Бастауыш сыныптағы білім алушылардың сандық сауаттылығын арттыру

Жармұхамбет Арай Әлішерқызы
Қарымсақова Шұғыла Әділбекқызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Ғылыми жетекшісі:
Философия докторы (PhD), аға оқытушы Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна

 

         Аннотация: Бастауыш сынып ұстазын дайындау – бұл біздің болашақ ұрпағымызды жақсы тәрбиелеп өсіруге деген алғашқы қадам. Мұғалім баланың өміріне тікелей әсер етіп, оның білім дағдыларын ұлғайтады. Жақсы ұстазды даярлап шығу үшін оған тек теориялық білім ғана емес, практикалық кәсіби білім қажет. Сандық білім біздің заманның ең қажетті талабы. Сол себептен сапалы сандық білім 21 ғасырдың ең маңызды қажеттілігі.

         Кілттік сөздер: Сандық білім, цифрлық сауаттылық, тəрбиелік мəні, мектеп, оқушы, цифрлық технологиялар.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдарды қолдануды кеңейтуде. Сандық сауаттылық – бұл тек техникалық дағдыларды меңгеру ғана емес, сонымен қатар интернет және цифрлық технологияларды қауіпсіз және тиімді пайдалану қабілеті. Бастауыш сынып оқушыларының сандық сауаттылығын арттыру маңызды мақсат болып табылады, өйткені қазіргі қоғамның ақпараттық ағыны өте жылдам өзгеріп отырады. Осыған байланысты, балалардың сандық әлеммен танысып, оны дұрыс пайдалану үшін қажетті дағдыларды ерте жастан меңгеруі тиіс.

Бастауыш сынып – әр баланың өміріндегі өте маңызды кезең. Бұл уақыт оқушы өзінің өмірлік ұғымдарын, құндылықтарын қалыптастыратын кезең. Баланың өзін-өзі көрсетіп, әлеуметтік ортаға кіру кезеңі. Оқушының интеллекті дамып жатқан бұл кезең белгілі бір пәнге қызығушылықпен алмасады. Ол математика, биология әлде тіпті тіл пәндері болуы мүмкін.

Сандық сауаттылықтың басты мақсаты – оқушыларды тек компьютер мен интернеттің негізгі құралдарын қолдануға үйрету ғана емес, сонымен қатар оларды ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, тиімді іздеу және алу дағдыларын дамытуға бағыттау. Сандық құралдарды қолдану арқылы оқушылар оқу процесін жетілдіре алады, үй тапсырмаларын орындау кезінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алады және ақпараттық ресурстарды тиімді пайдаланады.

Әр адамның белгілі бір нәрсеге бейімділігі немесе таланты болады. Біз талқылайтын тақырып ол сандық білім, яғни математика, алгебра пәндеріне деген баланың бейімділігі.

Алдымен сандық білім дегеніміз не? Осы сұраққа жауап берейік. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн болмақ.

1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары.

2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары.

3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жақсылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі.

Цифрлық сауаттылық немесе сандық білім – 21 ғасырдағы ақпараттық қауіпсіздіктің кепілі. Адамның цифрлық технологияларды сауатты түрде қолдануы сандық біліммен тығыз түрде байланысты. Цифрлық технологиялар адамды ашық жарқын болашаққа итермелейтін құрал. Онсыз адам өмірін елестету өте қиын. Білім жылдан-жылға дамып, цифрландыру бара жатыр, сол себептен қазіргі бастауыш сынып оқушыларына сапалы сандық білім беру қажет.

Сандық сауаттылықты арттыруда ата-аналар мен мұғалімдердің рөлі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушылардың сандық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер балаларға жаңа технологияларды үйретуде жетекші рөлді атқара отырып, сандық құралдарды оқу процесіне енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Ата-аналар да балаларын цифрлық технологияларды дұрыс қолдануға үйрету үшін оларға үйде қолдау көрсетуі керек.

Сандық білімді арттыру – дамыған Қазақстанға жол тартудың ең алғашқы қадамы. Сандық білімді көбейту себебімен, осы келесі тәсілдерді келтіре аламын:

1) Заманауи технологиялар: Бастауыш сынып оқушыларына заманауи гаджеттер арқылы оқу барысын өткізу, олар: Компьютер, планшет немесе электронды кітап болуы мүмкін. Оқу барысын 21 ғасыр стандарттарына сәйкес өткізу арқылы оқушылардың сандық сауаттылығын дамыту.

2) Топтық жұмыс: Балаларды топтарға болу арқылы оларды командалық жұмысқа бейімдеу, әртүрлі тапсырмалар мен логикалық ойындар арқылы цифрлық білімді сіңдіру.

3) Оқушымен коммуникация ұстау: Бұл біріншіден балаға психологиялық түрде көмек. Кері байланыс арқылы оқушыға сандық білімді зерттеуге деген шабытын ашу, мотивация беру.

4) Қызықты презентациялар мен ойындар: Әртүрлі цифрлық ойындар мен презентациялар оқушыға тақырып бойынша білім алуына көмек береді. Сандық білімді арттыру үшін ең алдымен технологияды қолдану қажет.

2015 жылы Қазақстан Республикасында қабылданған “Ақпараттандыру” туралы Заңда “Цифрлық сауаттылық – бұл адамның күнделікті және кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануына қажетті білім мен іскерлігі” деп аталып көрсетілген.

Одан кейін 2017 жылы елімізде қабылданған “Цифрлық Қазақстан” атты мемлекеттік бағдарламада цифрлық сауаттылықтың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатыны жазылған, мысалы, 2020 жылы тұрғылықты халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру көрсеткіші 80% болатындығы айтылған. Бұл – мемлекет тарапынан белгіленген меже.

Осы заңдарға сәйкес Қазақстандағы сандық сауаттылық толық дамуға тек соңғы жылдары ғана еңген. Цифрлық сауаттылық халық арасында көп уақыт бойы дамымай бір орында қалып қоюының себептері өте көп.

Оның бірі – халықтын көзінің ашылмауы. Яғни адамлар көңілін білім сапасына емес, басқа нәрсеге бурады. Ата-ана балаға дурыс тәрбие бермеу, қөз қараңғылық, нашар оқу орыны, осының бәлімнің бір орында қалып қоюына алып келеді. Статистика бойынша жер шарында 40% дан астам бала білім алмайды, тіпті мектеп табалдырығын баспаған. Білім мәселесін шешу үшін ең алдымен әлеуметтік мәселені қарастыру қажет.

Қазіргі таңда көптеген зерттеушілердің ойынша Қазақстан мектептерінде басқа елдермен салыстырғанда, мысалы Япония, США, Корея сандық білім дамымай қалған. Бұл мәселенің себебі мен салдарын зерттеп көрейік:

1) Еліміздегі инфрақұрылым дамымауы: Көптеген ауылды аумақтарда интернет желісі өткізілмеген, сеті нашар ұстайды. Сол себептен сандық білім беру көптеген қиындықтарға ұшырайды.

2) Теңсіздік: Көптеген ауылды аумақтағы отбасыларға цифрлық технологиялар қолжетімсіз нәрсе. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда өз балаларына сапалы сандық білім беру қиындық туғызады.

3) Еліміздегі маман тапшылығы: Сонғы жылдары елімізде үлкен маман тапшылығы болып жатқаны бәріне белгілі мәселе. Сандық білімді сапалы түрде беретін ұстаздардың елімізде саны шектеулі. Сол себептен білім бір орында тапжылмай турып қалған.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық білім беру құралдары. Бастауыш сынып оқушыларын сандық сауаттылыққа тәрбиелеу үшін мектептерде арнайы цифрлық білім беру құралдары мен платформалар қолданыла бастады. Мысалы, интерактивті тақталар, білім беру ойындары, оқу бағдарламалары мен қолданбалар балаларға оқу материалдарын жеңіл меңгеруге көмектеседі. Олар тек ақпаратты игеріп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқытуда жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдану. Оқушылардың сандық сауаттылығын арттыруда жаңа ақпараттық технологиялар мен онлайн платформаларды қолданудың маңызы зор. Мысалы, Google Classroom, Zoom, Microsoft Teams сияқты платформалар арқылы оқушылар өзара байланыс жасап, тапсырмаларды орындауға, интернет арқылы білім алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, ойын элементтерін пайдалану, виртуалды және кеңейтілген шындық технологияларын қолдану оқушыларды қызықтырып, оқу процесін тиімді етеді.

Елдегі сандық білімнің сапасы біріншіден халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден елдің экономикалық дамуына байланысты. Осы екі аспектіні біреуі бұзылса білімнің сапасы өте нашарлайтыны белгілі. Сауаттылықтың адамның бойындағы тұрғылықты қасиет екені анық, ал цифрлық сауаттылық уақыт өте келе дамитын қасиет. Бастауыш сыныптағы оқушының әлі толық түрде өз ойы, өмірге деген көз қарасы дамымаған. Білім 21 ғасырда қол жетімді ресурс болғандықтан жане де болашақта сандық білім көп теген жаңа бағыттар ашатындықтан оны дамыту өте маңызды.

Сандық білімді арттыру үшін адам бойында келесі қасиеттер болу керек:Еңбекқорлық, төзімділік, ұмтылыс, мотивация. Бойында осы қасиеттері бар адам кез келген білімді дамыта алады. Еліміздің болашағы жас ұрпаққа байланысты.

Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының сандық сауаттылығын арттыру – бұл тек технологияларды меңгеру ғана емес, балаларды ақпаратты жауапкершілікпен пайдалану мен оның маңыздылығын түсінуге бағытталған үдеріс. Сандық сауаттылықты дамыту балалардың жалпы білім сапасын арттыруға, олардың заманауи қоғамда табысты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Осы мақсатта мектептерде жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану маңызды болып табылады.

Білімді оқушыны өсіріп шығару – мұғалімнің міндеті. Өз отанының болашағын ойлайтын халық, біздің үмітіміз. Сол себептен «мұгалім» деген қасиетті сөзді алып жүретін әр адамның мойнында үлкен жауапкершілік бар. Жауапкершілік тек сен тәрбиелеген оқушыға ғана емес, педагогтың бойындағы қасиеттеріне де таратылады. Педагог қандай мысал көрсетсе оқушы соған қарайды, сондықтан оқушыға идеал болу үшін педагог білімді болуы маңызды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ. Цифрлық сауаттылық: Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау./ Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. –  112 бет.
  2. Бастауыш сынып білім алушылардың математикалық білімін арттыру // Павлодар облысы Павлодар қаласы.
  3. «Бастауыш сынып оқушыларының сандық білімін арттыру»//Абильдина, Копбалина.
  4. “Цифрлык Казакстан” мемлекеттік багдарламасын бекіту туралы -“Эділет” АКЖ.
  5. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру – 2021 ж.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне ақпараттық агенттік ретінде тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *