Жасанды интеллект Тьюринг тестін тапсырса әлем қалай өзгереді

Конисбаева Гүлсін Тұрарқызы
«Shahaman» зияткерлік мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Жасанды сана жыл сайын қарқынды дамып келеді.Ұлыбританияның белгілі математигі Алан Тьюринг дәл осы жасанды машинаға қатысты бірнеше пікірлерді айтып кеткен. Тьюринг өткен ғасырда өмір сүрсе  де,елеп-ескеріп қойған  «роботтар ойлана алады ма ? » деген сұрағы бүгінде ауқымды мәнге ие .Тіпті оны ағылшын ғалымы Стивен Хокинг пен америкалық миллиардер Элон Маск  құптап отыр дейді massaget.kz .Бұл сұрақ сол кезде назардан тыс қалғанымен, қазір үлкен конференцияларда қызу талқыланып жатқан маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Тьюринг тестін жасанды интеллекттің тапсыруы әлемді өзгерте алады. Десе де, бұл тестті тапсыру роботтар үшін қиынға соғып отыр.Бірақ , көрсеткіш роботтар тестті шеше алмайды дегенді білдірмейді.Уақыт өте келе, олар тесттен міндетті түрде өтпейтініне кім кепіл?Тесттің мақсаты адам баласымен жасанды интеллектті  салыстыра отырып сынау, оның интеллектуалды деңгейін тексеру.Адам бойындағы мінездердің барлығын көрсете алу.Атап айтсақ : адамгершілік , жақсы көру , сезіну , сағыну , ләззат алу сынды т.с.с. Егер осы тестті робот машина тапсыра алатын болса,оны адамнан ажырату мүмкін болмай қалады.Адам мен робот санасын салыстыруға келмейді десек те , заман сағат санап , минут сайын емес секунд сайын дамып жатыр.Ал оның дамушы құралы әрі негізі осы жасанды интеллектке тікелей байланысты  болып отыр.

XXI ғасыр техниканың дамыған заманы .Жасанды интелекттің адам баласымен бәсекелестікке түсуі істеп отырған жұмысынан , тауып жүрген нанынан айыру қауіпті болып отыр.Жасанды интеллекттің бізбен  бәсекелестікке түсе алатындай мүмкіндігі бар екенін жоққа шығару мүмкін емес.Роботтарда адам бойындағы санаға,сезімге байланысты мінездер кездеспейді дейміз.Ал мықты математикпен шахмат ойнаған интеллекттің алғашқы ойыннан-ақ жеңгенін ескеретін болсақ,сазгер,әнші,компазитор,тіпті жүрек тербейтін,тұла бойды шымырлатып жіберетін поэзияларды да осы роботтар оқи алады. Адам атқара алатын артықшылықтары мен ерекшеліктерінен қай жерін немесе нені кем жасап отыр? Біз өзгелерден шығармашыл тұлға ретінде дараланып тұруымыз мүмкін.Ал интеллект оны да  жасай алады.Ол үшін адам интеллекттен екі есе мықты,үш есе қабілетті болуы керек. Айта берсек, жасанды машинаның әлдеқайда дамып келе жатқанын  көреміз.Яғни , техника ІТ саласында ғана емес, гуманитарлық бағыттан да осалдық көрсетпей тұр.Бұл тек қазіргі көрсеткіш аясындағы ғана әңгіме болып отыр.Уақыттың еншісіне тапсырар болсақ, ХХІІ ғасырда әлем қалай тіршілік ететіні беймәлім.Тоқсаныншы жылдарда байланыс телефоны екінің бірінің қолында болмағанын,оның сенсорлы нұсқасын ұстау көпке арман болғанын естиміз. Араға ұзақ жылдар салмай , қоғам түбегейлі өзгерді.Ұялы телефонды байланыс құралы ретінде емес,түрлі бағытта пайдаланып жатырмыз.

Мен жасанды интеллекттің қарқыны басым екендігіне еш шүбәсіз сенемін.Әрі оны көріп те жүрмін.Бірақ , бұдан шығатын ой оған деген теріс көзқарас пен пікірдің жоқ екендігін білдірмейді.Шығармашыл тұлғалардың пікірін ескере отырып және адамның жеке деректерін анықтауға арналған статистикалық мәліметтерге көз жүгірткеннен кейін , жасанды интеллект дамыса әлем қалай өзгереді деген сауалдың астарына үңілдім.Робот жадына сақталған ақпараттарды ғана ұсына алады.Ой қорытып,шабыттана жыр жазу оған тән қабілет емес.Қазақ тілінің шұрайлылығын ескерсек, қазақ тілінде роман немесе прозалық,поэзиялық жанрдағы шығармаларды жазу роботтар үшін мүмкін емес. Егер кітап жаза алатындай мүмкіндігі болса, қаншама автордың наразылығын тудырады.Себебі ,робот машина олардың құқығын бұзып отыр.Жадына яғни базаға енгізілген материалдарға сүйене отырып,лезде сұраушының қажеттілігін қамтамассыз етеді.Ал оның артында белгілі бір автордық құқығы қорғалған дүниесі тұруы мүмкін.

Белгілі бір тұлғаның жеке деректері әлеуметтік желіде жасырын тұр деп екінші мәселені қарастырайық. Жабық парақша болса да оны кез келген адамның бұзып , өзіне керекті мәліметтерді алуына  жасанды интеллект бөгет жасай алмайды.Тіпті техникалық ақаулар бола қалса,  қаншама жасырын деректер жалпыға қолдануға,көруге еш кедергісін келтірмейді.Жеке деректерді жария етумен қатар көз, адамның эмоциясы арқылы ол туралы мәліметтерді біліп отырады.Жеке қызығушылықтарын оңай анықтап соған байланысты қызықты видео,аудиороликтер ұсынады.Адам эмоциясын  өзгенің бағдарлап отыруы өте қауіпті.

Заман талабы деп гаджеттерге мұқтаж болып бара жатырмыз.Стандарт бойынша күніне шамамен 2 сағат ұялы телефон қарауға болады.Біз екі сағат тұрмақ,күніміздің басым бөлігін әлеуметтік желіде өткізіп жатырмыз.Жаңадан туылған баланы ұйықтату үшін басына планшет қоямыз.Түрлі әуендер тыңдатамыз.Бесікке жатқызып,бесік жырымен тербетіп, бар мейірімін төгіп әлдилегенге не жетсін ? Ертең туыла салып телефон қараған баланың тәрбиесімен кім айналысады әрі олардан қандай болашақ күтеміз ? Телефон қарама деп ұрысқан ата-анамыздың қолына да қызықтырып бір смартфоннан ұстаттық.Қазір ол кісілер уотсаптан шықпайды…

 Тьюринг тесті робот пен адамды салыстыра отырып, қорытынды шығарады.Тестті робот машиналардың тапсыра алмағаны бізге мейлінше жақсырақ.Егер адамнан еш айырмашылығы жоқ роботтар әлемді билейтін болса,қоғамда біздің керегіміз болмай қалады.Әрі онымен күресуге біздің қауқарымыз да жетпейді.Әлем түбегейлі өзгереді.Жылдам дайындалатын тағамдар,сенсорлы өмір,семіздікке душар болғандар қатары күн сайын еселене түседі.Адам жұмыс істеуден бас тартқаны былай тұрсын ас ішіп,киімін киюге,жуынуға ерінеді.Оның барлығын көмекші досы рөлінде жүрген робот атқарады.Адам адами құндылығын жоғалтады.Ақылшысы,кеңесшісі қазіргі жалпақ тілмен айтқанда мативаторы робот болады.Тюьринг тестін роботтардың тапсыруы адамның қоғамдағы маңызынан айырады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *