Бала – біздің болашағымыз
Кенжебек Айнұр Жанатқызы
Әр отбасының берекесі мен мерекесі болған бала еліміздің болашағының іргетасы. Баланы адам өзінің өмірінің жалғасы, болашағы ретінде көреді. Қазіргі таңда балабақшадағы бала тәрбиесінің маңызы өте зор. Бірақ, кей кезде осы тәрбие отбасымен тығыз үндесе отырылып берілетінін кей ата-аналар түсінбейді ме деген сұрақ мазалайды.
Шыр етіп өмірге келген баланың заңдарымыз бойынша туғаннан құқық қабілеттілігі бар екен. Яғни, бала жарық дүние есігін ашты ма оның өмір сүруге құқығы бар. Науқастанып немесе шала туылса да сәби өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар күш-жігерін салады. Ол бала өмірге келген соң бір әулетке қуаныш болып туылса, бір шаңырақтағы түрлі жағдайларға байланысты елеусіз де өмірге келуі мүмкін. Одан кейін сәбидің тәтті алаңсыз балалық шағы басталады. Тәрбиеші ретінде балабақшаға келген екі жастағы баланың-ақ жанұядағы рөлін көруге болады. Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала бір жасынан бастап көргенін қайталайды екен. Ұлттық тәрбие берген үйдің баласы домбыра үнін, қазақ әндерін естігенде елең ете қалады. Заманауи бағытта тәрбие көргендер жастар арасында танымал әндерге назар аударады. Тәрбиеші ретінде әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне, дамуына қарап тәрбие беруге ұмтыламыз. Қарап отырсақ мінез-құлықта ата-анасының, бауырларының әрекет, сөз, қимылдары көрініс табады. Әрине, тәрбиешінің орны әр балаға ерекше екені белгілі, бірақ әр балаға ата-ананың қамқорлығына жетпейді. Сондықтан, менің ойымша әр ата-ана өзінен тәрбиені бастау керек. Тәнің сау болу үшін өзіңіз де таңертеңгілік шынықтыру жасасыңыз балаңыз да сізді қайталайды. Ең бастысы күнделікті режим сақтай білу. Сол режимге өзіңіз үйренсеңіз баланыңыз да үйренеді деп ойлаймын. Қазіргі балаларда негізінен көшбасшылық қасиеттер жақсы дамыған. Бірақ, сол қасиетті даналыққа сай дарыта білу керек. Әр шараға дайындалар алдында осы барлық балалардың бірдей шараға қамтылғанын қарап, коммуниктивтік дағдылардың қалыптасқанын барынша қадағалаймыз. Дегенмен, кей тұста жанұя тарапынан түсініспеушіліктер болып қалады. Тәрбиеші үшін бар тобындағы баланың барлығы да бірдей, өз баласындай жетістігіне қуанып, кемшілігіне қапаланады. Тәрбиеші ретінде ең басты қағида менің ойымша атына сай жеке өмірге, ортаға тәрбиелеу. Баланың болашақта қазіргі жаңашыл ортада азамат болып қалыптасуына тәрбиешінің қосар үлесіне ата-аналардың да септігі тиюі тиіс деп ойлаймын. Қазіргі бәсекеге толы технологиялар заманында ең бірінші рухани құндылықтарды дәріптеп, адамгершілікке баулуды ұмытпау керекпіз. Болашағымыз жарқын болсын десек бала тәрбиесіне балабақшамен қатар ата-ана да көңіл бөлуі тиіс. Рухани құндылықтардың ішінде сөз саптаудан бастап, айналаға құрмет, еңбексүйгіштік, достық, табиғатты аялау және басқа да адами қасиеттер бар екені даусыз.
Қорыта айтқанда, Қорқыт атамыз “Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе” дегендей бала тәрбиесі – жанұяның айнасы. Ұлттық құндылыққа назар аударып “Синий трактор” орнына “Қуырмаш”- ты тыңдатып, Маша орнына Мақта қызды көрсек, теледидар алдына емес таза ауада жанұя болып ойнар балалар ойындарына мән берсек, кезіндегідей әкеміз арқасына мінгізіп ат болып, анамыз сақ болып жүргенге ештеңе жетпейді. Бала болашағыңыздың кепілі, ертеңгі күніңіздің жарқын бейнесі.