Бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастыруда ұлттық ойындардың маңызы

ҚазҰҚПУ Педагогика және психология институты
6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттері:
Тастемір Дамира, Тамбетова Томирис, Тиливалдиева Анеля, Турсиматова Лайло

Ғылыми жетекші: п.ғ.м, аға оқытушы Шаханова Назерке Накыпбековна

e-mail: tastemirdamira@gmail.com

 

 Аңдатпа: Аталмыш мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастырудағы ұлттық ойындардың маңызы қарастырылады. Зейін дегеніміз не, зейінді дамытудың қандай әдістері бар, зейінді дамытудағы қазақ халқының ұлттық ойындарының пайдасы жөнінде сөз қозғалады. Мәдени мұраның бөлігі ретінде ұлттық ойындар когнитивті қабілеттердің дамуына, соның ішінде тұрақты және таңдамалы зейінге оң әсер етеді. Ұлттық дәстүрлерге негізделген ойын әрекеті байқампаздықты, қойылған міндеттерге шоғырлану және өзгерістерге тез жауап беру қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Ойындарды сабақтарға, сыныптан тыс жұмыстарға және дене шынықтыру сабақтарына біріктіруді қоса алғанда, білім беру процесінде ұлттық ойындарды практикалық қолдануға ерекше назар аударылады.

Кілт сөздер: ұлттық ойындар, бастауыш сынып, зейін, танымдық қабілеттер, білім беру процесі, тәрбие, ұлттық құндылықтар.

          Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» – деген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ол: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады» деп, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің өзектілігін баса айтты.

Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысында ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығы талқыланды. Бұл іс-шарада оқушыларда ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше екені атап өтілді.

Осы ұлттық құндылықтардың ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастыру мен дамытудағы рөлі өте зор. Ең алдымен зейіннің не екеніне тоқталып, түсінік қалыптастырып өтелік.

Зейін дегеніміз не? Зейін – адамның санасының белгілі бір объектіге немесе әрекетке шоғырлануы және оған белсенді қатысуы. Бұл – психиканың маңызды функцияларының бірі, ол адамның ойлау, есте сақтау және оқу процесінде үлкен рөл атқарады. Зейіннің негізгі түрлері:

Ырықты зейін – адамның өз еркімен белгілі бір іс-әрекетке бағытталуы.

Ырықсыз зейін – сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштердің әсерінен өздігінен пайда болатын зейін.

Көңіл-күйге байланысты зейін – адамның эмоционалдық жағдайына байланысты қалыптасатын зейін.

Зейін – бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерінің негізі болып табылады. Бұл кезеңде балалардың танымдық қабілеттері белсенді дамиды, ал зейін олардың білім алуға бағытталған негізгі психологиялық құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Зейіннің маңызын бірнеше аспектілер арқылы қарастыруға болады: оқу процесіндегі рөлі, танымдық қабілеттерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалдық дамуға әсері. Зейіннің тұрақтылығы оқушыға жаңа білімді терең және сапалы меңгеруге мүмкіндік береді. Егер бала назарын шоғырландыра алмаса, маңызды ақпаратты жіберіп алуы мүмкін. Зейіні дамыған бала тапсырмаларды мұқият орындап, қателіктерді аз жібереді. Сонымен қатар, зейін танымдық қабілеттерді дамытуда ерекше мәнге ие: ол талдау, синтез, салыстыру сияқты ойлау операцияларын орындауды жеңілдетіп, логикалық және шығармашылық ойлауды жетілдіреді.

Л.С. Выготский зейін баланың когнитивті дамуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылған. Ол зейінді дамытудың сыртқы факторларға (оқу ортасы, тәрбие) тәуелді екенін көрсетті.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне ескерер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының зейіні көбінесе ырықсыз болады, яғни олар сыртқы тітіркендіргіштерге (дыбыстар, түстер, қозғалыс) тез назар аударады. Бұл кезеңде зейін тұрақсыз және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Сондықтан, оқу процесін ойын түрінде ұйымдастыру зейіннің тұрақтылығын арттырады.

Осы тұста, қазақ халқының ұлттық ойындары – бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастыруда таптырмас құрал. А.Н. Леонтьев Зейіннің ырықты және ырықсыз түрлерін зерттеп, оның дамуы ойын арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

           Қазақ халқының ұлттық ойындары – халықтың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудің және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырудың тиімді құралы. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастыруда ұлттық ойындардың маңызы ерекше, себебі олар балалардың танымдық, әлеуметтік және психологиялық дамуында шешуші рөл атқарады. Бұл ойындар балалардың зейінін бағыттап, оны шоғырландыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Халықтық педагогикада ойын тәрбие мен оқыту, қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады. Негізінен, барлық ұлттық ойындар қол жетімді және мәнерлі, олардың көмегімен адам ойлана бастайды, көкжиегі кеңейеді, балалық шақтан үлкенге көшуді ынталандырады. Эмпирикалық деректер көрсеткендей, Е. Сағындықова “қазақ халық ойыны логикалық ойлауды тереңдетуге ықпал етеді, ақыл-ойдың ізденушілік сипатын арттырады” – деді.

Ойындарды педагогика мен психология тұрғысынан білім мен тәрбие құралы ретінде көруге болады. Бұл ойындар көп қозғалуға мәжбүр етеді және тапқырлықты, зейінді, ептілік пен табандылықты қажет етеді.

Ұлттық ойындар мәдени мұраның ажырамас бөлігі бола отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл ойындар ойын — сауық құралы ғана емес, сонымен қатар зейінді дамытудың қуатты құралы болып табылады. Олар балалардың зейінін, байқағыштығын, өзгерістерге тез жауап беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл әсіресе бастауыш мектеп жасында, назар белсенді түрде қалыптаса бастаған кезде өте маңызды.

Ұлттық ойындар арқылы балалар мен жасөспірімдерді жастайынан тәрбиелеу қоғамдағы табиғатқа деген құрмет пен адамдар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ халқының дәстүрінде ер адамдар жастарды тәрбиелеуде жетекші рөл атқарған. Ұлттық ойындар барысында ұл балалар ересек ерлерге еліктеп, олардың экономикалық қызметін меңгерсе, қыздар тұрмыстық және отбасылық өмірдің ерекшеліктерін бейнелейтін ойындарды ойнаған. Әсіресе, қазақ халқының дәстүрлі тәрбиелік жүйесінде ер жігіттерге үлкен талаптар қойылған. Оларды батыл, күшті, жауапты, ақылды, адал болуға және қоғамның тірегі ретінде қызмет етуге тәрбиелеген. Ер жігіт тәрбиесінде ерекше мән берілген құндылықтарды қалыптастыруда осы ұлттық ойындардың мағызы өте жоғары болған. Олардың пайдасын келесідей сипаттауға болады:

  1. Физикалық күш пен ептілікті дамыту
  • Садақ ату – бұл ойын жігіттің көз мергендігін, зейін шоғырландыруын және дәлдікке деген қабілетін дамытқан. Жауынгерлік дағдыларды меңгеруге арналған.
  • Аударыспақ – ат үстінде ойналатын бұл ойын күштілік, ептілік және тактикалық ойлауды талап етеді.
  • Көкпар- күш пен жылдамдықты, сонымен бірге командалық жұмысты қажет ететін ойын. Ер жігіттің батылдық, табандылық қасиеттерін шыңдайды.
  1. Жылдамдық пен реакция дамыту
  • Қыз қуу- бұл ойында жігіт жылдамдығын, шапшаңдық пен ептілігін көрсетеді. Қызға жету ғана емес, сонымен қатар әдеп пен сыпайылықты сақтау міндеттелген.
  • Жамбы ату- ат үстінде шауып келе жатып, нысанаға дәл тигізуді талап ететін бұл ойын жігіттің шапшаңдығы мен көз мергендігін дамытады.
  1. Ақыл-парасат пен логикалық ойлау
  • Тоғызқұмалақ- логикалық ойлауды, стратегия құруды және шешім қабылдауды үйретеді. Бұл ойын ер жігіттің ақыл-ойын дамытудың таптырмас құралы болған.
  • Айтыс- жігіттердің шешендік өнерін дамытып, тапқырлық пен сөзге жүйріктігін арттырған. Ойын арқылы жігіттер өз пікірін ашық және нақты жеткізуді үйренген.
  1. Батылдық пен ержүректілік
  • Арқан тарту- күш пен төзімділікті қажет ететін бұл ойын жігіттердің жеңіске деген ерік-жігерін арттырады. Топтық жұмыстың маңызын ұғындырады.
  • Теңге ілу- ат үстінде жылдамдық пен шеберлікті көрсетуді талап етеді. Қауіпті жағдайларда тез шешім қабылдауға үйретеді.

Ұлттық ойындар – білім беру процесінде оқушылардың танымдық, физикалық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін қуатты құрал. Олар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, оқуды қызықты әрі пайдалы етеді. Ұлттық ойындарды білім беру жүйесіне енгізу – балаларды жан-жақты дамытып, олардың бойында ұлттық рух пен патриотизмді қалыптастырудың тиімді жолы.

Ұлттық ойындардың маңызды ерекшелігі – олардың нақты өмірмен байланысы. Олар көбінесе заттармен өзара әрекеттесу арқылы зейінді жаттықтыратын элементтерді қамтиды (мысалы, “Асық ату” ойынындағы тастар немесе таяқшалар), бұл балалардың бөлшектерге шоғырлану қабілетін ынталандырады. “Тоғызқұмалақ” сияқты қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларына ұсақ моториканы, логиканы, реакция мен шоғырлануды дамытуға көмектеседі.

Ұлттық ойындар бастауыш сынып оқушыларының зейінін бірнеше бағытта дамытады:

  • Тұрақты зейін. Ойынның ережелерін түсініп, оларды орындау балалардың зейінін ұзақ уақыт бір нәрсеге шоғырландыруға үйретеді.
  • Таңдаулы зейін. Ұлттық ойындарда басқа ойыншылардың әрекетін бақылау және өз әрекетін дұрыс жоспарлау қажет, бұл балаларды маңызды нәрселерге назар аударуға тәрбиелейді.
  • Шапшаңдық пен икемділік. Көптеген ойындар зейінді жылдам ауыстыра білуді талап етеді. Осы тұста «садақ ату» ойыны балалардың зейінін қалыптастыруда қалай әсер ететінін толық талдап өтсек:
  • Садақ ату барысында мақсатқа дәл көздеу үшін ұзақ уақыт бойы назарды нысанаға шоғырландыру қажет. Бұл зейін тұрақтылығын арттырып, сыртқы тітіркендіргіштерден алшақтатуға көмектеседі.
  • Садақ ату кезінде адам артық ойлардан арылып, тек нысананы көздеуге назар аударады. Бұл процессте мидың артық ақпараттан тазарып, тынығуына жағдай жасалады.
  • Ойын адамның бар назарын қолдағы садақ пен нысанаға аударуды талап етеді. Бұл зейіннің бағыттылығы мен мақсатқа жету үшін қажет болған жинақылықты қалыптастырады.
  • Садақ ату көз бен қол қозғалысының үйлесімділігін дамытады. Ойын кезінде дене мен ақыл бірге жұмыс істейді, бұл миға тиімді стимуляция береді.
  • Садақ ату кезінде тыныштық пен шыдамдылық қажет. Бұл эмоционалдық тұрақтылықты дамытып, стресс деңгейін төмендетеді.

              Ойнай отырып, бала қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынас жасай бастайды, білім, еңбек дағдыларын игереді, физикалық дамиды. Қазіргі уақытта адамдардың қозғалыс белсенділігі төмен, осыған байланысты жүйелі жаттығулардың, физикалық жаттығулардың, ашық ойындардың рөлі артып келеді. Ойындар кезінде балалар шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін, бастамаларын көрсетеді. Ойын барысында бала тәуелсіз, іс-әрекетте еркін, эмоцияларды көрсетеді. Барлық ашық ойындар жан-жақты және көп қырлы әсер мен тәрбиенің педагогикалық құралын қамтиды.

Халық ойындарының тәрбиелік әсері олардың мінез құлқына белгілі бір әдістемелік талаптар қояды:

– олар адамдардың өмір салтына, мәдениетіне, дәстүрлеріне және психологиялық қоймасына сәйкес келуі керек.

– қиындық білім деңгейіне, физикалық қасиеттерге, дағдыларға және жасқа сәйкес келуі керек.

– тәрбие, даму, білім беру міндеттеріне, педагогикалық үдерісті табысты жүзеге асыру шарттарына сәйкестігі.

Қазақ ұлттық ойындарының ерекшелігі – балалардың ақылдылығын, ойлау жылдамдығын дамытуға, қиялын байытуға және баланың шығармашылық мәнерін білдіруге мүмкіндіктердің болуы.

Ойын әрекеті кезінде пайда болған нәрсе балалардың табиғи қабілеттерін тікелей көрсетті. Ойындар баланың қандай болатыны туралы түсінік бере алады. Бұл әркімнің қабілеттеріне қатысты белгілі бір болжамдар жасауға және сәйкесінше баланы тәрбиелеуді дұрыс бағытқа бағыттауға, табиғи бейімділікті, сондай-ақ ашылмаған қабілеттерді дамытуға көмектесетін нұсқаулық болды. Ойындағы мінез-құлқынан болашақ ақылды билеушілерді, дана жауынгерлерді, қорықпайтын батырларды анықтауға болады.

Қазақ ұлттық ойынын бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуының құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақ халқының ұлттық ойындарының мазмұнында баланың дүниетанымын жеткілікті дәрежеде кеңейтетін, оның әлем, ел, туған халық туралы ұсыныстарын нақтылайтын танымдық материал жасалған.

Қазақтың ұлттық ойындарының сюжеттік тақырыптары белгілі адамдар мен батырлардың өмірінен, баланың қоршаған ортасының құбылыстарынан, табиғаттың ерекшеліктерінен тұрады. Сондықтан “Жаяу көкпар”, “Түйілген орамал”, “Қара сиыр” және басқалары сияқты ойындар, танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру, жаңа білім алу және оларды игеру үшін үлкен маңызға ие.

Мәселен, “Көкпар” ойынының атауы “көк бөрі” — сұр қасқыр деген сөзден шыққан. Қасқыр көшпелі малшылардың алғашқы жауы болғандықтан, олар ежелгі уақытта қасқырларды аулаған. Сәтті аң аулаудан оралғаннан кейін өлтірілген аңды ауылға кім бірінші әкелетіні жарыс-жарыс ұйымдастырылды. Кейіннен бұл жарыс “Көкпар” ұлттық ойынына айналды. Ойынның мақсаты – балалардың ептілігін, батылдығын, зейінділігін, ат жарысындағы күшін және басқа да атқа міну түрлерін дамыту.

“Түйілген орам” ойыны басқа ұлттық ойындардан онда ойнайтын балалардың рөлімен ерекшеленеді.
Бұл ойынның мақсаты – іс-әрекеттің жылдамдығын, қолдың ептілігін, мұқият болуды дамыту.

Қазақ ұлттық ойындары бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуының міндеттерін жүзеге асыруға ықпал ететін эмоционалды-сауықтыру, танымдық және тәрбиелік кешендердің негізін қалайтын ұлттық және ойын фольклорының үлгісі ретінде халық даналығының бөлшегі ретінде әрекет етеді.

Жалпыланған білім ретінде кез – келген ұғым сенсорлық негізде пайда болады, бірақ оның өзі айқын емес. Мысалы, сандар туралы түсінік қалыптаспас бұрын, балалар әртүрлі сандармен және олардың қатынастарымен танысуы керек. Қазақ халқының халық педагогикасында сандық ұғымдар кейбір Қазақ ұлттық ойындарын қамтитын ауызша міндеттер мен қанатты сөз тіркестерінде қолданылды. Оларды қолдану тәжірибесі көрсеткендей, егер сіз нақты үлгілерде сандық ұғымдарды білдірсеңіз, бастауыш мектеп жасындағы балалар бұл ұғымдарды тезірек және мағыналы есте сақтайды.

Халықтық педагогикада мұндай ойындар өте көп және бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуының құралы ретінде олардың барлығы айтарлықтай қызығушылық тудырады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы келесі қорытындыларға мүмкіндік береді:

  • Бастауыш сынып мұғалімдері үшін үлкен педагогикалық мүмкіндіктер қазақтың ұлттық ойындарында қалыптасқан, өйткені олар балалардың ақыл-ойының даму көзі болып табылады.
  • Қазақтың ұлттық ойындары балалардың туған табиғаты, әдет-ғұрыптары, елдің қалыптасу тарихы туралы білімдерін байытады.
  • Бастауыш мектеп жасындағы балаларда қазақ ұлттық ойындарын дайындау және өткізу процесінде ортақ істің сәттілігі, дербестігі мен бастамашылығы, өз Отанының дәстүрлерін құрметтеу үшін жауапкершілік тәрбиеленеді. Осы ойындар арқылы балаларды ұлттық құндылықтарға жақындатып, олардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, әділдік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. (https://syrboyi.kz/akparat/ulttyq-qundylyqtar-taerbie-negizi-150995/)
  2. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. — Алматы: Санат, 1998. — 318 с.
  3. Сагындыков Е.А. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 2001. — 175 с.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *