Ермексаздан ыдыс жасау

Ізбасова Әсем Қалыбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға ыдыс түрлерімен таныстыра отырып, оларды ермексаздан жасауды үйрету;

Дамытушылық мақсаты:  оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберліктерін, сана – сезімін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шеберлікке, еңбексүйгіштікке, ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: сарамандық  сабақ

Әдісі-тәсілдері: сарамандық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, көресту

Көрнекілігі: слайд, ыдыс суреттері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар, бүгінгі сабағымыз көңілді, сәтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек,

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек,

Сабағыңды жөндеп

Әзірленсең – еңбек,

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап.

  1. Өте ерте дәуірлерде ыдыс – аяқты неден жасаған?
  2. Ыдыстарды негізінен қандай ағаштан жасаған?
  3. Жаңа сабақ

Бейне ролик көрсету.

Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың – мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Осы бұйымдарды ермексаздан жсап үйреніңдер.

Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді? Әрине, пішін, түс, сурет, үйлесімділк табиғаттан алынған.

Идеялар қорындағы ыдыстарға қарандаршы. Олар неге ұқсайды? Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі. Әдемі бұйым адамды таңғалдырып, қуаныш сыйлайды. Қазақ халқының ұлттық ыдысы – тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б сусындар құйған. Ендеше әдемі ыдыстар жасап көрейік.

  1. Сарамандық жұмыс.

Гигеналық ережемен таныстыру.

1) Қол сүртетін орамал әкелу;

2) Партаға төсеніш төсеу;

3) Жұмыс соңында қолды сабынды сумен жуу керек.

Оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жүргізу.

  • Балалар енді топ бойынша дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.
  • Ең алдымен дастарханға не қойылады?
  • Дұрыс айтасыңдар, ең алдымен дастарханға нан қойылады. Ал енді дастархан мәзірін жасаңдар.
  • Дастарханға қандай ыдыстар қажет?

Шәуіш, шәйнек, нан салғыш, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал  енді дастарханға тағы не қоюға болады? Жеміс-жидектерді де жасауға болады.

  1. Сергіту сәті. Жұмбақтар шешу.
  2. Отқа қойсаң елпілдеп,

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы секілдеп

Танауынан бу шығар. (шәйнек)

  1. Жұдырықтай қамырды,

Жаулықтай ғып жаяды. (оқтау)

  1. Иінінде құлағы

Ішінде бұлағы

Көмейіне от салсаң

Ызындап тұрады. (самаурын)

  1. Сабы бар

Басы шатыр

Табысын өлшеп әкеп

Құдыққа тасып жатыр. (қасық)

  1. Ауызы төбесінде

Тұтқасы денесінде.(құман)

  1. «Ұйқасын тап» ойыны

Ойын шарты берілген мақал-мәтелдердің ұйқасын табу.

  1. Қазан қайнап ……(тұрса)

Ақыл сайрап тұрады.

  1. Ыдысын …..(көріп) – асын іш.
  2. Қарны ……(ашқан) қазанға қарар.
  3. Қазанға не ….. (салсаң), шөмішке сол ілігер.
  4. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

  • Ыдыс аяқтардың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Адам өмірінде ыдыс аяқтардың қандай пайдасы бар?
  • Ермексаздан не жасап үйрендік?
  1. Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтап, ыдыстарды ермексаздан жасап келу.

  1. Бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *