Наубайхана. Сөйлем
Теректі ауданы. Подстепный №1 ЖОББМ, Бастауыш сынып мұғалімі
Какимгалиева Гульмайра Талаповна
Бөлім: | Мәтін және сөйлем. | ||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні | Г.Т.Какимгалиева | ||||||||||||||
Күні: | Пән: Ана тілі 44 сабақ | ||||||||||||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Наубайхана.Сөйлем. | ||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
1.1.1.1 мәтін,сөйлем,сөз,буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; 1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып,соңына тиісті тыныс белгіні қоюды үйренеді; |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтін,сөйлем,сөз,буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,соңына тиісті тыныс белгіні қояды. |
||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну. Қолдану
|
||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||
Cабақтың басы
5 минут |
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарып, Арайлап атқан күнге. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: – Оқушылар, бүгін біздер берілген тақырып бойынша берілген мәтіннің мазмұнын болжап үйренеміз.Тыныс белгілерін ажырата білуге жаттығамыз. Алдыңғы меңгерген білімі: – Алдыңғы сабақта қандай мәтінмен таныстық? – Диқандар көктемде не істейді?
– Астықты қалай жинайды?
– Мәтін неге «Нанды қадірлейік» деп аталған?
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
-Нанды қадірлейік.
-Диқандар көктемде жерге тұқым себеді. -Күзде астықты комбайнмен орып алады.
-Өйткені, нан еңбек арқылы келеді. -Көп еңбекті қажет етеді. |
|
Баяу әуезді музыка. | |||||||||||
Сабақтың ортасы
32 минут |
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу ауызша орындалады. «Миға шабуыл» -Балалар,нан қайдан шығады?Дүкен сөрелеріндегі нандар қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Суретке қарап өлеңнің мазмұнын болжап көрейікші. Наубайхана туралы видеролик көрсету https://yandex.kz/video/preview/11252441167038689712 Ендеше біз қазір «Наубайхана» деген өлеңмен танысамыз. Өлеңді тыңдайды. -Өлең неліктен «Наубайхана» деп аталған? -Нан дастарқанға қалай келеді? Ф.С. тапсырмасы:– нанды қалай пісіреді?
Дәптермен жұмыс. Нүкте,үтір, леп белгісі,сұрақ белгісі,сызықша- бұлар тыныс белгілер.
2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазады.Тыныс белгілеріне назар аударады.Мұнда мұғалім оқушыларға екі адам бір-бірімен сөйлесер алдында сызықша қойылатынын,сұрақ қойылған соң сұрақ белгісі,айтылуына қарай леп белгісіне нүкте қойылатынын түсіндіреді. Тыныс белгілермен таныстыру.Ережемен жұмыс. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрақ белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады. 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу
ЕББҚ:Оқулықтағы тапсырманы топшама ретінде беремін.
Жазу дәптеріндегі тапсырманы орындату.
Сергіту сәті ойын түрінде орындалады.
«Жасырын сөздер» әдісі. Бір оқушы ортаға шығады,жүргізуші оның артында тұрып,бірнеше сөзді жасырады,ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді.Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек. (егінші,бауырсақ,қуыршақ) Табаға салып жапқаным не? Кілегей шайқап алғаным не? Сөреге кептіріп жайғаным не?
|
-Нан наубайханадан шығады.
Оқушылар суретке қарап,өлең мазмұнын болжайды.
Өлеңді мұқият тыңдайды. Өлеңді дауыстап, тізбектей оқиды. Сұрақтарға жауап береді. -Нанды пісіру үшін ұн, тұз, ыдыс, жылы су, құрғақ ашытқы қажет. Ыдысқа ұн, тұз, ашытқы салып жылы су құйып араластырамыз. Илеп жауып қоямыз, көтерілген соң арнайы ыдысқа салып газге қоямыз. Сөздікпен жұмыс: Тілім-жұқалап кесілген деген мағынада.
2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазады.Тыныс белгілеріне назар аударады.
3-жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.
ЕББҚ:Көп нүктенің орнына қойылатын суретті сәйкестендіреді.
Шаршыдан сандарды сызып тастап,шыққан екі сөзден сөйлем құрайды
-нан -май -құрт |
Дискриптор: 1. бірінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; 2. екінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; 3. үшінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды;
|
Таныстырылым
Видеоролик
Оқулық
Сурет -1
Сурет -2 Сурет -3 Сурет -4
|
|||||||||||
Сабақтың соңы (бекіту)
5 минут |
«Жалғасын тап» әдісі
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады,олар ойды жалғастырып,сөйлемді толықтырып айтады.
Сөйлемдерді толықтырып айтады. Ас атасы- … . Нанды аяқпен … . Нанның қоқымын … .
ЕББҚ:Тыныс белгілерді сәйкестендіреді.
|
Ас атасы- нан.
Нанды аяқпен баспа. Нанның қоқымын тастама. |
Дискриптор.
1.Берілген сөйлемдерді аяқтайды. 2.Тыныс белгісін дұрыс қою. 3. Тиісті дауыс ырғағымен оқиды.
Дискриптор: 1. тыныс белгілерін ажырата біледі.
|
Сөйлемдер | |||||||||||
Кері байланыс
3 минут |
Кері байланыс.Смайлектер арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. | Сабаққа,бір-бірінің жасаған жұ-мыстарына кері байланыс береді. Стикерлерге жазып,жапсырады. | Смайликтер |