Театр адамды рухани тәрбиелейтін бірден бір идеологиялық құрал
“Театр адамды рухани тәрбиелейтін бірден бір идеологиялық құрал”
Сафуан Рысбайұлы – Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық баларлар мен жасөспірімдер театрының актері.Республикалық «Шабыт»лауреатының иегері
Т.Жүргенов атындагы Қазақ Ұлттық академиясында театр және кино институтын «әнші-актер»мамандығын тәмамдап, білімін 2004-2011 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының «театр режиссеры» магистратурасын аяқтап еңбек жолын шыңдауды бастаған.
–Алғашқы шығармашылық жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз, қалай басталды?
Мен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында, қарапайым шаруа отбасында туып өстім. Бала күнімнен сахнада келе жатырмын. Өнерге келуім, сол бала күнгі арманым. Мектепті 1981-1991 жылдар аралығында оқыдым.
«Мұқағалимен сырласу» поэтикалық сазды қойылымын моноспектакльде ойнадым.1991-1995 жылдар аралығында Алматыдағы мемлекеттік Т.Жүргенов атындагы театр және кино институтын әнші-актер мамандығы бойынша білім алып шықтым.
1995-2003 жылдары Ш.Хусаиынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ музыкалық драма жазушы,әрі ұшқыш-Антуан де Сент-Экзюперидің классикалық туындысы «Кішкентай ханзадасын»моноспектакльде ойнадым.Бұл аллегориялық моноспектакльде,он түрлі образ сомдадым.Яғни-Ұшқыш,Кішкентай ханзада,Раушан гүлі,Патша,Атаққұмар,Маскүнем,Іскер адам,Географ,Жылан.
2004-2011жылдары,Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының магистратурасын «театр режиссеры» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2016 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жасөспірімдер мен балалар театрында актер болып жасап келемін.
-Қазіргі театр жайлы не айта аласыз?Бұрынғымен салыстырғанда қазірде өзгеріс бар ма?
Театр өнеріне көзқарас түзеліп келеді.Көрермендердің де сұраныстары артып,баяғыдағыдай емес,зал толып отырады.Әсіресе жастар көп.Театр адамды рухани тәрбиелейтін бірден бір идеологиялық құрал.Онда сен кітаптан оқитыныңды,яғни,бір жыл,тіпті бір ғасырды бір ақ сәтте көз алдыңнан өткізіп,қолмен ұстағандай көре аласың.
-Өзіңіз сомдаған рөлдердің ішінде қиын болған рөлдер болды ма?Ең есіңізде қалған,өзіңізге ұнаған рөліңіз қандай?
Қиын болған рөлім:Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» деген қойылымдағы Сәбитжан образы.Әкесі өліп жатқанда,қаладан келген санасыз ұлы Сәбитжан түнімен той тойлап,ішімдік ішеді.Соны ойнау қиын болды.
Есте қалатын рөл:Гогольдің «Ревизорындағы»Хлестаков образы.Фантазияға ерік беру үшін мүмкіндіктерге толы образ.
-Әр театрдың өзіндік бағыттары бар иә,саяси/діни қойылымдарға көзқарасыңыз қалай?
Иә.Әр театрдың өз ұстанымы,жолы бар.Біздің Ғ.Мүсірепов театрында бұған мән береді.Репертуары өте бай.Қазақ классиктері мен қазақы заманауи қойылымдар,әлемдік шығармалар,балаларға арналған ертегілер кеңінен орын алған театр.
-Қазір театрмен қатар, киноларға да түсесіз, қазақ кино мәдениеті жайлы көзқарасыңыз?
Өнерпаз болған соң, театр мен кино, жалпы өнердің бар саласы мен үшін жат емес. Барлық саласында бой көрсетіп, қызмет етіп келемін. Кинода актер ғана емес, сценарий жазамын, редактор боламын. Диалогтар құрамын. Әр түрлі театр сахналарында, облыстық театрларда режиссерлікпен айналысып, қойылым қоятын тұстарым көп болады. Ән жазып, өлең де шығарамын. Ол бала күннен келе жатқан хоббиім. Эстрада сахнасында талай жүрген кездер халықтың есінде болар. Мысалы: Мафия мен Тақия,Ән мен әнші, «Қымызхана» бағдарламасы т.б. Өнер даму үстінде. Тек, кәсіби деңгейде ілесе білу керек.Қазір талғамсыз, деңгейі төмен нәрселер де өте көп. Оған ренішім жоқ, себебі көзіқарақты көрерменнің өзі бағасын беріп, тұғырын тағайындап алады.
–Көпшілік сізді “Қара бала”фильмінің бас актері ретінде таниды,бұл сериал сізге ұнады ма?
Қара бала менің тұңғыш, студент кезде түскен фильмім. Онда аңыз адамдар Әмина Өмірзақова мен Қасым Жәкібаевпен бірге, бір кадрде болу дегенің менің ғұмырыма жететін рухани азық.
-Қазіргі уақытта танымал болып жатқан “Құдаша қыз”телехикаясында басты рөлді алып шықтыңыз,бұл сериал сіздің көңіліңізден шықты ма?Рөліңізді ойыңыздағыдай сомдай алдыңыз ба?
Сериалдарға көп түсіп келемін. Әр образдың өзіндік сыры бар. Мен орындаған барлық кейіпкерлерім өзімнің көңілімнен шыққан. Сериалдың атының өзі бір ерекше «Құдаша қыз» қазақ үшін бір керемет естіледі.Қазақта «Құдашадан құр қалма» деген сөз бар.Құдаша қыз ауылға келген кезде бәрінің елең ететінінің сыры сонда.Оның астында жақсы ниет,тілек тұрады. «Құдаша қыз» сериалында кәсіпкердің рөлін сомдадым.Ебін тауып,жұмысын домалатып алып кетіп,тіршілігін брендке айналдырған кәсіпкер.Өзіндік көзқарасы бар,ауылға қолдау көрсетіп,елдің еңсесін көтеретін азамат.Бұл кейіпкердің образын шынайы шықты деп есептеймін.
– Қазір екі-үш жұмысты қатар алып жүресіз, бұл қиындық тудырады ма? Қалай үлгересіз?Ұсыныстардан бас тартқан кездеріңіз болды ма?
Заманның талабы сол болған соң, бірнеше жерде жұмыс істеу, қазіргі таңда таңсық дүние емес.Мен де ел қатарлы, үлгергенімше қарманып жүрген жайым бар. Бәріне үлгеруге тырысамын, тіпті кейде өзімді жалқау да сезінемін. Бұдан да көп жұмыс істеуге болады. Оны өлермендік емес,еңбектену деп түсіну керек.
-Алдағы уақытта театр өнерінде қандай жоспарларыңыз бар?
Алға қойған өте көп жоспарлар бар. Биыл ердің жасы елуге толдым. Күзде театрда бенифис жасамақпыз. Қызықты етіп, ән мен әзілі аралас, жаңа көзқарастағы қойылым қойып, ел аралау да ойда бар,бәрі уақыттың еншісінде. Бастысы амандықта болайық!
Сафуан Рысбайұлының жастарға берер кеңесі::
“Жастарға айтарым, берер кеңесім – көп оқу керек. «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп, қазақ тегін айтпаған. Жылтыраққа қызыға бермей, қолыңнан келетін нәрсемен тұрақты түрде айналыс. Сонда бақытты да жарқын болашақ құра аласасың.”-дейды.
Сыр сұхбатыңызға көп рахмет!
Арайлым Бекжан
ХҚТУ,студенті