Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс – әрекетін ойын жаттығулары арқылы дамыту

Ботабаева Фарида Акимбековна
ШҚББ «Қосалқы мектеп — интернаты» КММ

Мұғалім – дефектолог

Бұл  мақалада ерекше білімберуді қажет ететін балалардың даму ерекшелігі мен олардың танымдық қабілеттерін дамытатын ойын түрлерінен қысқаша мәлімет берілген.

«Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс – әрекетін ойын жаттығулары арқылы дамыту»

           Қазіргі уақытта қоғам кәсіби еңбек ету барысында болашақ маман иесінен қажетті психологиялық – педагогиалық тәсілдерді меңгеруді талап етіп отыр. Педагог қауымы өз бойындағы жеке ерекшеліктерімен қатар, балалардың психологиялық ерекшеліктерін ұжымда дамуы мен қарым – қатынас жасау психологиясын, өзін – өзі  меңгере алу  технологиясын білуі қажет екенін назарға салып келеді. Қазіргі таңда педагогтың инновациялық үдерісіндегі әдәс — тәсілдерінің негізгі заман психологиясы мен педагогикасына сай тәрбиелеп, білім мен тәрбиені қатар меңгеруіміз тиіс. Осыған орай, баланың дұрыс жетіліп дамуы үшін оның өміріне қолайлы жағдай жасау, тәртібін, іс – әрекет дағдыларын, танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру, эмоциялық көңіл – күйін, баланың жеке басының әлеуметтік статусын көтеру болып табылады. Белгілі ұлы педагог Ушинский:                      «Баланы жан – жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан – жақты білу керек» деген.          Балалардың  ақыл – ой дамуындағы жеңіл ауытқулары                            «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. балалар өздерінің құрдастарына қарағанда кеш дамиды.Олардың ойлары тұрақсыз, танымдық белсенділіктері жеткіліксіз болып келеді. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың қоршаған орта туралы түсініктері зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл – қозғалыс координацияларының жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан ерекше оқытуды қажет ететін  балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрайды. Бұндай  қиындықтардың алдын – алу мақсатында ойын элементтері әдістерінің маңызы зор. Ойын баланың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әртүрлі психологиялық жаттығулар, суретті кестелер, танымдық ойын түрлерін пайдалану баланың ой – өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, ойлау,  қабылдау қабілеттерін дамытуға  үлкен септігін тигізеді. Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді :

 

  • олар ойланады;
  • эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады;
  • ұжымдық сезімі қалыптасады;
  • ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

 

Ойын – оқушының оқуға деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін  арттыратын құрал.  Сондықтан да ерекше білімді қажет ететін  бала сабақ үстінде ойынды көп кажет етеді. Оны жалықтырмай әртүрлі ойын-жаттығуларымен  сабақты қызықты өткізуге болады.  Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

  • Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, сынып, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар.
  • Қимыл — қозғалыс ойын-жаттығулары: «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық пен тышқан» т.б.
  • Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, сен жалғастыр, дәл тауып айт т.б.
  • Құрылыс ойындары: лото және басқа констукторларды пайдалану.
  • Моторикалық ойын — жаттығулар: мозайка, құм терапиясы, су терапиясы, ұсақ моторикалық ойын элементтері – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.

 

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Сондықтан В.А.Сухомолинскийдің осы сөзіне сүйене отырып балалардың ынтасын оқуға деген қабілетін ойын – жаттығулар арқылы дамытуға болады.  Ойын арқылы бала бойынан барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерін көру үшін, ойын-тапсырмаларды, танымдық ойын-жаттығулар, ойын терапияларын және де қолдарының ұсақ моторикасының қалыптасуына алғышарт бола алады. Моториканың дамымай қалуы, жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Баланы тәрбиелеу кезінде арнайы жаттығулар мен сергіту ойындары арқылы баланың дамуына ықпал етуге болатыны дәлелденген тәсіл. Ерекше білімді кажет ететін оқушылардың іс-әрекетін дамытудағы ойын – жаттығулар:

«Суретті есіңе сақта» ойыны. Мақсаты: көру, есте сақтау және зейінін дамыту. Қажетті құралдар: бала санына қарай ойын үлестірмелері; Ойынның жүру барысы: әр балаға ойынға арналған үлестірмелерді таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін үлестірмелерді ауыстырады. Үлестірмелі парақшада зейін қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Ойын осылай жалғаса береді.

«Сандық  сөздік» ойыны. Мақсаты: берілген сандардың астындағы әріптерді ретімен орналастырып сөз құрау. Сөздік қорын молайту, оқу дағдысын қалыптастыру.  Барысы: «Балалар бұл ойында берілген сандардың астындағы әріптерді ретімен орналастырып сөз құраулары керек». Мысалы:

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Т П А Н Қ Ғ О Б Й Л

 

3 1 3   3 2 3   3 4 3   3 6 3
А Т А                  

 

3 9 4 3   8 3 10 3   8 7 1 3
                       

 

Арт-терапиялық әдістерді қолданудағы ойын — жаттығулар: Изотерапия «Ылғал қағаз бетіне сурет». Мақсаты: АРТ-терпия әдісін пайдану арқылы, бала қиялын,  ұсақ моторикасын дамыту. Алдын ала ылғалданған қағаз бетіне акварельмен сурет салу. Мүмкіндігінше қанық бояуларды қолданған дұрыс. Бояулар бірімен бірі қалай араласатынын бақылау. Пайда болған бейнеге ат қою. Аяғында сурет талданады.

Су терапиясы «Балықтар» жаттығуы. Судың ішінде жүзіп жүрген балықты қармақпен бір балықты ұстап алып шығу. Сиқырлы балықтың қояр сұрағына балалардың жауап беруі.

Құм терапиясы. «Құммен ойын». Құм ойыны арқылы бала қиындықты жеңе білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмнан түрлі мүсіндер жасау арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын, қорқыныш сезімін жеңе алады. Белгілі педагог В.А Сухомлинский былай деген, “Бала ақылы – саусақтың ұшында орналасқан”.

«Құмырадағы пипетка». Мақсаты: қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдар: су толтырылған пластмасса ыдыс, пипетка. Құмыра түрлі түсті жолақтармен бөлінген.

«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру». Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру.

Балалармен жұмыс жүргізу барысында жоғарыда аталған танымдық ойын түрлерін қолданып, ойын арқылы бала сенім-сезімдерін, танымдық іс-әрекеттерін дамытуда нәтижелер бала бойынан көрініп, оң нәтиже танытып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арнайы педагогика, А.А. Байтұрсынов;
  2. «Ойнайық та, ойлайық», Алматы , Ана тілі;
  3. В.А. Сухомлинский, «Балаға жүрек жылуы»;
  4. Дефектология журналы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *