіл, жұмсақ.Қауырсын қанатта орналасады,желпуіш сияқты ашылып жабылады.Мамық бауырындағы жүні,қыста қалың болады.

 

5-тапсырма: ( баяу музыка)

  «Құстардың бейнесін,ұясын  дәстүрден тыс жапсыру»

 

Тәрбиеші: Балалар енді қыстап қалған құстардың бейнесін және оларға ұя жасаайық.

Балалардың өз бетімен жұмыстары.

Қорытындылау

  Ойын: «Торғай»

Ойын арқылы сабақты қорыту.Торғай қонған бала сұраққа жауап береді.

-Қыстайтын құстарды ата?    (Қарға,сауысқан,торғай,көгершін )

-Қарға қалай дыбыстайды?  (Қарқ-қарқ,қарқ)

-Торғай қалай дыбыстайды (Шиқ-шиқ-шиқ )

-Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? (Жем шашамыз,үйшіктер жасаймыз,қорғап жүреміз)

 

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа

Ханшайым

 -Жарайсыңдар балалар!Менің барлық тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар!Сандығым ашыл!(Сандық ашылады)Мен сендерге өте риза болдым,сендерге әкелген сыйлығым бар соны тарту етейін. Мен енді қайтайын .Сау болыңдар. (Ханшайым шығып кетеді )

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Құстардың тіршілігін,ортақ қасиеттерін,айырмашылығын ажыратуға үйрету

Игереді:Құстарға қамқор болуды,қорғай білуді.

Меңгерді :Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы білімдерін қалыптастыруды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *