Менің сүйікті балабақшам


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қызылшарық ауылы
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші: Умурлянова Ардақ Семполатовна

Ересектер «Ақбота» тобы.

 Білім беру саласы: «Қатынас» «Тіл дамыту», «Шығармашылық», «Жапсыру».

 Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

 Мақсаты:

Тәрбиелік: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 Оқыту: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету.

 Дамытушылық: Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту. Өз беттерімен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту; қайшымен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру.

 Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз

 Көп тілділік: Сүйікті-любимый-favorite, балабақша-детский садик-kindergarten

 Педагогикалық технология: Ойын технологиясы, ақпарат технологиясы, денсаулық сақтау технолоиясы.

    Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, слайдтар, бейнебаян, пазылдар

   Ұ.І.Ә барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық!

— Балалар мен балабақшаға келе жатқанда хат тауып алдым.

— Ол хат бізге Фиксикиден келді.

— Фиксикис бізге балабақшаға саяхатқа келмекші, ол балабақша туралы ештене білмейді  екен.

—  Сондықтанда балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам»
—  Біз Фиксикиге балабақшаны таңыстырар алдында, өзіміз балабақша және оның қызметкерлері туралы көбірек мәлімет алуымыз керек.

  1. Негізгі бөлім:
  2. Сұрақ-жауап:

        — Балабақша сөзінің мағынасын ашу.

        — Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

— Балалар балабақша дегеніміз не?
— Балабақшада біз не істейміз?
— Біздің балабақшаның мекен жайы қандай?

— Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?

— Біздің балабақшамыз неше қабатты?

— Ал біздің топ нешенші қабатта орналасқан?

— Ал біздің тобымыздың аты қалай?

— Балабақшамызда барлығы неше топ бар?

— Ал балабақшаны біз тағыда қалай айтамыз?
— Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
          2. Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз сөзінің мағынасын түсіндіру

  1. Көп тілділік: Сүйікті-любимый- favorite, балабақша-детский садик- kindergarten     бірнеше рет қайталату
  2. Аукцион ойыны. Балабақша суреті ойналатылады.
  3. Суретпен жұмыс:

— Қане, тақтаға назар аударайық олар кімдер және не істейді екен?

(директор, әдіскер, тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Күтуші – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып,           тазалайды.
Аспазшы — біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Айзере:
Бала,бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.
Тәрбиеші: Жарайсың Айзере,енді балалар ойын ойнайық.
6. Ойын: «Кімнің жұмыс орыны»

Балаларға берілген пазыл бөліктерімен қызмет орынының бөлмесін құрастыру және сол бөлмеде жұмыс істейтің қызметкерді тауып, орналастыру.

  1. Сергіту сәті:Ағылшын тілінде бейнебаян
  2. Ұжымдық жұмыс:

Балабақшаға арнап жүрек-жарды лебіздерін қиып, жапсырып, атау.

Балалар жұмысқа кіріседі. Мен тек бақылап тұрамын, көмек қажет болған балаларға ғана көмектесемін.

         III. Қорытынды:

Оқу қызметің қорытындылау:

— Балалар біз бүгін не туралы айттық?

— Балабақшада кімдер жұмыс істейді екен?

— Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?

— Жарайсыңдар балалар біз енді Дымбілмес келгенде оған балабақшамыз туралы көптеген   мәлімет бере аламыз.

— Балалардың жауабын, жұмыстарын бағалау. Мақтап-мадақтау.

— Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

  1. Ән: «Балабақша»

Ендеше осында отырған барлық апайларға бір ән айтып берейік.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *