Балабақшадағы тәрбиелеу процесінде ойын өткізу бағыттары

Досаналина Кунслу Ертаевна

Нәтижеге бағытталған білім берудегі кәсіби құзыреттілік (іс тәжірибесінен).

Балабақшадағы тәрбиелеуде ойын өткізу бағыттары.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты болу, ол – жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу, ой – өрісін, сана – сезімін кеңейте, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету.
Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар, үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызды қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді баулу алдымен ойын үстінде жүргізіледі. Ойынның барысында бала жан – жақты тәрбие алады, табиғи әрекет, көптеген мағлұмат береді.
Балалық шақ – бұл қызықты ел. Бұл елде бәрі болады. Әл сіз қорғаны жоқта мықты қайратты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызғылықты болып шығады. Бұл елде әр бала өзінің жаман қылықтарын жеңе біледі, айналасын өте әдемі, таңғаларлықтай ашық қызықты қылады. «Менімен ойнашы» деген біз жиі естиміз балалардан. Біз ойнауға келісім берген кезде бір минут қасқыр, дәрігер. Дүкенші болып ойнасақ бала қуанып қалады.
Балалар қиялдау арқылы түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой – қиялы, елестетуі шарықтайды. Тәрбиелейтін және дамытатын ойындарды ұмытпаған жөн, бұл ойындар баланың өмірін сақтайды. Әдемі, ақылды, дені сау баланы көру, қасында болу біздің әрқайсымыздың арманымыз.
Бала өмірінің алғашқы алты – жеті жылы оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бұл кезде ақыл – ой қабілеті, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Баланың адам ретінде қалыптасуының осы жақтары қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек ойын процесінде тәрбиеленеді.

Ойын – тәрбиелеудегі ең тізімді амалдардың бірі. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысын үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан басталады.
Үлкендер көбіне ойланбаймыз нені, қашан, қалай, қанша уақыт баламен жұмыс жасауға, оларды жылдам заттардың бәріне себеп болатын – ойын.
Ойын – бұл жақсы тәрбиеші. Ойынның арқасында жан – жағын қоршаған ел балаға қостаушы болып табылады. Ең негізі мектеп жасына дейінгі бала ескірлі, белсенді, ой, түсінігі мол болу қажет. Мектепте ол жақсы оқиды егер өзінің тәртібін басқара білсе, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, осы сапарлар қажет. Бірінші мақсат осы сапарды баланың бойында дамытуымыз қажет. Ең тиімдісі ойын – сабақтар ұйымдастыру балаға қызықты. Ойын – тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез – құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттерді қалыптасады. Ойындар тәрбиешінің көмегімен әр түрлі қызмет бабында қолданылады.
Президенттің елге арнауында Қазақстан халқына айтылған: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынталандыру, мына ыңғайға бағытталған, әр қайсымыз дене шынықтыру жаттығуларымен жұмыс жасаумыз керек. Біздің стратегиямыз күресу жөнінде және денсаулықты нығайту жаны сау адамның өмірге құштарлығы да, еңбекке ынтасы да зор. Біз педагогтар осы бағдарламаға сүйене отырып Қазақстан – 2030 жылы балалардың денсаулығын нығайту жөнінде қимылды ойындарды қоса үлкен жұмыс жүргізу».

Қимылды ойындар – балалардың дене қимылдарының (ептілік, шапшаңдылық, төзімділік) жетілдіруін кеңістікті бағдарлай білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды кенінен пайдалану қажет. Бірінші ойындар арасында ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз, аттракциондар. Сюжетті ойындарға тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік, құрылыс табиғи материалдағы ойындар, ойын – сауықтар жатады. Ойнаушылардың іс – әрекеті бір – бірімен тығыз байланыста.
Мысалы: «Жапалақтар және қарлығаш», «Көбелектер мен гүлдер», «Алтын қақпа».
Ойын: «Алтын қақпа» (ойнау).

Сюжетсіз ойындарда іс – әрекет сюжетті ойнатылуымен байланыспаған. Олар қимыл қозғалыс негізінде жүргізіледі. Сюжетсіз ойындар көп түрге бөлінеді, соның ішінде қуыспақ, жасырынбақ, ойындар. Олар сюжеттік ойынға жақын, тек бейне ұқсастығы жоқ, жарыс түрінде жеке және топтасып, командаға бөлініп («Затты алмастыру», «Бәйге», «Күміс алу») эстафета және ойындар түрлі заттармен «орамалың», «доп», «резинка».

Аттракцион ойындарында жарыс түрінде жүргізіледі «Көңілді аспазшылар», «Жүргізуші».
Барлық ойындар балалардың қимыл – қозғалыс әрекетін өсіруге бағытталған. Егер бала ертеңгілік жасауға ерінсе, онда тәрбиеші онымен ойын ойнап жіберуге болады. Ал бала болса бұл ойын жаттығуды қуана қабылдайды.

Мысалы: «Жаңа қуыршақ» ойын жаттығу (5 – 7 жас). Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту үлкен жәрдем беретін музыкалық – ритмитикалық ойындар.
Мысалы: «Алалама» осы сергітуді жасайық.
Балалардың көп уақыт сабақ алады. Ойын ретінде оқытуда көптеген дидактикалық ойындар әртүрлі сипаттағы (лото, домино, мозайка, т. б.) ұйымдастырып осыларды ойнай білуін қалыптастыру.

Мысалы: «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», т. б балаларды заттың пішінін, ойлау қабілетін, логикалық ойларын жетілдіреді және геометриялық пішіндер мен оның түр – түсімен таныстырады. Сонымен қатар оқыту процесінде (ештеңеден ойындар) қолдануға болады. Барлық ойыншықтарды сатып алу мүмкін емес, сондықтан балалармен бірге, кезекті ойын құралдарын дайындауға болады, бізді қоршаған ортаны айтып.
Бидайдан ойын (Золушка), жапырақтан (Алақан) ойыны, ілгек пен жіптен (Карусель) ойыны.
Ойынды көне открытка, қорап, газеттерден жасауға болады.
Ең негізгі роль балаларды оқытуда дамытушылық ойындар, есте сақтау, РТВ ойындары.
Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы шеңбер», «Не артық?», «Егіздер», «Төртбұрышты жина». Сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады.
Мысалы: «Попугай», «Жоғалған әріп», т. б.
Ойын – оқыту, өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиелейді. Көпшілік адамдар арасында өмір сүру, айналасына қайырымды болуға, адал, қиналған кезде қол ұшын, жәрдем беруге тәрбиелеу. Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, қиын жағдайда жәрдем беруге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге осының бәрі тәрбиеге, сыйластыққа жатады, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға (Не жақсы, не жаман) екенін айыра білуге сахналық ойын пайдалануға болады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *