Бастауыш сыныпта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану
Байназарова Турсынай Бейсембековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Алматы қаласы
Жасұзақ Үміт Болатқызы, Жезбаева Асыл Жарқынбекқызы, Қожамбердиева Зейнеп Нарбекқызы.
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2-курс студенттері
Бастауыш сыныпта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану
Аңдатпа: Бұл мақалада оқушыларға заманауи талаптарға сәйкес білім беруде қолданылатын жаңа инновациялық технологияларды, соның ішінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді бастауыш сынып бағдарламасында қолдану маңыздылығы қарастырамыз.Интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлерін және оның білім алушыларға тигізер әсері жайында, олардың артықшылықтары туралы және интербелсенді әдістерді қолдануда мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімділігі айтылады. Интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлерін салыстыра көрсетеміз.
Кілт сөз: интербелсенді әдіс-тәсілдер, оқыту, инновация, бастауыш сынып, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, қызығушылық.
Аннотация: в этой статье мы рассмотрим важность применения в программе начальных классов новых инновационных технологий, в том числе интерактивных методов, используемых в обучении учащихся в соответствии с современными требованиями.О видах интерактивных методов и их влиянии на обучающихся, об их преимуществах и эффективности для учителей и учащихся в применении интерактивных методов. Сравниваем виды интерактивных методов и приемов.
Ключевые слова: интерактивные методы, обучение, инновация, начальные классы, критические мышление, групповая работа, интерес.
Annotation: In this article, we will consider the importance of using new innovative technologies, including interactive methods used in education of students in accordance with modern requirements, in the primary school program.They tell about the types of interactive methods and their impact on students, their advantages and effectiveness for teachers and students in using interactive methods. We will compare the types of interactive methods.
Keywords: interactive methods, teaching, innovation, primary grades, critical thinking, group work, interest.
Жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру, оқушыларға заманауи талаптарға сәйкес білім беру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Оқытудағы жаңа тәсілдерді жетілдіру, оқушылардың білімін кеңейту, қабілетін арттыру, ізденісін және таным деңгейін көтеру – әр ұстаздың борышы.Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәелсіздік сарайында өткен Тамыз конференциясында «Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр», – деген сөзін болашақ педагог реінде ескеруіміз қажет.[1]
Инновациялық білім беру қазіргі заманның қажеттіліктеріне сай жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу арқылы білім алушыларды нәтижелі оқытуға икемдейді. Қазіргі уақытта негізгі әдіснамалық жаңалық – оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануға негізделген.
«Интербелсенді» сөзі тығыз байланыс, бірлескен әрекеттестік және пікір алмасуды білдіреді. Интерактивті оқыту – бұл білім алушы мен ұстаздың, сондай-ақ оқушылардың бір-бірімен байланыс орнатып, диалог құру арқылы үйренуіне бағытталған білім беру тәсілі.
Интербелсенділік – белсенді өзара ықпалдастық пен қатынасқа негізделген үдерісті білдіреді және бірлесе жұмыс істеу, ой бөлісу, пікірлесу арқылы жүзеге асады. Бұл әдістер оқушы мен ұстаздың өзара әрекеттестігі арқылы білімді терең игеруге, жаңа тақырыпты талқылау және ой алмасу арқылы түсінуге бағытталған.
Интербелсенді әдістер қазақстандық ғалымдар А.Х.Әлімов, А.Б.Айтбаева, Ф.Б.Бөрібековнаның еңбектерінде зерттеліп,талдау жасалынған.
Бүгінгі таңда негізгі әдіснамалық инновация оқытудың интербелсенді әдістерін қолданумен айланысты. «Интерактив» сөзі ағылшын тіліндегі «interact» сөзінен шыққан. «inter» бұл «өзара», «act» – «әрекет ету» дегенді білдіреді. [2]
Интербелсенді әдіс-тәсілдердің негізін қалаушы деп тек бір ғана адамды атап өту қиын,себебі бұл білім беру саласындағы көптеген ғалымдардың еңбегінің нәтижесі.Мысалы, Джон Дьюидің “оқыту арқылы іс-әрекет” (learning by doing) идеясы білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызды концепция болды. Ол оқушылардың білім алу процесінде белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін проблемалық оқыту моделі (Problem-Based Learning), жобалық оқыту моделі (Project-Based Learning), демократиялық оқыту моделі (Democratic Education), қоғамдық тәжірибе моделі (Social Interaction Model),оқуды тәжірибеге негіздеу моделі (Experiential Learning) секілді бірнеше білім беру модельдерін ұсынды. Ал, Жан Пиаженің “The Origins of Intelligence in Children” (1936) атты еңбегінде балалардың когнитивтік дамуының кезеңдерін сипаттады. Оның зерттеуі балалардың өз белсенділіктері арқылы қоршаған ортаны қалай түсінетінін зерттеді.Лев Выготскийдің “жақын арадағы даму аймағы” (ZPD) теориясы оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттестіктің интерактивті оқытудың негізі екенін көрсетті. Интербелсенді әдіс-тәсілдер (интерактивті әдістер) – білім беру мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдер. Олар оқушылардың немесе студенттердің белсенді қатысуын, ойлау қабілетін дамытуды және пікір алмасуды талап етеді. Мұндай әдістердің тарихы мен даму жолын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Оқытуды жандандыру идеяларын ғалымдар педагогиканың қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде айтты.Ресейде белсенді және интерактивті әдістерді қолдану ХХ ғасырдың 1920 жылдарында кеңінен қолданылды (жобалау, зертханалық-бригадалық әдіс, өндірістік, еңбек экскурсиялары, тәжірибелер).
Оқу процесін жандандыру идеяларының ата-бабаларына мыналар жатады: Коменский Ян Амос , Руссо Жан Жак, Песталоцци Джон Генрих, Гегель Георг Вильгельм Фридрих, Фребель Фридрих, Дистервег Адольф, Дьюи Джон, Ушинский Константин Дмитриевич және басқалар.
Терминнің пайда болуы
Кейбір авторлар интерактивті оқыту белсенді оқыту жер қойнауында пайда болды деп санайды (“белсенді оқыту” (“Action Learning”) терминін 1930 жылдары ағылшын ғалымы Редж Реванс енгізген). Дәлел-бастапқыда педагогикалық әдебиеттерде 1960 жылдарға дейінгі “оқытудың интерактивті технологиялары”, “оқытудың интерактивті әдістері” және “интерактивті оқыту” терминдері 1990 жылдарға дейін қолданылмай, оның орнына “белсенді оқыту технологиясы”, “оқытудың белсенді әдістері”, “белсенді оқыту” терминдері қолданылғандығы”.
“Интерактивті технологиялар” термині ХХ ғасырдың 1960 жылдарында пайда болды.
Интерактивті технологияларды дамытатын ғалымдар
1975 жылы неміс зерттеушісі Ганс Фриц “интерактивті педагогика” жаңа терминін енгізді, оның тақырыбы педагогикалық процеске қатысушылардың мақсатты өзара әрекеттесуі мен өзара әрекеттесу процесін құру болып табылады.
1980 жылдардан бастап КСРО-да педагогтар белсенді (интерактивті) оқыту әдістерін іс жүзінде игере бастады, олардың негізінде танымның топтық диалогтық формалары жатыр. Ресми түрде оқыту әдістерінің градациясында тек дәстүрлі және белсенді болды.
1980 жылдардың аяғынан бастап бірқатар авторлар, соның ішінде Гузеев Вячеслав Валерьянович, Кларин Михаил Владимирович, Полат Евгения Семеновна, Сластенин Виталий Александрович, оқыту модельдерінің ішінде пассивті (дәстүрлі) және белсенді ғана емес, сонымен қатар оқытудың интерактивті моделі де ерекшеленеді.
Бұл әдістердің одан әрі дамуы Сухомлинский Василий Александровичтің (1960 жылдар) еңбектерінде, сондай-ақ Шаталов Виктор Федоровичтің, Амонашвили Шалва Александровичтің, Лысенкова София Николаевнаның және басқалардың еңбектерінде бар. [3]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын,оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығыың өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [4]
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі қоғамның қарқынды дамуымен тығыз байланысты. Оқыту әдістерін үнемі жетілдіру, оның ішінде интербелсенді технологияларды қолдану – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мен олардың жеке қабілеттерін дамыту үшін маңызды құрал. Жаңа білім беру әдістерінің негізі болып саналатын интербелсенді тәсілдер оқыту үдерісін жаңғыртып, оны тиімді әрі нәтижелі етуге бағытталған.Интерактивті оқыту әдістері білім алушыларды диалогқа, белсенді ойлау мен әрекетке тарту арқылы оларды терең білім игеруге ынталандырады. Бұл тәсілдерді қолдану арқылы болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Қазақстан Республикасының білім саласындағы реформалары, заңнамалық құжаттарда көрсетілген міндеттері және әлемдік білім беру тәжірибелерінің үлгісі осы бағытта жұмыс істеудің өзектілігін айғақтайды.Сондықтан болашақ педагог ретінде жаңа білім беру әдістерін меңгеріп, оларды іс жүзінде қолдану – елдің дамуына қосқан зор үлес болмақ.Ұстаздардың жаңа педагогикалық тәсілдерге бейімделуі мен инновациялық білім беру технологияларын енгізуі қазіргі заман талабына сай білім жүйесін қалыптастырудың негізі болмақ.
Ғалымдардың пікірлерін оқи отырып, өзіміз осылай анықтама беруге тырыстық: «Интербелсенді әдіс-тәсіл – бұл оқушы мен мұғалімнің өзара белсенді әрекеттесуі арқылы білім алу тәсілінің бір түрі.Мұнда оқушы тек тыңдаушы емес, сабаққа белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз ойын айтып,пікірталастырып,тапсырмаларды орындау арқылы білім мен дағдысын қалыптастырады.»
Оқытудың интербелсенді әдістері қазіргі таңда бастауыш мектептегі білім берудің маңызды құрамдас бөлігіне айналды десек те болады.Себебі, интербелсенді әдіс-тәсілдер оқушыларды оқу процесіне белсенді түрде қатысуға көмектеседі және де оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік береді.
Интерактивті әдіс-тәсілдердің артықшылықтарына тоқталатын болсақ:
- Топтық жұмыстар, ойын технологиялары сияқты интерактивті оқыту түрлері оқушылардың қызығушылығын тудырып,сабаққа назарын аудартуға көмектеседі.Яғни, интерактивті тақталар немесе онлайн викториналар сияқты цифрлық құралдарды пайдалану оқушылар үшін сабақты қызықты етеді.
- Түрлі зерттеулерге сүйенсек, оқушылар сабақ барысында белсенді қатысқанда ғана, көрстілген ақпаратты жақсы сақтайды.Ал сабақ барысында қолданылатын жаңа технолгиялар барлық оқушының мұғаліммен тікелей қарым-қатынасына мүмкіндік береді.
- Интербелсенді әдіс-тәсілдер оқушылардың бір-бірімен еркін және ашық қарым-қатынас орнатуға оң ықпалын тигізеді.Сонымен қатар, оқушылар басқа оқушылардың пікірін тыңдауға, топ болып бірлесе жұмыс істеуге және өз ойын нақты айтуға үйренеді.
- Барлық оқушыны бағалауда, сабақты меңгергенін білу мақсатында мұғалімдерге көмек бола алады.Сонымен қатар мұғалімдер де интербелсенді әдістерді әртүрлі оқу стильдеріне бейімдеп қолдана алады.
Артықшылықтарына қарамастан, интербелсенді әдіс-тәсілдер белгілі бір қиындықтар туғызады деп те айта аламыз.Мысалы:
- Интербелсенді әдістерді дайындау және сабақ барысында өткізу дәстүрлі әдістермен салыстырғанда көп уақытты талап етеді.
- Интербелсенді әдістермен оқыту көп жағдайда ауыл мектептерінде қолжетімді болмауы мүмкін,тек оқу материалдарына ғана сүйене отырып сабақ өткізілуі мүмкін.Дегенмен, бұл қазіргі таңда шешімі жоқ проблема деп айта алмаймыз.Себебі, мұғалімдер қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтылады.
- Топтық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде кейбір оқушылар пассивті болуы мүмкін, ал мұғалімнің назары белсенді оқушыларда болуы мүмкін.Сол үшін мұғалімдер барлық оқушы қатысатындай әдістерді пайдалану қажет.
- Интербелсенді әдістерді сабақ барысында тиімді қолдану мұғалімнен жақсы дайындықты талап етеді, ал бұл жаңа технологияларды дұрыс меңгермеген мұғалімдер үшін қиындық тудыруы мүмкін.
Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі туралы айтатын болсақ:
- Білім алушы өздігінен жұмыс істеуге бейімделіп, бұл дағдысын жетілдіреді.
- Сабақ барысында оқушының танымдық қабілеттері мен мүмкіндіктері айқындалады.
- Өзара жарысу сезімі пайда болып, оқушы жетістікке ұмтылады.
- Жұмыстың жеңілден күрделіге өту ретімен оқушының ойлау және орындау шеберлігі жақсарады.
- Өз нәтижелерін саралап, талдауға талпынады.
- Білім алушы тапсырмаларды орындай алуына қарай бағаланады.
Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным үдерісімен қамтылады,олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.Таным үдерісінде,оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен әркеттері мынаны білдіреді:әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді,білім,идея,әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді.Сонымен қатар,бұл үдеріс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді.Яғни,жаңа білім алып қана қоймайды,танымдық үдерістің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.Сабақтағы интербелсенді әрекет өзара түсіністікке,өара әрекетке,қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.[5]
Бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдер:
- Ақылдың алты ойлау қалпағы»(Эдвард де Боно бойынша) Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың немесе сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
- «Қар кесегі» Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.
- «Ашық микрофон» әдісі.(Саймон Браунхилл бойынша)Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
- «Шахмат» әдісі. (Саймон Браунхилл бойынша)Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу.Маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым дағдылары қалыптасады. Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
- «Төрттік» әдіс(әке, ана, бала, дос) Сергіту сәті, топқа бірігу түрі.Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша топқа біріктіруге болады және әке, ана, бала, дос туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасауға болады.
- Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі (Алан Лэйкен)
Кішкене бөбек – ойлар, білім, ақпарат. Мен үшін бүгін қандай жаңалық болды? Қандай маңызды білім алдым? Құзыреттілігім қалай өсті?
Шылдыр шүмек – мақсатқа жақындау. Мені мақсатқа жетуге жақындататын қандай оперативті міндеттерді шештім? Керісінше, қандай міндеттетді шешу мұмкіндігі жеткіліксіз болды?
Ортан терек – жәйі. Қандай жұмыстар ерекше қызықты болды? Жағымды эмоциялар мен жоғары уәждемелер немен байланысты болды? Керісінше, қандай жұмыстар қызықсыз, қиын болды, ерекше күш жұмсалды?
Сұқ саусақ – қызмет, көмек, ынтымақтастық. Мен бүгін кімге көмектестім, кіммен ортақ тіл табыстым, кіммен жақсы жұмыс жасадым?
Бас бармақ – сергектік. Қандай міндеттерге ерекше күш жұмсадым? Демалуға, күш-жігерімді қалпына келтіруге қандай жағдай жасалды?
- «Шеринг» әдісі Харизма бойынша (Н.Баринова) Ой бөлісу.Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.
- «Дауыстап ойлау» әдісі. Оқи отырып ой түю, ой бөлісу.Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
- «Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі(Н.Баринова) Ойды жинақтау, тақырып бойынша қажеттіліктерін анықтау.Тақырып бойынша ойларды түйінделеді. Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.
- «Кувёртка» әдісі (Иен Майлс бойынша) Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру Идеялар талқыланады, жинақталады А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.
- «Желпуіш» әдісі (Веер) Саймон Браунхилл бойынша Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру. Идеялар талқыланады, жинақталады А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.
- «Ұшақ» әдісі (Саймон Браунхилл бойынша) Идеяларды жинақтау, жазбаша кері байланыс беру.Идеялар талқыланады, жинақталады.
- «Жасырын сөздер» ойыны.Идеяларды қорытындылау және кері байланыс жасау үшін.Идеялар талқыланады, жинақталады, шығармашылық қабілеттері дамиды. 1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.[6]
Аталған әдістерді бастауыш сыныптарда қолданудың оқушылар үшін пайдасы:
– Өзіндік сенімділігін нығайтады;
– Сөз шеберлігі мен сөйлеу машықтарын дамытады;
– Тыңдау мәдениетін қалыптастырады;
– Сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіреді;
– Өз көзқарасын еркін білдіру құқығын ұғынуға ықпал етеді;
– Пікірлердің әртүрлі болатынын тереңірек түсінуге көмектеседі;
– Бірлесе әрекет ету және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Ал бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімділігі:
– Әр оқушының жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді;
– Пәнге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді;
– Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттырады;
– Ұжымдық тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыруға көмектеседі;
– Уақытты ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді;
– Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ізденіске ынталандырады.
Қорытындылай келе,бастауыш сыныптарда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану – қазіргі заманғы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі және оқушылардың сапалы білім алуының маңызды құралы. Бұл әдіс-тәсілдер оқытуды белсенді, интерактивті және тиімді ете отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ойлауына және коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Интербелсенді әдіс-тәсілдердің артықшылықтары айқын:
– Оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
-Топтық және ұжымдық жұмысқа бейімдейді, ынтымақтастыққа үйретеді;
– Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады және өз ойын еркін жеткізуге ықпал етеді;
– Сабақтың қызықты әрі мазмұнды өтуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар, мұғалімдер үшін интербелсенді оқыту оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға, сабақты жоспарлауды тиімді ұйымдастыруға, әртүрлі оқу стильдеріне бейімделуге және оқыту үдерісін жаңаша басқаруға мүмкіндік береді.
Дегенмен, интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, сабаққа алдын ала жан-жақты дайындықты, жаңа технологияларды жетік меңгеруді және барлық оқушыларды бірдей белсенділікке тартуды талап етеді. Ауыл мектептерінде бұл әдістерді қолдану ресурстардың шектеулілігіне байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін. Алайда, қазіргі педагогикалық құралдар мен мұғалімдердің ізденісі бұл кедергілерді жоюға көмектеседі.
Қорыта айтқанда, интербелсенді әдіс-тәсілдер қазіргі білім беру жүйесін жаңғыртуға, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге және оқыту үдерісін оқушылар үшін барынша тиімді етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан әрбір ұстаз интербелсенді оқыту әдістерін жүйелі түрде енгізіп, заман талабына сай оқыту мәдениетін қалыптастыруы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында айтқан сөзі.
- ( https://search.app/m7tyBXhpMHvHAypp9 )
- Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО –да қолдану мәселелері: оқу құралы / А.Әліміов. – Алматы: 2013. -447 б.
- Интерактивные технологии ( https://search.app/XMxwhBDcUDpVRaJY6 )
- ҚР 27 шілде 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңының 11–бабы, 9 тармағы.
- Ф. Б. Бөрібекова,Н. Ж. Жанатбекова «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар»: оқулық-Алматы:2014. -360 б. 12.Оқыту үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар,190-191 бет.
- А.Әлімов-2019 жыл (50 әдіс-тәсілдер)