Италия. Экономикалық-географиялық жағдайы
Балғатаева Гүлнар Адилхановна
Тақырыбы: Италия. Экономикалық-географиялық жағдайы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Италия экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
- Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
- Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Әңгіме-дәріс.
- Тірек-сызбамен жұмыс.
- Топтастыру.
- Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Сұрақ-жауап.
- Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- «Үлкен жетілік» тобы елдеріне кіретін «Орта Еуропа» елдері.
- Франция құрамындағы арал.
- Ұлыбритания мен Францияны қай бұғаз бөліп тұрады?
- Француздар өз елін не деп атайды?
- Франция әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
- «Бокаж» дегеніміз қандай мағына береді?
- Қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрлік қай жылы құрылды?
- Франция халқының діни құрамы.
- Шіркеу мемлекеттен қай жылы бөлінді?
- Франция халқының неше %-ы қалада тұрады?
- Францияның халқы қай салада еңбек етеді?
- Франция қай өнеркәсіп бойынша жетекші орында?
- Францияда ірімішіктің неше түрі жасалады?
- Францияның оңтүстігінде орналасқан тау.
- «Эйфель» мұнарасы қай елде?
- Жанна Да Арк қай ұлттың батыры?
- Париждегі Қазақстанның прима әншісі.
- 19-ғасырда қазақтың қай ханшайымы французша таза сөйлеген?
- Орыстың қайсы ақынын «француз» деген
20.Францияны қандай орталық дейміз
- Париж-Бордо аралығындағы жолда экспресс поезд сағатына неше км жылдамдықпен жүреді.
22.Ниццада гүлді қай өнеркәсіп үшін өсіреді.
23.Курорты қалаларды ата
24.БҰҰ-ның Білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым,ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерлері қай қалада орналасқан
Бұл жоғары дамыған елді “теңіз бен тау елі” деп атайды. Оның келбеті машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді. Бұл әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған. Шетілдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн.-ға жуық туристер келеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Италия
Жоспар:
1.Мемлекеттің құрамы мен құрлымы
2.Табиғаты және табиғи ресурстары
3.Халқы және мәдениеті
Жалпы сипаттама
1Астанасы : Рим халқы – 2,7 млн. адам.
2Ірі қалалары: Милан (халқы – 1,5 млн. .), Неаполь (халқы- 1,1 млн. .), Турин (- халқы 992 тыс. .), Генуя (халқы- 700 тыс. .).
- Шекарасы: Италия Франциямен (- 488 км.), Швейцария – 740 км.), Австрия (- 430 км.), Словениея (- 232 км.) Сан-Марино (- 39 км.) Ватикан (- 3,2 км.).
- Қаланың ең биік нүктесі: Монблан тауы (4807 метров).
- Сөнбеген жанартау: Везувий, Этна, Стромболи.
6.Ең ұзын ұлкен өзен- По (682 км)..
7.Климат: – субтропикалық, жерортатеңіздік..
8.Мемлекеттік тіл: итальянша.
9.Мемлекеттік құрылымы : парламенттік республика, президент басқарады .
10.Мемлекеттік таңбалары Италия. Туы – жасыл ақ қызыл триколор,. Гимн – «Инно ди Мамели» – inno di Mameli (1847).
11.Діні- католизм, 98 %.
12.Экономика: Солтүстігінде елдің өнеркәсіп, оңтүстігінде ауыл шаруашылығы.
13.Ақшасы: евро.
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы
Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді.
Табиғаты:
Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан
Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – (4807) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар.
Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді
Пайдалы қазбалары: тас көмір,лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында..
Падан жазығы немесе Падан-Венеция жазығы немесе Ломбардия жазығы (итал. Pianura Padana немесе итал. Val Padana) — Альпі, Апеннин таулары және Адрия теңізі аралығындағы аллювийлік қалың тұнбалармен толған тектоникалық ойыс. Биіктігі 100 м, ұзындығы 500 км, ені 200 км (шығысында). Орталық бөлігі — По өзенінің аңғары. Тауға жақындаған сайын рельефі күрделене биіктігі 200—500 км-ге дейін көтеріледі Шығыс бөлігіндегі По өзенінің атырауындағы лагуналардың көпшілігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктерін емен орманы, жүзімдік алып жатыр; қалған жерлері түгелдей жыртылған (бидай, жүгері, күріш егістігі). Падан жазығы— Италияның негізгі өнеркәсіптік ауданы. Ірі қалалары —Милан, Венеция, Падуя, Болонья.
Калабрия таулары, Калабрия Апенниндері – Апеннин түбегінің оңтүстік бөлігіндегі таулар, Калабрияда орналасқан.
Оңтүстігінде Мессина шығанағы, солтүстігінде Крати өзені аралығында. Ұзындығы 200 км-ден астам. Күмбез тәрізді 3 массивке – Ла-Сила (биіктігі 1929 м), Ле-Серре (1420 м) және Аспромонте (1959 м) бөлінеді. Орталық және батыс бөлігі гнейстен, граниттен, тақта тастан, шығыс жағы әк тастан, мергельден, құм тастан, саздан түзілген. Калабрия таулары қатты жер сілкінуге ұшыраған. 500-600 м биіктікке дейін маквис, одан жоғарыда шамшат, талшын, қарағай бұта өседі.
Э́тна — Мессин қалашығы және Сицилия аралының шығыс жағалауында орналасқан вулкан. Бұл Европадағы ең ірі вулкан. Биіктігі 3329 м .Қазір вулкан 21,6 м -ға төмен, 1865 жылға қарағанда. Этна —Италияның ең биік тауы , 1250 кв километрді алып жатыр
Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже,Брента, Рено, Арно, Тибр,
т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі.
Италия халқының саны жөнінен Шетелдік Еуропада төртінші орын алады, мұнда 61,3 млн адам тұрады. 1 км-ге 204 адамнан келеді. Халықтың ұлттық құрамы біртектес. Оның 94 %-ы италиялықтар, қалған бөлігін басқа ұлт өкілдері (ретеромандықтар, француздар, албандар, еврейлер, гректер және т.б. құрайды.
Мәдениеті
- Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
Дұрыс-бұрыс ойыны
1.Италияның астанасы –Ватикан.(Рим)
2.Ел әкімшілік жағынан 20 облыстан тұрады. (94 провинция,20 облыс)
3.Елдің оңтүстік –батысында орналасқан Сицилия,Сардиния аралы бар.
4Мемлекеттік құрылымы жөнінен 1946жылдан бері Президент басқаратын Конституциялық Республика.(Параламенттік Республика)
5.Италия халқының саны бойынша шетелдік Европада төртінші орында.
6.Халқының 94 –ы еврейлер.(италиян)
7.Аса ірі сөнбеген жанартау.(Этна)
8.Рим қаласында ең үлкен мемлекет.(Ергежейлі мемлекет Ватикан)
- Италияндықтар үшін маңызды рөл,бұл-отбасы.
10.Италиянда апатты су тасқынды өзен Висла ( По өзені)
11.Италияда «мәңгілік қала» атанған қала –Агуста.(Рим)
12.Ғажайып аралдық қала-Венеция
13.Италияның тарихи ескерткіш қалалары әлемге әйгілі.
14.Италияндар тамағы негізінен-күріш.(Макарон, мен жүгері ұны)
15.Венеция қаласы бір-бірімен қамал арқылы жалғасып 118 аралға салынған және онымен 400 көпір арқылы байланысады.
- Италияндықтар үш нәрсені қатты сүйеді
Футбол,опера,жылдамдығы жоғары автомобиль.
І топ. Картамен жұмыс
Сәйкестендіру.
- Таранто қала
- Этна арал
- Сицилия теңіз
- Падан шығанақ
- Флоренция жазық
- Арно жанартау
- Лигурия өзен
ІІ топ. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді толықтыр.
Қайталанбас сұлулығымен туристерді … карстық үңгірлер, сондай-ақ … бұлақтар және … балшықтар қызықтырады. Италияның жер қойнауы ……………… бай. Өсімдіктердің түр алуандығы: ………….
ІІІ топ. Қажетті сандарды қой
Халық саны жағынан Италия батыс Еуропада … орын алады. Халқының орташа тығыздығы-1 шаршы км … адам. Падан және Лигурия ойпаттарында халықтың тығыздығы 1 шаршы км … адамнан келеді. Халықтың … %-ы қалаларда тұрады. Халықтың … %-ын итальяндықтар құрайды. Халықтың … %-ы ауыл шаруашылығында, … %-ы қызмет көрсету саласында, … %–
өнеркәсіпте жұмыс істейді.
Сұрақтар | Кілті |
1. Италия ауданы- | 301,3 млн км2 |
2. Қандай түбекте орналасқан | Апеннин |
3. Солтүстіа Альпі тау сілемдері арқылы қай елдермен шектеседі? | Франция, Швейцария, Австрия, Словения |
4. Италия жағалауын қандай теңіздер шайып жатыр? | Лигурия, Тиррен, Ион, Адрия. |
5. Италия қай жылы құрылды? | 1860 жылы біртұтас мемлекет болды. |
6. Қай жылдан бері президент басқаратын республика? | 1946 жылдан бері президент басқаратын парламенттік республика. |
7. Заң шығарушы орган? | Екі палаталы парламент. |
8. Ел аумағының бөлінісі? | 94 провинция, 20 облыс. |
9. Астанасы- | Рим |
10. Италия халық саны- | 58 млн адам. |
11. Италия жер бедері- | Таулы ел (80%) |
12. Аумағында екі кішкентай тәуелсіз ел | Сан-Марино, Ватикан |
13. Ең ұзын өзені | По |
14. Жанартаулары | Этна (3340), Везувий (1277) |
15. Ұлттық құрамы, діні | 98 % италияндар, діні католик. |
Бағалау белгісі
- 14-15 жауап үшін: «5»
- 11-13 дұрыс жауап үшін: «4»
- 7-10 дұрыс жауап үшін: «3»
6 және одан аз жауап үшін: «2»