Шығыс Қазақстан

Сәндібек Қанағат

Сабақтың мақсаты:

  1. Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандары жайлы түсіндіру
  2. Өз ойларын жеткізе білуге ,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру
  3. Белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ашық, жабық әдісі,

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, интерактивті тақта,видео, постер, маркерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  3 минут

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

II Үй тапсырмасын тексеру  15 минут. топпен жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. ( топқа конфет  тарату әдісі бойынша) Үйге « Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер» тарауын қайталау берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп постер бетіне кластер құрастыру керек . (4 минут)

І топ: Үйсіндер

ІІ топ :Қаңлылар

ІІІ топ : Ғұндар

ІV топ: Сарматтар

Әр топ өз жұмысын  2 минут  қорғайды

Үй жұмысын қорытындылау : (2 минут)

Сонымен, осы тарауда Қазақстан аумағында б.з.б ІІІ ғасыр мен б.з V ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат мемлекеттік бірлестіктер болғанын білдік. Олардың  орналасқан жерін, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын,  тұрмысымен таныстық.

Енді балалар жаңа сабағымызды көңілді күймен  бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті 1 мин

III Жаңа сабақ  20 минут

Жаңа сабақта тағы жаңа топ құрамыз. Ол үшін оқушыларды қорымдардың атымен бөлу (Бесшатыр, Сынтас, Аралтөбе)

Бүгінгі жаңа тарауды бастаймыз. Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті.

Дәптерлерімізді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазғызу.

Жаңа сабақ §17 Шығыс Қазақстан.

Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары көптеген құнды мәдени мұра қалдырған. Олардың мәдениеті ортақ болғанымен, өңірлік өзгешіліктері де болды. Сақ мәдениетінің ең көне жәдігерлері, алып патша қорғандары Шығыс Қазақстан жерінен тобылған Шілікті ескерткіштері. Соның ішіндегі алып патша қорымы үшінші алтын адам табылған «Бәйгетөбе» обасы. Оны ашқан тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев. Енді осы жайлы ғалымның өз айзынан естейік, экранға назар аударыңдар.  (видео) 7 минут

Ал осы видеода айтылмай кеткен 1960жылы С.Черников зерттеген 1-Шілікті қорымындағы №5 оба. Ол «Алтын қорған» деп аталды. Онда екі адам жерленген. Оның бірі 40-50 жас жашасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел адам. Олардың қасынан 13 жебе, қалың теріден жасалған жебе салатын қорамсап жұрнағы және зергерлік бұйымдар табылған.

Енді осы түсінгеніміз бойынша әр топ жұмыс жасаймыз. Топтық тергеу стратегиясын пайдаланамыз. Дайындалу уақыты 5 минут

Ол үшін:

І топ экранда көрген бейнебаянды келесі топтарға түсіндіреді.

ІІ топ келесі топтарға сұрақ дайындайсыңдар 6 сұрақ (ашық және жабық әдістер)

ІІІ топ суретке түсіреді

Қорғау 2 минут

IV  Қорытындылау 5 минут

2 жұлдыз 1 тілек стратегиясын қолданамын. Оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгенін, не үйренгенін жазады және 1 ұсыныс тілектерін жазады.

V   бағалау 2 минут

VI  Үйге тапсырма. : Шығыс Қазақстан мазмұны. Шілікті обасы мен Бесшатыр обасының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтырды тізіп жазу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *