Оқушы білімін критериалды бағалаудың ескі жүйеден артықшылығы неде?

Арыстан Меңсұлу Серікқызы

Оқушыларды бағалаудың жаңа критериалды жүйесі мен жұмыс істеу заман талабына сай 2016-2017 оқу жылындағы  оқу бағдарламасына енгізіліп жүзеге асырылған болатын.Енді биылғы 2017-2018 оқу жылында да бағдарлама бойынша оқушы білімін  қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен бағалап жатырмыз,яғни жаңа бағдарлама1,2,5,7 сыныптарда жүзеге асырылып жатыр.Алдағы 2019-2010 жылдарға  қарай еліміздің барлық мектептерін де 1-12 сынып оқушылары осы жаңа жүйеге көшіру жоспарланған болатын.

Критериалды бағалаудың негізі пайдасы-оқушылар баға үшін оқымай ,оқу мақсатына қол жеткізуге білім алуға,білімді игеруге ұмтылады.Ең маңыздысы оқушылар күнделікті сабақта қателесуден қорықпайды, шығаршмашылық қабілеттері шыңдалады,өз бетінше жұмыс істеуге талпынады.Мысалы 7 сынып оқушылары өз пәнім тарих сабағында «Түрік қағанаты» деген тақырыпта түріктердің  жеке қағанат болғанын, билеушісін, қалай дамығанын,ішкі және сыртқы саясатын,әлеуметтік құрылымын  білуі тиіс.Оқушылар осындай білімді меңгеру үшін бірнеше әдіс –тәсілдер мен орындалатын тапсырмаларды орындай отырып қол жеткізеді.Бір-біріне сұрақ қояды, талқылайды, пікірлеседі,  қорытынды  шығарады.Сабақ соңында қалыптастырушы бағасын алады.Мұндай оқу форматында оқушы белсенді шығармашылықпен айналысады.Оқушы өз-өзін дамытуға талпынып,білгенін тәжірибе жүзінде пайдаланудан қорықпаса,ойын еркін жеткізе білсе өмірге тез бейімделеді.Жаңа бағдарлама бойынша  бағалау жиынтық және қалыптастырушы бағалау деп екіге бөлінген.Алғашқы  оқушының белгілі бір кезеңде (тарау,тоқсан,жылдық ) білімін меңгергенін  анықтап бағалайды.Қалыптастырушы бағалау тұрақты түрде жүргізіледі және оған ешқандай баға қойылмайды.Сондықтан да оқушылар күнделікті  сабақта  қате жіберуден қорықпайды,алаңдауға, мазасыздануға  негіз жоқ керісінше  шығармашылық  қабілеті ашылады.Бағалаудың түрлі тәсілін қолданамыз, ол оқушының өз бетінше әрекет  етуіне  көмектеседі,топпен  жұмыс істеуге  баулиды және бір-біріне  көмектесуге баулиды.Жаңа әдістер  бойынша оқушылар өзі ғана емес  бір-бірінде бағалайды.Сыныптастарының бағалауы ұсыныс  сияқты болады. Бұл сынды дұрыс қабылдауға үйретеді . Сонымен  қорытындылай  келе жаңа әдіс- тәсілдер  мен жаңа оқу бағдарламасы жүйелі түрде  оқытылып  мұғалім мен оқушы арасындағы  байланыс жақсы  болса нәтижесі болады деген ойдамын.

Қазакстан Республикасының білімді азаматтары мен азаматшалары жаңа білім нәрімен нәрленіп,еліміздің абыройын асқақтатып биікке көтеріп , патриоттық сезіммен ел-жерімізді айта жүрсе  нұр үстіне нұр болар еді. Болашаққа жол бастау , жаңа ұрпақ тәрбиесі  жаңа білімнің нәрімен сусындаған білімді де білікті жаңашыл ұстаздың қолында.Болашақ жас ұрпақтың қолында десек ,сол болашақты меңгеріп кетуге ат салысатын біздер яғни ұстаздар қауымы. «Бар жақсылық бір өзіңнен басталады »десем ,артық айтпаған болармын, өйткені әр шәкірттің жетістігі  ұстаздың еңбегі. Сондықтан ұстаздар еңбегі бағаланып,алдағы уақыттарда жетістіктері көп болғай дей отырып келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтауды жөн көрдім.Еңбектеріңіз жан берсін,шығармашылық жетістіктеріңіз көп болсын әрдақты ұстаздар қауымы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *