Қамқоршылық кеңесінде 1-жарты жылдық есебі тыңдалды

Әзімбай Жеңіс Өтеуліұлы

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп” КММ – нің қамқоршылық кеңесінде мектеп директоры Еримбетова Гүлжазира Налжигитовнаның 2024-2025 оқу жылының I-жарты жылдығы бойынша есебі тыңдалды.
Мектеп директоры Г.Н.Еримбетова күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелеріне мектеп ғимаратының жағдайы туралы және мұғалімдердің сапалық құрамын таныстырып, I-жартыжылдық барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Оқушылардың білім деңгейі I-тоқсанда 56.7% болса, II-тоқсанда 57,7%-ға көтеріліп, орта балы 4 құрап үлгерімі 99,7% болды. Сонымен қатар мұғалімдер және оқушылардың жеткен жетістіктерін атап көрсетті. Әр пән бойынша аудандық және облыстық олимпиадаларға қатысқан оқушылардың жетістіктері туралы аталып оларға ынталандыру мақсатында арнайы марапаттар мен сыйлықтар берілді.
Мектепшілік іс-шаралар жөнінде жеке-жеке тоқталып, бейне сурет және нақты көрсетілім бойынша жеткізді.
11 сынып оқушыларының ҰБТ-не дайындығы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Мектептегі жалпы ата-аналар жиналысы, ондағы көтерілген мәселелер мен тәрбие саласында атқарылған іс-шаралар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы таныстырып өтті.
Жиналыс соңында, қамқоршылық кеңесінің мүшелері I-жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстардың есебін қанағаттанарлық деп атап, өз ұсыныстары мен ізгі тілектерін білідірді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *