«Су тіршілік көзі» кіріктірілген іс-әрекет

Капаева Алия Жумабаевна

Жұмыс орны: «Алматы облысы білім басқармасының

 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»

ММ «Келешек» бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Лауазымы: Әдіскер

Мектепалды «АЯЛА» тобы

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет: «Су тіршілік көзі»

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі» кіріктірілген іс-әрекет

Бөлімі: Экологиялық білім беру және экологиялық мәдениет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:   Тәрбиеленушілерге экологиялық білім беруге, адам – табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керектігі туралы қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыруға үйрету. Тәжірибе жасау арқылы судың қасиетімен таныстыру, тәрбиеленушілерді  қарапайым зерттеу әдістеріне тарту,  еңбекке баулу, тәрбиеленушінің  сумен эксперимент жасау процесінде танымдық, зерттеу  қызығушылықтарын ояту.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті: «Сыбдырлайды сылдыр су»  әуенімен билеу.

-Балалар бүгін бізге қонақтар келді, қонақтарымызбен амандасып алайық!

– Балалар мен сенднрге жұмбақ жасырғым кеп тұр! Жылт-жыл еткен, жырадан өткен (су), қанакей ойланып жауабын табайық!

-Жарайсыңдар балалар, ендеше қонаққа суды шақырайық!

-Балалар мен бүгін сендермен бірігіп зерттеу жасаймыз, менімен бірге жасайсыңдар ма? Ендеше шаттық шеңберін айтайық!

Су өмірдің бұлағы, тасып-толған,

Тіршіліктің нәрі бұл бұл, еріп-тоңған.

Су болмаса болмайды табиғат та

Ол әр заттың қуаты боп қалыптасқан.

– Су тіршілік көзі, сусыз өсімдіктерде, жануарларда, адамзат баласы да өмір сүре алмайды, ендеше балалар Су және топырақ деп екі топқа бөлінейік!

-Балалар су және топырақ тобының көшбасшысын менің қасыма келіңдерші, сумен зерттеу жасайық!

– Су қандай, сұйық, су сыбдырлайды, судың қасиетімен танысайық, балалар су кандай қараңдаршы түссіз, қасық салғанда, қасықтың бейнесі көрініп тұр, судың дәмі қандай дәмсіз, қанекей дәмін көрші Алихан, дәмі бар ма, жоқ па? Ендеше суға қант қоссақ дәмін қандай болады екен соны көрейікші, дәмі өзгерді, суға қант және тұз қоссақ дәмі өзгереді, суға түрлі түсті бояулар қоссақ сол түске енеді, түсі өзгереді екен, егер судың бетіне қағаз салсақ қандай өзгеріс болады, су бетінде қағаз қалқып шығады, егер құм және тас салсақ қандай құбылысты байқаймыз, тас салсақ батады, суға батады және батпайды осылардың бәрі судың қасиеті болып табылады. Судың қасиетімен Нурлан Алихан таныстырады.

– Балалар біз зерттеу жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет, зерттеу кезінде тапсырманы мұқият тыңдаймыз, тапсырма шартымен танысамыз, арақашықтықты сақтаймыз, бір біріміз күтеміз және бір бірімізге кедергі жасамаймыз.

-Балалар су туралы тақпақ, мақал-мәтел білесіңдер?

Су тобы

  1. Болмас еді шөп-шалаң

Болмас еді тірі жан

Сол себепті балалар

Ысырап қылмайық суды     Жұлдыз

 

  1. Сыйлаcқанның суын іш

Сыйлап берсе суын іш                   Рамазан

 

  1. Сыбдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетін маңдайың

Тазалықтың досы

Су дегенің осы

 

  1. Таза болсаң судай бол

Бәрін жуып кетірген

Жақсы болсаң жердей бол

Бәрімізді өсірген                                       Милада

 

  1. Жүре жүре арық қазсаң

Күле күле су ішерсің                             Рината

 

Топырақ тобы

Таза болсаң судай бол

Бәрін жуып кетірген

Жақсы болсаң жердей бол

Бәрімізді өсірген                                       Руслан Алихан

 

Тіршілік адамның тәңірі

Керемет қой тіршілік

Көркем бейнесі көрініп

Байқалады барлығы                                Әбдірахман Раяна

 

 

 

Су бар жерде, ырыс бар

Ұстап балық жейсің

Ақ бидай егіп, наның жейсің                 Бақтиярқызы Раяна

 

Сылдыр-сылдыр, сылдыр су

Сылдыр суға бетіңді жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ бетің маңдайың                     Санжар

 

Су бергеннің сауабы бар

Су төккеннің жауабы бар               Имангали

 

Су патшасы-мұрап

Түн патшасы шырақ                     Нұрай

 

Сусыз өмір жоқ

Отсыз темір жоқ                            Медина

 

№1 зерттеу «Сиқырлы шарлар»

Шарты: Түрлі -түсті шарларды суға салып, шарлардың өзгерсін байқау.

 

№2 зерттеу «Қармақшы» ойыны

Шарты: Су астында тіршілік ететін жануарлардың атын атап, санап аулайды.

 

№3 зерттеу

Су тобы:     «Гидропоника»

Шарты: Өсімдіктерді суда өсіреді, суға витаминдер қосу арқылы, губканың көмегімен суда отырғызады.

Топырақ тобы

Шарты: Жасанды қолдан жасалған гидропониканы нәрлендіреді.

4 -зерттеу

Су тобы «Судағы жасырын дыбыстар»

Шарты: Суды көгілдер түске бояп, су астындағы дыбыстарды тауып атайды.

Топырақ тобы  «Су әлемі»

Шарты: Суда әлемінде тіршілік ететін жануарларды түстеріне қарай санап, теңіз қоржынына салады.

Сергіту сәті

5-зерттеу

Су тобы  «Судың тығыздығы»

Шарты: Қолдан жасалған әр түрлі бөтелке бейнесінен жасалған ыдыстарға сумен зерттеу жасау.

Топырақ тобы «Полимер бейнесі» зерттеуі

Шарты: Суға арнайы полимер крахмалын қосып, түрлі түсті балықтар бейнесін бейнелеп, суда бейнесін шығару.

6 -зерттеу

  1. Су тобы «Судағы сүтқореқтілер»

Шарты:  Суға балалар сеппесін сеуіп мұзды теңіз жасап, балықтарды суға жібереді.

Топырақ  тобы «Мұзды теңіз»

Шарты:  Суды бояп, су үстіне ақ ұнтақ себіп, суда тіршілік ететін сүтқоректілермен суда жүздіру.

Топырақ тобы:

Су тобы:                  «Су өсімдіктердің нәрі»

Шарты: Кассетада гүлдің тұқымын отырғызып, топырақты сумен нәрлендіру.

Кері байланыс.  «Жас эколог»

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *